Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Абылай хандығы -

Абылай хандығы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1025 | Размер: | Автор: гость
. Абдирахманова Феруза Холмуратовна
№ 94 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұгалім
ОҚО, Сайрам аудан
сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы

Мақсаты: Абылайдың саяси мемлекет қайреткері ретінде қалыптасуы, қазақтарды жонғар шапқыншылығынан азат етуі, мемлекет тәуелсіздігін сақтап қалуы туралы ғылыми түсініктеме беру. Міндеттері :
- оқушылардың сабақта СТО дағдыларын қалыптастыру;
- олардың бойында жеке өз пікірлерін жеткізуге үйрету;
- оқулықпен, карта мен жұмыс істей білуді үйрету.
Күтілетін нәтиже:
- топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады, зерттеушілік көзқарасын қалыптасады;
- топтық жұмыс арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізіп, өзгені тыңдай, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
- Абылайхан тарихи тұлға екеніне көз жеткізу, оның алып барған саясаты туралы білімге ие болуы. Түйінді түсінік: - Саяси тұлға, қолбасшы, мемлекет қайреткері.
8 «А» сынып оқушылары, сыныпта 18 оқушы бар. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Мен саған тілеймін...» шаттық шеңбер құрдым. Шаттық шеңбер құра отырып, оқушылардың көңіл-күйлерін анықтадым.
Оқушыларға ескерткенім, бір-бірінің тілектерін қайталамау, тілек айтқанда, саған бүгін сабақта тілейтінім, ауырма, үлкейгенде әке-шешеңе көмектес деген сияқты тілектерді айтуға ұсындым.
Оқушыларды стикер арқылы үш топқа бөлдім.
1-топ. Ізденушілер
2-топ. Зертеушілер
3-топ. Жынақтаушылар
Бұл топтардың ұраны «Дұшпанға-қатал, досқа-адал»
Топтардың ережесі:
1 .Тәртіп сақтау (айғай-шу шығармау)
2. Бір-бірімізді сыйлау
3. Бір-біріміздің айтқанын қайталамау
Жаңа сабақтың тақырыбы: «Абылай хандығы»
Абылайдың саяси мемлекет қайреткері ретінде қалыптасуы, қазақтарды жонғар шапқыншылығынан азат етуі, мемлекет тәуелсіздігін сақтап қалуы туралы ғылыми түсініктеме беру. Сабақты бастау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылды. «Миға шабуыл» әдісі бойынша «Абылай хандығы» Әбілмәнсур кім және Абылайдың халық арасында беделінің өсуіне не ықпал етті деген сұрақ қойдым, оқушылар оның мемлекет қайреткері, дипломат, көшбасшы екендігі туралы айтты, жауаптарын тыңдағаннан кейін оқушылардың бүгінгі жаңа тақырып бойынша сабаққа дайын екеніне көз
жеткіздім. СТО- ның «Талқылау картасы» стратегиясын қолдандым, «Дұшпанға-қатал, достқа адал» нақыл сөзбен бастадым, бұл тапсырманы оқушылар топпен талқылады өз пікірлерін ортаға салды, талқылау жұмысы болды.

2 тапсырма «Графикалық бақылау» тапсырмасы бойынша оқушылар Абылайдың тарихи тұлға ретінде қалыптасуына әсер еткен жағдайлар туралы мәлімет жинақтады. Оқушылар осы тапсырма бойынша постер дайындап, оны тақтада қорғап шықты.

Тапсырмадан кейін оқушыларды сабаққа тарту мақсатында сергіту сәтін өткіздім «жаңылыспаймын» әдістен пайдаландым, оқушылардың ойлары жинақталды, сабаққа деген құлшынысы пайда болды.


3 тапсырма оқулықпен жұмыс барысында оқушылар жұппен тапсырманы орындады, үлгерімі төмен оқушымен қабілеті жоғары оқушы бірігіп орындады, ортаға салды, мекендеген аймақтарын картадан көрсетті, бұл тапсырмада «Дұшпанға – қатал, достқа адал» нақыл сөздің мағынасын оқушылар түсінгенін байқадым, өйткені бұрын бір-біріне деген қызғаныш болатын болса, 3 тапсырмадан кейін оқушылардың бір-біріне деген құрметі жоғарлағанын байқадым.

«Хронологиялық кесте»
1711
1724
777/
1742
1781
«Хронологиялық кесте» тапсырмада әр оқушы жеке жаңа тақырыпқа сай
хронологиялық кесте түзу берілді, оқушылар бір-бірін толықтырды.
Сабақты пысықтау үшін оқушыларға тақырыпқа сай тест тапсырмасы берілді.
Сабақ соңында оқушылар бағалау парағындағы критерийлер бойынша өзін-өзі
бағалады.
Оқушылардың бағалауы әділ, өйткені төмен алған балаларға не себепті төмен
бал алғанын түсіндіріп, топпен жұмыс жасау үшін ең алдымен үнемі сабаққа
дайын болуын талап қойды.
«Мен бүгінгі сабақта не үйрендім?» Не ұтымды болды?
Ұсыныс жазады.

Рефлексия

Стикерге өз пікірін жазу (жақсы, орташа, төмен) болды, оқушылардың көп бөлігі сабақка жақсы деген пікір жазған, бұл дегеніміз бұл әдістің тиімділігі оқушылар үшін мол болды деп ойлаймын.

Мен балалардың сабаққа дайындықпен келгенін мадақтап, XXI ғасырдың оқушысы жан-жақты, білімді, бәсекеге қабілеті, дамыған мемлекетің дарынды тұлғасы болуы туралы айттым.
Үйге тапсырма бердім: «Абылай хандығы (шығармашылық тапсырма-ессе жазу)» топ басшылары келесі сабаққа тапсырмаларды топ мүшелеріне бөліп берді.
Бүгін сабақта мен күтілетін нәтижеге жетім деп ойлаймын: мұнда -топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталды, зерттеушілік көзқарасы қалыптасды;
- топтық жұмыс арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізіп, өзгені тыңдай, тұжырым жасай білу қабілеттері жетілді;
- Абылайхандың тарихи тұлға екеніне көз жеткізу, оның алып барған саясаты туралы білімге ие болды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.