Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қабдеш Жұмаділовтің "Адасқан бала" әңгімесі. -

Қабдеш Жұмаділовтің "Адасқан бала" әңгімесі.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1391 | Размер: | Автор: гость
. Оңалбаева Тұрғанай Сүндетқызы,
№122 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
ОҚО, Мақтарал ауданы
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің "Адасқан бала" әңгімесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әңгіме желісі бойынша оқушылардың ойын тиянақтау, өз көзқарасын жүйелі талдауға үйрету, негізгі ойды таба білуге дағдыландыру;
Дамытушылық: Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, ой өрісі мен дүниетанымын дамыту;
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Жұмаділов портреті, тест, сөзжұмбақ, үлестірмелі қағаз т.б
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік әдісі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: ("Қызығушылықты ояту")
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
«Құмырсқалар» мультфильм
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Нақты сұрақ - дәл жауап
(бір ауыз сөзбен)
1.Ләйләнің міндеті не еді?
2. Ләйлә қара құмысқаларды
ненің көмегімен қуды?
3. Ләйләнің құмырсқаларының
түсі қандай?
4. Құмырсқалар баққа не
үшін қажет еді?
5. Ләйләні жұбатқан кім еді?
6. Келесі күнгі Ләйләнің
көңіл-күйі қандай еді?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сөзжұмбақ
Сөзжұмбақтың шешуіне байланысты, бірнеше сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады. Олай болса, бүгінгі жаңа сабақ Қ.Жұмаділовтің "Адасқан бала" шығармасымен танысу.
Қабдеш - тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы.
IV. Жаңа сабақ
Соңғы кезде бірыңғай бүгінгі күн тақырыбына, қазіргі замандастар өміріне қалам тартып келе жатқан жазушының бірі - Қабдеш Жұмаділов.
1936 жылы Шығыс Түркістанның (қазіргі Шынжаң өлкесі) Тарбағатай аумағы Шәуешек өңірінде дүниеге келген. "Қаздар қайтып барады", "Сарыжайлау", "Сәйгүліктер" тәрізді әңгіме, хикаят жинақтары, "Көкейкесті", "Бақыт жолында", "Соңғы көш" романдары жарық көрді.
V. Оқулықпен жұмыс.
*«Еркін» оқу. Оқулықтағы мәтінді үнсіз оқу, ол үшін оқушылар еріндерін жиып, саусақпен басады.
VІ. Мағынаны тану
Адасқан бала
1. Жәнібектің Жако аталуы
2. Жаконың ұшты-күйлі жоғалуы
3. Ала көйлекті баланы сұрастыру
4. Балалардың ойыны
5. Бассейнді іздеу
6. Ақырғы аялдама
7. Милицияның балалар бөлмесі
8. Ата тегін толық жаттауға мәжбүрлік

VІІ. Сұрақтар:
1. Әңгіме кім туралы?
2. Жәнібек қалайша аяқ астынан жоғалып кетті?
3. Ол қандай оқиғаларды басынан кешірді?
4. Жәнібек неліктен әке-шешесінің аты- жөнін жаттап алуға мәжбүр болды?

VIІІ. Шығармашылық тапсырма
Кім кінәлі? Оқушылар дәлелдеу керек. Қарсы ой айта отырып, өз пікірін дәлелдейді.
ІХ. Оқулықпен жұмыс
1. Мәтіннен Жәнібектің түр-тұлғасы сипатталған жолдарды тауып оқы
2. Өз тұрған мекен жайыңды қағаз бетіне түсір.
Х. Сабақты бекіту
Интербелсенді тақтадан тест көрсетіледі. Оқушылар жауап нұсқасын белгілейді.
ХІ. Қорытынды:
Қазақта "Жеті атасын білу" заң болған. Ер жігіттің үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан халық "Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар" деп аталы сөзді арқау етіп, баласына ата тарихын жастайынан жаттатып, ел-жұрт тарихын білу - ер азаматты ерлікке, елдікке, Отан сүюшілікке баулиды деп ұққан.
ХІІ. Бағалау
Жеке оқушыларды мадақтау
ХІІІ. Үй жұмысы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.