Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Адам  әрекетінің  қоршаған ортаға  әсері -

Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3738 | Размер: | Автор: гость
. Пән:дүниетану.
4-сынып
Тақырыбы: Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері Мектеп: «Сартомар орта мектебі» КММ
Мұғалімнің аты- жөні: Кушкинбаева Г.С.

Оқу мақсаты:  Өсімдіктер мен жануарлардың әлеміне төнген қауіп туралы түсінік қалыптастыру
Күтілетін нәтиже:  Табиғи ресурстарды орынсыз және жауапсыз пайдалану салдарынан, адамның жануарларды қорғау бойынша іс-әректі туралы біледі;
 Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді қорғау ережелерін сақтау
 Қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға талпыну.
Жұмыс түрлері: Миға шабуыл,топтық жұмыс,шағын пікірталас,мәтінмен жұмыс
Өзекті сұрақ: «Адамның өз өмірін жақсартуға бағытталған іс-әрекеті әрқашан табиғат үшін пайдалы ма?»
Жоспар
Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
І.Ұйымдастыру сәті.

ІІ.Білімді өзектендіру

ІІІ. Сабақ мақсаты мен міндеттерін белгілеу

IV.Жаңа материалмен жұмыс

VСергітусәті

VI. Сабақты бекіту

VII.Рефлексия

VIII.Үй тап -сырмасы туралы ақпарат 1. Психологиялық көңіл күй.
2. Топқа бөлу

3.Миға шабуыл
Оқушылар өз топтарында олар адамның осы өмір сүрортасында табиғи ресурстар- ды қалай пайдаланатынын талдау

4.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

5.Топтарда жұмыс істеу. Өзекті сұрақ: «Адамның өз өмірін жақсартуға бағытталған іс-әрекеті әрқашан табиғат үшін пайдалы ма?»
Адамдар іс-әрекетінің оң және теріс салдарын талқылайды
6..Жұмыстарын жариялау

7. Ойын. «Дұрыс» немесе «Бұрыс»
8. Тапсырмалар орындау
Оқушылар өз бетімен мәтінді оқиды және жұмыс дәптерінде кесте толтырады.
Адамның әрекеті Адам әрекетінің салдары



9. Шағын пікірталас
(Оқушылар топқа бөлінеді Бір топ төменде берілген жағдаяттарды немесе пікірлерді қолдайтын үш дәлелді, екінші топ қарсы үш дәлелді тұжырымдаулары тиіс.Ал үшінші топ осы дәлелдердің қайсысы сенімді екендігі туралы шешім қабылдайды.)
1. «А» ауылы сұлу орман алқабында орналасқан. Ауыл тұрғындарының саны жылдам өсіп келеді. Оқушылар ауыл мектебінің шағын ғимаратына сыймайтын болды. Кең сынып бөлмелері, үлкен ойын алаңы және стадионы бар жаңа ғимарат салу қажет. Ол үшін орманның бір бөлігін шабу керек.
2. Ғалымдар жалғыз тау шатқалында өсетін «В» өсімдігінің тамыры көптеген адамдар шалдыққан күрделі ауруды емдеу үшін маңызды екенін анықтады. Дәрі дайындау үшін өсімдік тамыры көп мөлшерде қажет.
10. Толықтыр
1.Сабақта маған барлығынан да ... ұнады.
2.Сабақта ең қызықты болғаны... .
3.Мен ... білмеген екенмін.
4.Бүгін ... түсіндім.

1.Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдік немесе жануар туралы шағын презентация дайындау.
2.Дәптердегі 2-тапсырма. Ноутбук, баяу ырғақты әуен,
түсті стикерлер
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.