Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ацетиленді көмірсутектер.  Ацетилен. -

Ацетиленді көмірсутектер. Ацетилен.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 9161 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Күні: 8.04.09

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: §43 Ацетиленді көмірсутектер. Ацетилен.

Білімділік мақсаты: Оқушыларға қанықпаған көмірсутектердің тағы бір
класы ацетиленді көмірсутектер екендігін оның өкілі
ацетиленді мысалға ала отырып, жан-жақты
түсіндіру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, салауаттылыққа,
қоршаған ортаны қорғауға, имандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушылардың таным қабілетін дамыту, өз бетімен
жұмысын, жеке тұлғаны дамыту.

Әдісі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, ацетиленнің моделі, тірек сызбалары, венн
диаграммасы схемалар, реактивтер.

Пән аралық байланыс: математика, физика, биология

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру -1-2 минут
ІІ. Үй тапсырмасы: Қанықпаған көмірсутектер. Этилен 5-7 минут
ІІІ.Білімді жан –жақты тексеру.
(сұрақтар, тест, карточка түрінде)
ІV. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау.
а) Сынып оқушыларын түгендеу
ә) Сыныптың назарын тақтаға аудару
б) Құралдарын тексеру

V. Жаңа білімді меңгерту 13-15 минут
Жаңа сабақ: Ацетиленді көмірсутектер. Ацетилен.
- Сәламатсыздар ма, оқушылар?!
Сыныпта кім жоқ.
Сыныпқа сұрақ:
- Оқушылар сіздер химияның қай саласымен танысып жатырсыздар?
- Қандай көмірсутек түрлерімен таныстыңыздар?
- Этиленнің метаннан айырмашылығы неде? Неліктен олар қанықпаған? (тақтаға)
- Этиленге реакцияның қай типі тән?

Олай болса оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ацетиленді көмірсутектер. Ацетилен.

Жоспары:

1. Ацетиленді көмірсутектердің жалпы формуласы.
2. Гомологтық қатары.
3. Изомерлері.
4. Физикалық қасиеттері.
5. Химиялық қасиеттері.
6. Алынуы.
7. Қолданылуы.

Ой қозғау стратегиясы:
- Оқушылар, қалай ойлайсыздар, ацетиленді көмірсутектер қаныққан ба, әлде қанықпаған көмірсутектерге жата ма?
1. Ацетиленді көмірсутектердің жалпы формуласы Cn H2n – 2
2. Гомологтық қатарын осы формуланы пайдаланып кім тақтаға жазады?
C2 H2 – ацетилен (этин) ин жұрнағы жалғанады
C3 H4- пропин (пропин)
C4 H6- бутин (бутин)
.......................................... т.б.
3. Этиленді көмірсутектер молекуласында = (қос) байланыс бар болса, ацетиленді көмірсутектерде ≡ (үш) байланыс болады. Сондықтан да бұлар қанықпаған.
C2 H2 ацетилен H C ≡ CH
4. Изомерлері.
Алкиндерде де алкендердегі сияқты тізбек және құрылым изомерлері болады.
H C ≡ C - C H 2 -C H3 CH3-C≡ C - CH3
5. Физикалық қасиеттері:
6. Химиялық қасиеттері:
1) Ацетиленнің жануы (оқушы орындайды)
2C2 H 2+5О2=4CO2+2H2O+Q
2) Ацетиленнің этилен тәрізді қосып алу реакциясына түсуі.
Мысалы: гидрленуі екі сатыда жүреді:
а) HC ≡CH+H2→ HC= CH этилен

H H

H H

ә) HC= CH+H2→ H - C- C- H этан

H H H H

3) Ацетиленнің сумен әрекеттесуі
М.Г. Кучеров реакциясы деп аталады.

O
II
C2 H2 + H2O = CH3 – C - H
Ацетилен сірке альдегиді
NH3
4) Сапалық реакция: HC ≡ CH + Ag2O → AgC ≡ CAg↓+H2O
жасыл күміс ацетилениді
7. Алынуы:
а) Ацетилен метанды айыру арқылы алынады.
2CH4 → C2H2 + 3 H2 тақтаға оқушы жазады.
метан ацетилен сутек
ә) Кальций карбидіне су қосу арқылы алынады.
Ca C2 + 2H2O → C2 H2 + Ca (OH)2 тақтаға оқушы жазады
кальций су ацетилен кальций
карбиді гидроксиді

8. Қолданылуы:
Оқушы сурет арқылы түсіндіреді.



VI. Бекіту сұрақтары:

І –деңгей.
а) Сәйкестендіру тесті.

C2H6 күкірт қышқылы
H2SO4 этан
C2H2 ас тұзы
NaCl ацетилен
C3H6 пропан
C3H8 пропилен

ә) Кучеров реакциясын жаз.

ІІ-деңгей.
а)
Атауы Химиялық формуласы Жалпы формуласы Байланыс түрі Жұрнағы
Метан
Этан
Этилен
Пропилен
Этин
Бутин

ә) №6-есеп. 144- бет.

ІІІ –деңгей.

а) Венн диаграммасы.

ә) №9-есеп. 145-бет.

VII. Қорыту.

Топтастыру стратегиясы.





Тест сұрақтары

1. Пропеннің молекуласы тұрады
а) 2 атом көміртек және 4 атом сутек
в) 4 атом көміртек және 8 атом сутек
с) 3 атом көміртек және 6 атом сутек
2. Алкандарға жататын көмірсутек
а) С6Н12
в) С5К10
с) С10Н22
3. Салыстырмалы молекула массасы 58 болатын көмірсутек
а) гексан
в) пентан
с) бутан
4. Пропан жанғанда түзілетін заттар (С3Н8)
а) СО2, Н2О
в) С2, Н2О
с) С , Н2
5. Кучеров реакциясы
а) спиртті алу
в) алкинді алу
с) альдегидті алу
6. Құрамында 18 атом сутек бар алкеннің салыстырмалы молекулалық массасы
а) 108
в) 132
с) 126
7. Пропеннің гомологы болмайтын зат
а) С4Н6
в) С5Н10
с) С7Н14
8. Берілген заттардың ішіндегі алкин
а) бутан
в) пентин
с) бутадиен
9. Органикалық химия терминін бірінші енгізген
а) А. И. Ломоносов
в) А. М. Бутлеров
с) И. Я. Берцелиус
10. Сутек бойынша тығыздығы 29-ға тең алканның толық жану теңдеуіндегі коэффициенттер
а) 18
в) 23
с) 33

1. Бағалау.

2. Белсенді оқушыларды марапаттау.

3. Үйге тапсырма: §43. №10

Ацетиленнің моделі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.