Меню
Назад » » »
Абайды білмек парыз ойлы жасқа
загрузка...

загрузка...
Орынбасарова Гүлжахан,
№2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Абайды білмек парыз ойлы жасқа

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Абай өскен ортаның әлеуметтік-саяси жағдайын түсіндіріп, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы терең мәлімет беру.Абайды жан-жақты таныту.
Міндеттері: білімдік-Абай өлеңдерінің идеялық мақсат-міндеттерін терең талдап көрсету арқылы оқушылардың өмірге деген нық көзқарасын қалыптастыруға күш салу.дамытушылық-есте сақтау қабілетін қалыптастыра отырып,оқушының ой-өрісін дамыту және жүйелі сөйлеуге дағдыландыру,шығармашылық ізденісін дамыту.тәрбиелік-білім мен ғылымды насихаттау,өзінің ішкі әлеміне үңілуіне және сол арқылы адами қасиеттерді жетілдіруге тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді игерту сабағы. Әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы,ассоциация, топтық жұмыс,еркін талқылау,Б.Блум жүйесі бойынша таксономия сұрақтары,тест,сергіту.
Көрнектілігі: оқулықтар, слайдтар, ақын суреті, Абайдың әндері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру жұмысы.
Оқушыларды сабаққа даярлау.
ІІ.Қызығушылықты ояту.
А) Өлең шумақтарын тыңда,авторын ата:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Пайдасын көре тұра тексермедім,
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Абай. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ барды ,ертегіні термек үшін.
Көкірегі, сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін
Абай. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
.

Ә) Ассоциация құру әдісі.
Өлді деуге бола ма,айтыңдаршы,өлмейтұғын артына сөз қалдырған деп өзі айтқандай өлеңмен ой өрнектеген, әрбір өлеңі соңғыға мұра болған сөнбес шырақтай болып қалған ұлы Абай сөз өнерін жоғары бағалаған.Абайдың әрбір өлеңі мен сөзі адамзаттың өмір өлшемі,бағдар бағыты жүрер жолы сияқты. Жыраулар толғауында айтылғандай, өмірде не өлмейді,не өшпейді дегенге келсек, жақсының аты,ғалымның хаты өлмейді екен. Олай болса,сабағымыздың тақырыбы: Абайды білмек парыз ойлы жасқа. А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналады.
Сабағымыздың дәйексөзі: «Абайды тани алмаған қазақ дүниені де танып жарытпайды». Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ІІІ.Мағынаны таны. Топтық жұмыс:
А) Оқушылардың өзіндік біліміне сүйене отырып,Абай өмірі мен шығармашылығын баяндау.
Жоспар:1-топ: Ізденіс жолында, 2-топ:Абай аудармалары, 3-топ:Өмір сабақтары-философиялық түйін, 4-топ:Дүние де өзі,мал да өзі, 5-топ:Құлақтан кіріп бойды алар, 6-топ:Әсемпаз болма әрнеге.

Сергіту кезеңі « Жүрек» ойыны.
Ә) Еркін талқылау әдісі.
Абай айтқан асылдар.Абай өлеңдерін жатқа айту және оқу. Өлеңнің тақырыбы,жазылу кезеңі,өлеңнің идеясы туралы оқушылардың өзіндік пікірі.
1-топ. «Қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай», 2-топ талдайды.
3-топ. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңнің жатқа айтады,4-топ талдайды.
Б) Б.Блум жүйесі бойынша таксономия сұрақтары.
5-6 топтар 19-қарасөзін оқиды,оқушылар шығармашылық сұрақ негізінде өзіндік пікірін айтады.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп көріп,ұстап,татып ескерсе-дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады. Әрбір естелік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп,білген жақсы нәрселерді ескерсе,жаман дегеннен сақтанса,сонда іске жарайды,сонда адам десе болады».
Шығармашылық сұрақ:
Егер адам ................... болса,қандай адам болар еді?
Қорытындылау: Абай әлемін бүкіл әлемге таратушы кемеңгер М.Әуезов «Абай-терең теңіз,алып мұхит... Ал мен оның бетін ғана қалқыдым» деген екен. Біз де сол тереңнен дәм таттық.Абайды оқудан ешқашан жалықпайық.
Рефлексия.Тест тапсырмасы.
10 сұрақтан тұрады. Орындалу барысы жұпты тексеру арқылы жүргізіледі.
Жауабы,бағалау өлшемі экран арқылы көрсетіледі
(Оқушылардан сұрау арқылы нәтижесі шығарылады).
Оқушылар білімі (оқушылардың сабаққа қатысым деңгейіне қарай бағаланады).
Үйге тапсырма: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. «Абаймен сырласу» атты тақырыпта ойтолғау жазу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Абайды білмек парыз ойлы жасқа можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 273 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar