Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абайдың он жетінші қарасөзі -

Абайдың он жетінші қарасөзі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1418 | Размер: | Автор: гость
. Сабақ жоспары

САБАҚ: №23 МЕКТЕП: « №7 орта мектеп» МКМ
Күні: 08.12.2015 Мұғалімнің есімі: Султанбекова Ш.С
СЫНЫП: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Абайдың он жетінші қарасөзі
Сабақ негізделген оқу мақсаты Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы оқушыларға ақыл, қайрат, жүрек, ғылымының адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми-философияның ойды түсінулерін;
Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтіннен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу;

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Ынтымақтастық атмосферасын құрады. Өз пікірлерін еркін айтуға бейімделеді.Өз-өзін бағалау жүйесі қалыптасады
Оқушылардың басым бөлігі:
Қарасөздердің мағынасын аша алады
Кейбір оқушылар:
Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы жайлы құнды мәліметтер тауып, қосымша деректерді айта алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
• Жаңа тақырыптың мазмұнын өз бетімен аша алады, салыстыра біледі,талдай алады,ой қорытуға бейімделеді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Абай өмірі, ақын шығармашылығы, «Қазақтың бас ақыны»,ғақлия сөздері, назирағөйлік өлең. т.б
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: (сөздік қорын дамыту),әдеби сөздер, сөздікпен жұмыс, тұрақты тіркестер, теңеулер
Талқылауға арналған тармақтар:
Абай өмірінің кезеңдері қандай?
Абай шығармашылығының ерекшелігі неде?
Абай келер ұрпаққа қандай аманат қалдырды?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Абай өміріне хранологиялық кестені сәйкестендіру
Алдыңғы оқу
Білу
Өздері ізденіп, Абай өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша мәліметтер тауып келу.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер жазыңыз) Бағалау Ресурстар
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті
Сабақтың басталуы
Ұйымдастыру:
3минут

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, үй тапсырмасын сұрау

Оқытушы сөзі: Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы өткен сабақтарда не білдік, соған мына суреттер мен сандарға сүйене отырып, шолу жасап кетейік.

Шығармашылық тапсырма «Ізденіс жұмысы» 1-тапсырма «Жылдар сөйлейді» ойыны
(Слайд арқылы берілген жылдар бойынша Абай өміріне қатысты мәлімет айту)
1845 жыл 10 тамыз
1855 жыл
1858 жыл
1876-1878 жылдары
1882 жыл
1891 жыл
1904 жыл
1909 жыл

Абай өміріне қосымша деректер
Слайд арқылы таныстыру
Бақылау

Хетти 2009,
Еллиот 1991, Джон Б.Уотсон, Эдвард Л.Торндайк, Мишра, Кёлер2006, Александер-2001
Сабақтың ортасы
4минут

Түсіну
6 минут

Талдау
7 минут

Тақырыпты ашу


Постермен жұмыс
Постерге берілген тақырыптарды қорғайды

І топ «Ақыл»

ІІ топ «Қайрат»

ІІІ топ «Жүрек»
ІҮ топ «Ғылым»

1.Қасиеті
2. Ерекшелігі
3. Өмірге қажеттілігі
4.Бүгінгі таңда маңыздылығы
5.Абай шығармаларындағы өлең жолы АКТ-да көрсетілген видеоны көре отырып ,
17 қарасөзін тыңдайды, сөздік жұмысын жүргізеді.

«Ой қозғау» сәті:
Абай шығармаларындағы ақыл,жүрек,ғылым,қайрат туралы өлең жолдарын жатқа айтқызу.
Бақылау

От шашу

Бағалау парағын
Толтыру
1 балдық жүйе https://e.edu.kz/ru/
e-Learning
Кітапханасы
Сабақтың аяқталуы
Жинақтау/қолдану баға беру
20 минут 3 тапсырма «Ойлан, тап!»
Халық арасында мақал, нақыл сөз болып қалған Абай сөздерінің жалғасын тап.
1. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық .......... (Аздырар адам баласын)
2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)
3. Талап, еңбек, терең ой ... (Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)
4. Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)
5. Еңбек етсең ерінбей, ..............(Тояды қарның тіленбей)
6. Ұстаздық еткен жалықпас, ............(Үйретуден балаға)
7. Пайда ойлама, ар ойла, ..........(Талап қыл артық білуге)
8. Атымды адам қойған соң, ............(Қайтіп надан болайын)
9. Досы жоқпен сырлас, .................. (Досы көппен сыйлас)
10. Сен де бір кірпіш дүниеге, ..............(Кетігін тап та, бар қалан)
11. Жаман дос - көлеңке, ..............
(Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,
Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың)
12. Толғауы тоқсан қызыл тіл ......................(Сөйлеймін десең өзің біл)
13. Ойын – арзан, ...............(күлкі қымбат)
14. Қайратсыз ашу - тұл, ...........
Тұрлаусыз ғашық - тұл,
Шәкіртсіз ғалым - тұл.

4-тапсырма
Тест орындау Оқушылар топтаманы толтырып тексереді

Кесте толтырады

Он жетінші қарасөз
Тақырыбы: Адам бойындағы адамдық қасиеттер.
Идеясы: ізгілікке, ғылымды меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу, адам бойынан жақсы қасиеттерінің табылуы; осы үшеуі де адам бойынан табылса, сол қасиетті адам.
Жанры: Көркем әдебиет;мақала, қара сөзбен жазылған еңбек.
Лексикалық сөз қолданысы Ғақлия, ғибадат, мәдмәладқа жету, ахирет, нәпсі, үлкеннен ұят сақтап жаманшылықтан жирену.
Тартыс: үшеуінің тартысы.
Шешім: Ғылымның жүректі жақтауы.
Ғибрат: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста
Сонда ғана боларсың елден бөлек.

Порталдан тест орындайды

Табыс критерийі

https://e.edu.kz/ru/
e-Learning
Кітапханасы
Кері байланыс
5 минут
Еркін жазу стратегиясы: 5 минут.
Абай шығармасы несімен құнды.
Кейінгі тапсырмалар
«Абай әлемі-терең, аспалы биік»тақырыбына ойтолғау жазу

 Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлу:
 Өмірбаяндық: 1 - сөз.
 Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
 Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
 Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
 Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
 Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
 Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.
 Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.
 Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.
 Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.
 Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз.
 Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37 – сөз.

«Ой қозғау» сәті:
Абай шығармаларындағы ақыл,жүрек,ғылым,қайрат туралы өлең жолдарын жатқа айтқызу.

1.Ақыл, қайрат,жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласын елден ерек.
2.Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба.
3.Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
4.Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Асау жүрек аяғын шалыс басқан,
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
5.Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
6.Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
7.Мал да бар жан мен тән,

Ақыл,сезім болмаса,
Тіршіліктің несі сән,
Тереңге бет қоймаса.
8. Мұңмен шыққан оралған тәтті күйге,
Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?
9.Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
10. Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға.

- Неге Абай адамның көп қасиеттері ішінен қайрат , ақыл , жүрек үшеуін ғана таңдап алған ?
1- Слайд
« Ақыл , қайрат , жүректі бірдей ұста ,
Сонда толық боласың елден ерек»
2- Слайд ( Ұлы Абайдың мынандай сөзі бар . )
« Адам баласы адам баласынан ақыл , ғылым , ар , мінез деген нәрселермен озбақ . Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық»
« Нұрлы ақыл , ыстық қайрат және оларға әмірі жүретін жылы жүрек бір кісіден табылса , онда ол «қасиетті адам» болмақ .»
- Осының бәрін үйрететін не ? ( ғылым)
- Топпен жұмыс ( Әр топ өз кейіпкер жобасын( моделін) жасайды)
І топ – « қайрат» ІІ топ – « ақыл» ІІІ топ – « жүрек»
ІУ топ – адамға тиетін кеселдерді топтастырады.
3- Слайд ( Әр топ өз кейіпкер моделін талдап болған соң , қасиеттерін « Кемел адам» моделіне енгізеді . )

- Абайдың ( үй тапсырмасы ) « Әбдірахман өлгенде» өлеңін жатқа сұрау . Әбіш бейнесін айтқызу . Ақын Абай Әбіш бейнесі арқылы нені армандады , меңзеді , айтпақ ойы не болды? Ер бала қандай болу керек ? ( Ер бала тәрбиесі , ер бала бейнесі )
- Әбіштің адамгершілік қасиеттерін « кемел адам» бейнесіне енгізейік .
- « Кемел адам» бейнесін толық шығарып , оқу . Осы «кемел адам» моделінен өзіңе керегі бар ма ? Өзіңе қандай сипаттарын енгізер едің ?
« Мен» моделіне өзіне керектісін керектісін жаздырту . ( Дәптер- мен жұмыс )
Қорытынды
Сонымен Абайдың 17- қарасөзінен керегімізге жарарын таптық па ?
« Қарасөз» моделі бойынша сабақты қорытындалау .
17- қарасөздің мәселесі – адамдыққа үйрету ; түрі – айтыс , талас түрінде ; мақсаты – өсиет , ғибрат қалдыру .
Елбасымыз Н. Назарбаев « Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз . Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» - деген .

( Қосымшада сабақтың презентациясы, топтар бойынша үлестірілетін сызбалар берілген )
Қосымша -1
Топтар бойынша таратылатын сызбалар
І топ « Қайрат» тобы ( Қайрат қасиеттерін топтастыру )

ІІ топ «Ақыл» тобы (Ақыл қасиеттерін топтастыру )

ІІІ топ « Жүрек» тобы ( Жүрек қасиеттерін топтастыру )

ІУ топ «Ғылым» тобы ( адамға тиетін кеселдерді топтастыру )



Он жетінші қарасөз
Тақырыбы:
Идеясы:
Жанры:
Лексикалық сөз қолданысы:
Тартыс:
Шешім:
Ғибрат:

Он жетінші қарасөз
Тақырыбы:
Идеясы:
Жанры:
Лексикалық сөз қолданысы:
Тартыс:
Шешім:
Ғибрат:

Сәйкестендіріңіз.
Ақыл Қайрат Ғылым Жүрек
Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам – сол.




Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ.




Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе?




Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады?




Сатылай талда
Он жетінші қарасөз
Тақырыбы:
Идеясы:
Жанры:
Лексикалық сөз қолданысы:
Тартыс:
Шешім:
Ғибрат:

Үлестірмелі топтамалар

1.Сипаты: Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы,ақын,ойшыл
2.Хронологиясы 1845 жыл 22 тамыз 1904жыл
3.Туған жері: Семей облысы,Шығыстау өңірі(қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы,Қасқабұлақ жайлауында)
4.Шыққан тегі:
4.1 Кішік-Әйтек-Олжабай-Қайдос-Ырғызбай-Өскенбай-Құнанбай
Әкесі Құнанбай-тобықты руының старшыны –Қажы(мешіт)- Ескітам»
Анасы- Ұлжан Қаракесектің бошан руынан,Бертік бидің тұқымы Әжесі-Зере(Тоқбала)
5.Толық аты: Ибраһим (Абай деп анасы атаған)
6.Білім жолы
6.1.Алғаш ауыл молдасы Ғабитханнан білім алды. «Ескітам»медресінде
6.2. Семейдегі Ахмед Риза медресесі(13жасқа дейін)-араб,парсы тілін меңгерді-«Приходская школа»(3ай)-орысша сауатын ашты-шығыс әдебиетімен танысты.(Низами,Фирдоуси,әл-Фараби,Науаи шығармалары)
6.3 Әкесі ел басқару ісіне араластыру үшін елге алып келеді.
6.4 Білімін өз бетінше жалғастырады.Семейдегі қоғамдық кітапханадан азаттық қозғалысының өкілдері-орыс классиктерініңшығармаларымен танысады,дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді
6.5 Алғаш өлеңді 10 жасында жазған. «Кім екен деп келіп ем дүние қуған» Ақындыққа 30 жасында ден қойған. Өлеңдерін Көкпай Жанатаев атымен жариялаған.Өз атымен 1886ж. «Жаз» өлеңін алғаш жариялаған.
7.Еңбектері 7.1 Негізгі тақырыбы:өнер-білімге,ғылымға шақырады.
Лирикалары→ саяси-әлеуметтік
→табиғат
→философиялық
→ махаббат,достық
→көңіл-күй оқу-ғылым,өнер
7.2 Аудармалары 50-ден асады-ең ірісі Лермонтов «Бородино» (Крылов,Толстой,Байрон,Гете т.б шығармаларын аударған)
7.3 Қарасөздері – 45 -46-шы тарихи очерк(1890-1898)
7.4 Әндері- “Желсіз түнде жарық ай”,“ Сегіз аяқ”, Айттым сәлем Қаламқас т.б 27 әнінің 36 нұсқасы нотаға түсірілген.
7.5 Күйлері: “ Торжорға”, “Желдірме”, “Май түні”
7.6 Қылмыстық істерге қарсы заңдар жинағы(1885ж.мамыр)
8.Тарихтағы орны қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы,қазақты әлемге танытушы
9.Ерекшелігі:
9.1Айналасына қарадан шыққан қазақ жастарын топтастырды.
9.2 Орыс халқын отаршылдардан ажырата білді-достық, туыс- қандық жаршысы-Ресей-Абай жылы(2006)
9.3 Семей облыстық статистика комитетінің мүшесі(1884)
9.4 Шыңғыс болысын 9 жыл билеген.



Тест
1-тапсырма.Дұрыс жауабын таңдаңыз.
Шығыс әдебиетіндегі белгілі сюжетті жарыса жырлау дәстүрі –
А) Назирагөйлік
Ә) Мәснауи
Б)Ғазләл
В)Қасида
2-тапсырма.Дұрыс, бұрысын белгілеңіз.
Абай мектебінің өнерлі жастары, Абай шәкірттері: √

дұрыс бұрыс
Ақылбай


Оразалы


Мағауия


Шәкәрім


Кәкітай


Шөже


Майбасар


Тұрағұл


Көкбай


Мұхамеджан


3-тапсырма.Дұрыс жауабын белгілеңіз.
Абай Семейде ............ медресесінде оқыған.
А) Ахмет Риза
Ә) Ақшемседдин
Б)Ғалия

4.Абай жазысқан заңдар ережесі –
A) «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы»
cool «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесі»
C) «Сібір қазақтарының Ережесі»
D) «Жеті жарғы»
5.Абай Құнанбайұлының поэмалары –
A) «Ескендір», «Масғұт»
cool «Құралай сұлу», «Ақбөпе»
C) «Гүлқашима», «Топжарған»
D) «Адасқан өмір», «Кім жазықты»
6.Философиялық трактаттар стилінде жазылған Абай шығармасы –
A) Ғақлия (қарасөздер)
cool «Сенатқа хат»
C) «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы»
D) «Теректің сыйы», «Шайтан»
7.Абайдың азан шақырып қойған есімі – A) Ибраһим cool Абай C) Абылай D) Ыбырай
8.Абайдың өлеңдерін тақырыпқа реттеп, кітапқа суреті мен түсініктеме жазып, тұңғыш баспаға даярлап шығартқан –
A) І.Жансүгіров
cool К.Ысқақұлы
C) Н.Төреқұлов
D) М.Әуезов
9.Абайтанудың негізін қалаған ғалымдар –
A) М.Әуезов, Қ.Мұқаметханов, М.Мырзахметов
cool С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, С.Бегалин
C) Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, С.Қирабаев
D) Б.Кенжебаев, Б.Ыбырайым, Т.Кәкішев
10. «Қазақтың бас ақыны» мақаласының авторы –
A) М.Дулатов
cool А.Байтұрсынов
C) Н.Төреқұлов
D) Б.Күлеев
11. Абай өз өлеңдерін алғаш қай ақынның атымен таратқанын көрсетіңіз.
A) Байкөкшенің
cool Барластың
C) Кемпірбайдың
D) Көкбайдың
12.1876-1878 жылдары Абай Құнанбайұлы болыс болған ел –
A) Қоңыр Көкше
cool Көкпекті
C) Құсмұрын
13.Абай жақын араласқан орыс демократтары –
A) Г.Н.Потанин, С.Ф.Дуров
cool В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов, Ф.М.Достоевский
C) Е.П.Михаэлис, Н.И.Долгополов, А.А.Леонтьев
D) В.В.Григоьев, В.П.Василев

І топ «Зерттеушілер» тобы Постерге қорғау материалдары
І топ «Абай өмірі,шыққан тегі,ортасы,достары» Абай өмір сүрген кезең
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Шыққан ортасы – бай, Тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай болыс, аға сұлтан.
Құнанбайдан Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен – ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, ертегі аңыздарды құмарта тыңдайды.Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі аңыздар – Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.
Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайды әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабул – Жаппардың, кейін Ахмет – Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік оқыған мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақытын кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды.
Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен қатар, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысша да оқыған, он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, өз қасына алады да, ел билеу ісіне баули бастайды. Ел басқару қызметінде өз орнымды басар ұлым осы ғой деген оймен Абайға әр түрлі жол көрсетіп, тәрбиелейді.
Ел ісіне араласу білімді, саналы, ойлы жас Абайдың ел танып, жер танып есеюіне, халықтың әдеп – ғұрып, тұрмыс – салтын терең танып білуіне жол ашады. Әкесіне ере жүріп, ол сол кездегі шешен билердің ортасына түседі. Бұл жол Абайды халықпен жақындастырады. Ол ескі көп әңгімелерді халық ішінде үйренеді. Сол әңгіме – жырлардағы елдің зарын, мұңын, әкімдер қиянатынан көрген зәбірді, ел ақындарының атқамінерлер жайындағы сынын көп естиді. Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:
• Феодалдық – патриархалдық құрылыстың шырмауында болатын;
• Рулық құрылыс ыдырамады;
• Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;
• Қоғамдық ахуал шиеленсті;
• Халықтың күйі нашарлап кетті;
• Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған
• Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре білді;
ІІ топ «Сарапшылар» тобы Постерге қорғау материалдары ІІ топ «Абай шығармашылығы»60 – жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап дамытады, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады.
Қысқы айларда қалада ұзақ жатып, кітапханада отырып оқитын болды. Сөйтіп жүріп ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас төңкерісшіл Е.П.Михаэлиспен кездеседі.
Абай орыс әдебиетінің классиктері Пушкин, Лермонтов, Салтыков – Щедрин, Некрасов, Толстой шығармаларын, Белинский, Герцен, Чернышовский, Добролюбов сияқты революцияшыл – демократтардың еңбектерін оқиды.
1882 жылы «Қан сонарда бүркітші шығады аңға» және Лермонтовтан аударған «Борадино» өлеңдері көркем туындылар.
Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім». 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазады. «Қалың елім,қазағым», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». /1887ж/
«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» /1888ж/ «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» /1889ж/ Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған тағы бір үлгісі – «табиғат лирикасы». Табиғат – адам баласының еңбек етіп өмір сүретін ортасы.
Абайдың табиғат лирикасын суреттейтін тұңғыш өлеңі «Жаз» /1886ж/, «Қыс» /1888ж/ «Күз», «Қараша желтоқсанмен сол бір – екі ай» /1889ж/ «Жазғытұры» /1890ж/ өлеңдері.
Абай аудармалары: А.С.Пушкиннен «Татьянаның қырдағы әні».
Абай Лермонтовтан 27 шығарма аударды. Абай Крыловтан мысал өлеңдер аударды. Абайдың «Бойы бұлғаң», «Өлсем орным қара жер», «Құлақтан кіріп бойды алар». Абай — өзі ән шығарған ақын. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған. «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» т.б. с.с. «Қараңғ түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты» тәрізді аудармалары да халық арасына ән болып тараған.
Абай поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі». Абайдың 45 қара сөзі бар.
Абай туралы көрнекіліктерімен таныстырып өтейін.



ІІІ топ «Ізденушілер» тобы Постерге қорғау материалдары
А) Абай кім?
Ә) Абай туралы даналық ой пікірлер

1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».
А.Байтұрсынов
2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»
М.Әуезов
3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».
Н.Ә.Назарбаев
4. «Өз Отанының сом алтыны»
Ә.Бөкейханов
5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ»
М.Дулатов
6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер»
М.Жұмабаев
7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз –дара шыққан тау ағашы сияқты»

Абай - ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты - ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.



Сергіту сәті

«Тапқыр болсаң, шешіп көр» Абайдың жұмбақтары:
Алла мықты жаратқан сегіз батыр
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,
Кім шығары белгісіз түбінде ақыр.
Шешуі: (қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық)
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әртүрлі кен,
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Шешуі: (темір)
Сыналар, ей, жігіттер келді жерің,
Сәулең болса, бермен кел талапты ерін,
Жан құмары дүниеде немене екен?
Соны білсең, әрнені білгендерің.
Шешуі: (білмекке құмарлық)
«Толықтыру» сынамасы
1. Абай Құнанбайұлы......... жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
2. Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары – ........., ..........., ............., ............, .........., ................... шығармаларын өз бетімен оқиды.
3. Абай 1885 жылы алғаш білім туралы «Жасымда ........... бар деп ескермедім» өлеңін жазды.
4. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен ........... ғана деп түсінген ақын «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жазды.
5. Абайдың ............ қара сөзі бар, қырық алтыншы сөзі - өз алдына жеке тарихи шығарма.
6. Абайдың «............ қарасы», «Желсіз түнде .......... ай», «Айттым сәлем, .................. », «Бой .......... » т. б. әндері бар.
7. Әлихан ......................Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазды.
8. Алғаш өлеңді ........ жасында жазған.
9. Алғаш ауыл молдасы ......................... білім алды
10. Өз атымен ............ ж. «Жаз» өлеңін алғаш жариялаған.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Алматы облысы Іле ауданы
Өтеген батыр кенті
«№7 орта мектеп» МКМ

Ашық сабақ
Тақырыбы

/ Облыстық семинар/

Пән мұғалімі Султанбекова Шынар Серікқазықызы

2015-2016 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.