Меню
Назад » » »
Африка материгінің ішкі сулары
загрузка...

загрузка...
Түркістан қаласы М.Әуезов мектебі
Пәні: География Сынып: 7 "б"
Тарих және география пәнінің мұғалімі:
Ташакаев Уткир Балтанович
Өтілетін күні: 29.10.2013 жылы

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Африка материгінің ішкі сулары
Сабақтың мақсаты Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып Африка материгінің ішкі сулары туралы білімдерін қалыптастыру.
Табыс критерийлері 1. Африка материгінің ішкі суларын атай алады.
2. Африка материгінің ішкі суларын картадан көрсете алады.
3. Африка материгі ішкі суларының ерекшелігін маңызын түсінеді,салыстыра алады

Сабақтың түрі Аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топқа болу, “Зымыран сұрақтар!” ойыны, Сәйкестендірі кестесі, постер әдісі, семантикалық карта, «Озық ойлы» оқушы әдісі, сергіту сәті,ой қорыту,Ізгі тілек ағашы (рефлексия),
Сабақтың кезеңдері мен уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Қолданылатын
құрал жабдықтар
І.Ұйымдастырушы кезең:
3 мин
Кіріспе Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында шеңбер қүрамыз,оқушылар бір бірлеріне жақсы тілек айтдырамын .

Оқушылар шеңбер құрап бір-бірлеріне жақсы тілек айтады.

2 мин

Топқа болу
Оқушыларды Африка материгіндегі колдерге байланысты 4 топқа бөлемін.
I топ: "Виктория"
IIтоп: "Танганьика ".
IІIтоп: "Ньяса".
IҮтоп: "Чад".

Оқушылар карточкалардағы әріптерді қосып 4 топтарға бөлінді.
Виктория жиналып 1 топ Танганьика 1 топ, 1топ, Замбези 1 топтарға бөлінеді.
Қима қағаздар.


1 мин Бағалауды түсіндіру
Оқушыларды сабақ барысында




жасыл,сары,қызыл дөңгелек фишкалар арқылы формативті бағалап барамын.
Топтық бағалау үш шапалақ.
Сабаққа белсенді қатысуына қарай әр топ мүшелері өздерінің жинаған жасыл,сары,қызыл дөңгелектер фишкаларын жинап сабақ соңында қанша фишка жинағанын айтады. Түсті фишкалар

10 мин
Үйге берілген деңгейлік тапсырмаларды тексеріп шығамын.
Үй тапсырмасын “Зымыран сұрақтар!” ойыны мен сәйкестендіру кестесімен сұраймын.Әр топқа екі сұрақтан біріледі
1. Шеткі нүктелері дүниенің төрт бұрышына да бағытталған материк
2.Африкада қандай климаттық белдеулер қайталанады, қайсылары қайталанбайды?
3.Африка климатындағы басым ауа массаларын ата? Экваторлық, Қоңыржай, Тропиктік, Мұхит ағыстары
4. Жер шарындағы ең жоғары температура
5. Жауын шашын ең аз жауатын жер?
6. Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері?
7. Теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі-
8. Қандай пайдалы қазбаларға бай?
Сәйкестендіру кестесі.
Климаттық белдеулер Ерекшеліктері
А)Субтропиктік 1.Материктің солтүстік және оңтүстік шеткі нүктелерін қамтиды.
Ә)Тропиктік 2.Жазы ыстық (+28ºС), құрғақ, қысы біршама жылы (+10ºС), ылғалды болады.
Б)Субэкваторлық 3.Экваторлық белдеуден екі жарты шарда шамамен 200 ендіктеріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды.
В)Экваторлық 4.Конго өзені алабының экватор бойындағы бөлігін және Гвинея шығанағы жағалаын алып жатыр. Оқушыларға үйге берілген деңгейлік тапсырмаларды орындап келеді. Зымыран сұрақтарымен сәйкестендіру кестесіне әр топтан екі оқушы шығып жауап беріп,сәйкестендіру кестесін толтырады.

Интерактив тақта қалам
Жаңа сабақ
12 мин
Оқушылар Африка материгінің ішкі сулары тақырыбында постер жасап қорғау әр топқа тапсырылады.

Әр топ берілген тапсырма бойынша өз түсініктерін постерге түсіреді, топ ішінен бір оқушы жасаған постерді қорғайды.
Плакат, маркер, стикер. түсті қағаздар
2 мин Сергіту сәті
Оқушыларға "Жемістер салаты" ойынын ойнатамын.

Оқушылар "Жемістер салаты" ойынын ойнап, бой сергітіп алады.

2 мин Семантикалық картамен жұмыс тапсырылады. Әр топтан кезекпен оқушылар шығып, интерактив тақтада берілген семантикалық картамен жұмыс жасайды. Интерактив тақта қалам
4 мин «Озық ойлы» оқушы әдісі
Белгілі бір өзенге жоспар бойынша сипаттама беру.
Өзен аты:
1.Өзеннің материктегі орны, алабы
2.Өзен қайдан бастау алады, қайда құяды?
3.Өзеннің су жинау алабы
4.Өзеннің қоректену көздері
5.Шаруашылық маңызы
Әр топқа бір өзеннен болып беремін сол бойынша жазып шығады. Топтан бір оқушы шығып , өзен туралы мағлумат береді. А4 парағы
Жаңа сабақты бекіту
3 мин Ой қорыту әдісі бойынша әр топқа сұрақ беремін.
1.Өзен жүйесі жиі экваторлық белдеуде неліктен?
2.Өзен жүйесі сирек тропикалық белдеуде неліктен?
3.Не себепті өзендердің көбісі Атлант мұхитына құяды.
4.Конго өзенінің суының мол болу себебі?
2 мин Оқушылар жинаған жасыл,сары, қызыл түстерімен формативті бағалап,жиынтық баға қоямын. Оқушылар қанша жасыл, сары, қызыл дөңгелектерді жинағандығын айтады.

2 мин
Ізгі тілек ағашы арқылы
Кері байланыс жасаймын Бүгінгі күннен алған әсерлерін, тілек лебіздерін жапырақшаларға жазып, «Ізгі тілектер» ағашына жапсырады. стикерлер
Үйге тапсырма:
2 мин Африка материнің ішкі сулары туралы қасымша материалдар жинап келу
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Іс тәжірибе кезеңіндегі төртінші сабағымның тақырыбы «Африка материгінің ішкі сулары »
болды. Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып Африка материгінің ішкі сулары туралы білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Африка материгінің ішкі суларын атай алады.
2. Африка материгінің ішкі суларын картадан көрсете алады.
3. Африка материгі ішкі суларының ерекшелігін маңызын түсінеді,салыстыра алады
Ұйымдастыру кезеңінде сәлемдесіп, оқушылар шеңбер жасап ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында оқушылар бір бірлеріне жақсы тілек айтты. Оқушыларды Африка материгіндегі колдерге байланысты 4 топқа бөлдім. I топ: "Виктория", IIтоп: "Танганьика ", IІIтоп: "Ньяса", IҮтоп: "Чад".сүйтіп бүгінгі сабақтың бағалау тәртібін түсіндірдім. Оқушылар сабақ барысында жасыл,сары,қызыл дөңгелек фишкалар арқылы формативті бағалап бардым. Топтық бағалау үш шапалақ. Үй тапсырмасын “Зымыран сұрақтар!” ойыны мен сәйкестендіру кестесімен сұраймын.Үй тапсырмасын сұрап, болғаннан кейін бүгінгі тақырып Африка материгінің ішкі сулары. Осы тақырып бойынша постер жасап қорғауды тапсырдым.Әр топ өз ойларын постерге түсіріп қорғап шықты. Барлық ойлар тыңдалып болған соң, қорытынды ойды мен шығардым,оқушылар олардың айтқан ойларының маңызды екенін сезінді және осы арқылы өздеріне деген сенімі артты. Қызығушылығы жоғарылады.Осы әдіс арқылы оқушылар жаңа сабақты толық меңгерді. Сергіту сәтінде "Жемістер салаты" ойынын ойнадық. Оқушылар "Жемістер салаты" ойынын ойнап, бой сергітіп алады. Сергіту сәтін жасап болғаннан кейін Семантикалық картамен жұмыс тапсырылды.Интерактив тақтада оқушылар тапсырманы орындады. «Озық ойлы» оқушы әдісі Белгілі бір өзенге жоспар бойынша сипаттама беру. Өзен аты: 1.Өзеннің материктегі орны, алабы 2.Өзен қайдан бастау алады, қайда құяды? 3.Өзеннің су жинау алабы 4.Өзеннің қоректену көздері 5.Шаруашылық маңызы Әр топқа бір өзеннен болып беремін сол бойынша жазып шығып түсінік береді.
Жаңа сабақты бекіту кезеңінде Ой қорыту әдісі бойынша әр топқа сыни тұрғыдан ойлануға сұрақ бердім.Топпен ақылдаса отырып жауап берді. Бүгінгі сабақты Ізгі тілек ағашы арқылы кері байланыс жасадым. Бүгінгі күннен алған әсерлерін, тілек лебіздерін жапырақшаларға жазып, «Ізгі тілектер» ағашына жапсырды. Оқушылар жинаған жасыл,сары, қызыл түстерімен формативті бағалап,жиынтық бағамен бағаладым.
Не сәтті өтті?
Зымыран сұрақтар ойынында және сәйкестендіру кестесі тәсілдері арқылы өтілген бұл сабақта оқушылар өздерін еркін ұстады. Сергіту сәті де өте сәтті шықты. Оқушылардың арасында топтық жұмыстың болғаны байқалды. Өз ойларын іркілмей бүкпесіз жеткізе алды
Не сәтсіз өтті?
Топтық таныстырылым тек сыныптағы белсенді топтың идеясымен жасалды, топ мүшелерінің барлығы өз ойларын ортаға салмады;
Өз ойларын нақты жеткізе алмады;
Кейбір оқушылар сабаққа тартылмады;
Нені дамыта аламын?
Балалардың өзін еркін, сенімді ұстауы үшін олармен жақын қарым-қатынасты орнатып,бойындағы ұяңдық қасиеттерін жоюды басшылыққа алып. әліде болса әр балаға зерттеу жұмыстарын жүргізіп мінезімен қабілеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырмаларды беріп ЖАДА-ны қолдану арқылы жоғары деңгейге жеткізгім келеді. Әрбір сабағымды талдау барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының қалыптасып, тағы қандай нәрселерді білгісі келетіндігін рефлексия жасау кезінде көрініп отырды,Оқушылардың сабақты түсіну дәрежесіне анықтау және оның қандай деңгейге көтеріле алғандығын нақтылау оқыту үдерісіндегі талдау болып есептеледі.Оқушының түсіну дәрежесін бағалау дәрежесін жетістіктерге жету көрсеткіші ретінде қарастыру.Оқушылардың түсіну дәрежесін оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалауда критерийлерді қолдану, балалардың өзін–өзі реттеуге дағдыландыру. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Африка материгінің ішкі сулары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ggggggggggggggggdfsf
Көрсетілім: 361 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar