Меню
Назад » » »
Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
загрузка...

загрузка...
ОҚО, Шымкент қаласы,
Қайнар Бұлақ саяжайы
№83 жалпы орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қантарбаева Әсел Оразгалиевна
Пәні: Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады»
әңгімесіндегі жазушының тіл шеберлігі, әңгіменің көркемдік ерекшелігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сұрақтар мен тапсырмалар бере отырып,
шығарманың мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу
Дамытушылық: Ойларын нақты дәл жеткізе білуге дағдыландыру, сөйлеу
тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың туған жеріне, ата-мекеніне сүйіспеншілігін ояту,
патриоттык сезімін қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, проблемалық
сұрактар
Сабақтың көрнекілігі: әдеби - көркем шығармалар жинағы, кеспе қағаздар,
слайдтар
Пәнаралық байланыс: тарих, география, музыка
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу, жалпы дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Біз өткен сабағымызда әдебиетімізде өздік қолтаңбасы бар, тарихи шығармалардың шебері Қазақстан халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов өмірі мен шығармасы жайлы әңгімелегенбіз.
Туған жылы (1936)
Туған жері (Шығыс Түркістан Қытай Халық Республикасы)
Бітірген оқу орны (Қазақ Мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті
факультеті)
Шығармалары («Соңғы көш», «Тағдыр», «Таң ғажайып дүние»
ғұм ы рн ам ал ы қ р о м ан ы)
Қ. Жұмаділов туралы зерттеу еңбек жазған жазушы (Әкім Тарази)

«Қаздар қайтып барады». Әңгіменің мазмұнын меңгеріп келу.
А) I-слайд. Осы ақын жазушымыз жайлы замандасы Әкім Тарази былай деген екен: «Қабдеш өмірбаяны біздің ешқайсымызға ұқсамайды. Себебі, ол Қазақстанда емес сонау Шығыс Түркістанда қаймағы бұзылмаған көшпенділер ауылында дүниеге келді, өсті. Бір елде туып-өсіп, есейген шағында атажұртына келіп, сол ел туралы шығарма жазды. Оған табиғи таланты мен қоса өмір тәжірибиесі көмектесті». Міне ел жұрттан атамекеннен жырақта жүргем қандастарымыздың асыл арманы жазушының «Қаздар қайтып барады» - деп аталатың әңгімесінде өрнектеледі.

Жазушы туралы не білетіндіктерін айқындау мақсатында «Жазушы туралы мәліметті» толықтыру.
Ә) II- слайд. Әңгіме мазмұнын ашу, тақырыбы, идеясын ұғыну сұрақтары:
1. Жолғга шыққан карт қайда сапар шегіп келеді? Оның сапар шеккеніне неше
күн өтті?
2. Асудың ұшар басының табиғаты қандай екен?
3. Қарттың жол азығы қандай?
4.Неліктен жолаушы қиын да болса төте жолды таңдады?
5. Қуғыншыдан қауіптенбей, жолаушының көкжалдан қорқуы неліктен? Қарт
көкжалдан калай құтылды?
6. Өзеннен өтіп демалып отырғанда адамның қу басын көрген ол құдайға не
деп жалбарынды?
7. «Өрттен қалған қу томардай болып жалғыз қалдым» деуінің мәнісі не?
8. Қарттың басты өкініші неде деп ойлайсың?
9. Немересімен үйрек атуға барғанда қаздар туралы айтқан әңгімесінің түйіні
не, қарт күрсінісі нені аңғартады?
10. Неліктен жолаушы шекара сызығын қыл копірдей сезінді?
11. Туған жер топырағын аттаған қарттың сезім күйін, сағынышын, қуанышын автор калай суреттеген?
12. Байтас қартты туған жерге жетелеген қандай құдірет, қандай күш?
12. Әңгіме неліктен «Қаздар қайтып барады?» деп аталады?
13. Қарттың қырық жыл бойы сақтаған бойтұмары туралы өз ойың мен көзқарасың кандай?

Жаңа сабақ
Көңілді тапқыштар тобы өнер көрсетеді
III слайд.
Зертеуші тобы: шығарманың аты авторы, кейіпкері іс-әрекеті адами қасиеті. Басты кейіпкерді әр қырынан талдау.
Жауабы: «Қаздар қайтып барады» Қабдеш Жұмаділов, Байтас қарт жолға шықты, туған жерге асықты, қайсар, қасқырмен алысты, қажырлы, төзімді, шаршады, қажыды, туған елгее деген сағынышы басым,отбасынан айырылды рухы биік , шекарадан асты адал жан. Немересін бақты туған жеріне жетті.
Сілтемелер тобы: әңгімедегі кездесетің жер - су, тау аттарын теріп жазу. Көркемдегіш сөздер, тұрақты тіркес, теңеу, мақал-мәтел, кейіптеу, көнерген сөздер.
Жауабы: Етікші, Тарбағатай, Күргейтас, Тентек-Халдай, Айнабұлақ, Арғанаты, Көкшілік, Нұра.
Қоңыр күз.
Қайсар қараға йл ар
Келідей тас

Нардың өркешіндей
Жапырақтар күбілейді
Қарағайлар басын тік ұстап көкке шаншыла қарап тұр
Бармағын шайнап, мойын бұүрғызған жоқ
Шоқай шекпеын, лашық, Өлмегенге өлі балық кездеседі.
«Түз несібесі -тәңірден»
Титығы құру —
Таңдай жібітіп, талшық қып келе жатқаны —
Көзі шырадай жану —
Кан қақсау —
Бармағын шайнау —
Тілі аузына сыймау —
Жігері құум болу —
Ет жүрегі езілу —
Қайырымы тию —
Тырнағын жібіту —
Жыртылып айрылады —
Өзегі тала қоймаған —
Бейнелеуші топ: шығарма бойынша сурет салып таныстыру.
Байтас қарттың өмірін бүгінгі
оралмандар өомірімен байланыстыру.
Жауабы: Мұртаза Бұлытай, Майра Мұқамедқызы, Шұғыла Сапарғалиқызы сынды қандастарымыз туған еліне келігі еңбек етуде.
Бейнелі сөз тіркестері, сөйлемдер Нені бейнелейді?
1. Жаз жәрмеңкесі тарап, қоңыр күз қонақтаған.
2. Қарт сезімі бұрауы жеткен домбырадай тырсылдап, шертіп түр. Жаз өтіп,
күз келгені
3. Жыртқыш аңдай өкіріп, долдана ағып жатыр.
4. Өне бойы ағаштай сіресіп қалыпты.
5. Сай - сала үңірейіп, жұтып қоятындай болып тұр.
6. Тағы бір түн қанатын жайып келе жатты.
7. Өрттен қалған қу томардай болып қалды.
8. Ауылдастарының тырнағын жібітіп, сорпа - судан кенде қылған емес.
9. Бейне бұрауы таусылған ойыншықтай буын - буыны босап, өне бойы
салдырап бос қалды.
VI. Қорыту: IX слайд. Тағдыр талайымен жер шарының түкпір - түкпірінде, атап айтқанда, 55 елінде біздің қандастарымыздың жүргендігін «Көші - қон демографиясы» зерттеген екен.
Қандастар

АҚШ -та 14 000
Украинада 15 000
Түркияда 25 000
Тәжікстанда 1 0 000
Иранда 12 000
Өзбекстанда 1550 000
Моңғолияда 1 00 000
Ресейде740 000
Қырғызстанда 45 000
Қытайда 1 500 000

Балалар, «Өз елің - алтын бесігің» демекші, қанша жыл өтсе де елі мен жеріне деген сағынышын жүрек түкпіріне сақтап, қайтсе де елге оралуды аңсаған қандастарымыз елге оралуда. Мұртаза Бұлытай, Шұғыла Сапарғалиқызы, Майра Мұхаметқызы сынды азаматтарымыз қазіргі таңда бойындағы бар күш - жігерлерін туған елді көркейтуге жұмсауда. Ендеше, балалар, туған жерге сүйіспеншілігімізді білдіру мақсатында сабағымызды Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен қорытайық. (Есенғали Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалып тұрады, бейнетаспадан қолдарына Қазақстанның туы бар шетелдік қазақтардың туған жерге келіп жатқаны көрсетіледі.
VII. Оқушыларды бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: "Туған жердей жер болмас" - эссе жазып келу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 367 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar