Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абайдың өмірі мен шығармалары -

Абайдың өмірі мен шығармалары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1428 | Размер: | Автор: гость
. Сыныбы: 7-Б
Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі мен шығармалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абайдың өмір жолынан мәлімет беру. Абайдың мұрасы-қазақтың ең қасиетті қазынасы екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Абайды жан-жақты тереңірек оқып, білімін толықтыруға, ізденушілікке, зерттеушілікке ықпал
бағыт беру.
Тәрбиелік: Қазақтың біртуар ұлы Абай атаға деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату. Абай шығармашылығын оқи отырып халықтың педагогика үлгісінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, ойды топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, суреттер, өлеңдер жинағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1.Оқушылармен амандасып, сабаққа назарын аудару.
2.Психологиялық дайындық:
Оқушылар шаттық шеңберін жасап, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Сабақтың ережесі: белсенді қатысу, тыныштық сақтау, бір-бірін тыңдау, ойын ашық айту, бір-бірін сынамау, ынтымақтылық.
ІІ Қызығушылықты ояту. Экранда тәуелсіздік әні.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазіргі қолымыз жеткен ел егемендігін ұлы ұстазымыз Абай қалай аңсағанын , оны қалай зарыға күткенін шығармаларынан айқын аңғаруға болады.
«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деген сөзі ақынның өз жұртының тәуелсіздігін армандауынан туса керек. Олай болса Абай өмір сүрген кезеңге көз жіберейік.
• Сахналық көрініс.
Ортада Абай: Болашаққа өсиет айтып тұрған кейіпте.
1-оқушы:
Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
2-оқушы:
Адамгершілік пен арлылық, махабат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
3-оқушы: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
4-оқушы:
Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп он сегіз мың ғаламның құпиясы туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрап, бағалау.
Оқушылармен сұрақ жауап өткізу
Слайд
Абай Құнанбайұлының өмір тарихының тізбесі тақтада көрсетілген хронологиялық тәртіп бойынша ауызша толтырамыз.
Хронологиялық кестенің жауабын интербелсенді тақтада ашып,оқушылар әзірлеп келген жауаптарын ауызша айтады, қажет болса толықтырамын.

1845-ж. 10 тамызда Семей облысындағы Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Анасы Ұлжан мен кіші шешесі Айғыздың арасында «Телғара» атанып өсті.
1855-1857ж. Ауыл молдасынан сауат ашты.
1857-1859 ж. Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды.
1889 ж. 25ке жуық өлең шығарды.
1890-1898ж. Қара сөздерін жазды.
1899 ж. Абайдың өлеңдері көбейді.
1903ж. Өлеңдері мүлде жазылмай қалады.
1904ж. 14 мамырда Мағауия қайтыс болды.
Осы жылы 23-маусымда Мағауия өлімінің қайғысын көтере алмай 40-күні өзі де 59 жасында қайтыс болды. Абайдың сүйегі Жидебайға жерленді, 40 күннен соң 3-тамызда ұлы Ақылбай да дүние салды.
Жаңа сабақ:
Абайды кім деп танимыз?
Топтастыру әдіс

Абай өлеңдеріне тоқталайық.

«Қыс»

Абайдың ұлы ақын болуының бір сыры сурет салып оған жан бітіруінде. “Қыс” деп аталатын өлеңін бір шумағын есімізге түсірейік …

«Ғылым таппай мақтанба»
«Желсіз түнде жарық ай»
«Өлең сөздің патшасы»

Шығармаларына тоқталайық
1890-1898 жыл қара сөздерін жазады.
Қара сөздер 45 сөзден тұрады.
Қара сөз дегеніміз – ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қара сөзбен жазылған еңбек.
Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Сол Абай қара сөздерінің бірі «Он жетінші қара сөзі»не тоқталамыз.
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол – менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті. Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» – депті. Онан соң жүрек айтыпты: «Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» – депті. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, – деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.
Ғылым:
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне,
Махабатпен енсеңіз.
Қайрат:
Тоқтаулылық талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл:
Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Жүрек:
Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден керек.
Балалар, ғылым дегеніміз не? Ғылымға жету үшін сен қандай болуың керек?
Абстракты ұғым.
Ғылым:
Білімнің жетегіне жетер шың
Тереңдей зерттеп, шығар шың
Жан-жақты ізденетін ізгілік
Оқушылар он жетінші қарасөзді сахналайды.
Абайдың «Он жетінші қарасөзінде» қайрат, ақыл, жүрек өз өнерлерін ортаға салып таласыпты.
Пысықтау:
Сөздікпен жұмыс
Ғибадат, нәфсі, абұйыр, ахирет сөздерінің анықтамасын түсіндірме сөздіктен тауып, сөздік дәптерлеріне жаздыру.
Ал енді Абай ағамыздың сазгерлігін дәлелдеу үшін әндерін кімдер орындап бере алады?
«Көзімнің қарасы» әні орындалады
Үйге тапсырма
Шығармашылық тапсырма.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
Қосымша 1,6,8 қара сөздерін оқу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.