Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Африканың физикалық - географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан  мұхиттар мен теңіздер.  Зерттелу тарихы -

Африканың физикалық - географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2455 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда обл,Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті,
№249 мектеп-лицейдің география пәнінің мұғалімі
Қалдыбаева Зинегүл Қаһарманқызы

Қысқа мерзімді жоспар

Сынып: 7 «А» 20. 10. 2015 ж.
Пәні: География
Тақырыбы: Африканың физикалық - географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Негізгі түйінді идея: Физикалық – географиялық орны ұғымын, оның материк табиғатына әсерін, материктер және олардың жеке бөліктерін, зерттеушілер туралы оқып біледі.
Оқу мақсаты: 1. Физикалық – географиялық орны ұғымын, оның материк табиғатына әсерін, материктер және олардың жеке бөліктерін, зерттеушілер туралы мағлұмат беру .
2. Материктің ерекшеліктерін түсіндіру.
3. Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге, өзін әділ бағалай білуге үйрету.
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар:
Физикалық – географиялық орнын, оның материк табиғатына әсерін, материктер және олардың жеке бөліктерін біледі. Көпшілік оқушылар:
Африка материгінің ерекшеліктерін түсінеді.
Жекелеген оқушылар:
зерттеушілер туралыбіледі.

Кезең-дер Уа-қыт Мұғалім не істейді? Оқушылар не істейді? Бағалау Ресурстар
Кіріспе

5мин а)Ынтымақтастық атмосферасын «Көңілді доп» стратегиясымен орнату.
б)Тақырыпқа сай елдер арқылы топқа бөлу. Мали, Алжир, Чад, Судан елдері арқылы төрт топқа топтастыру. Оқушылар бір – біріне тілек айтады.
Оқушылар елдерді алып төрт топқа топтасады. Мадақтау жүргізіледі.
Үлестірме қағазы


Негізгі бөлім 5 мин

2 мин

25 мин

Жаңа материалдың тұсаукесері
Интерактивті тақтадан бейнеролик көрсету және сұрақ қою техникасы арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Түрткі сұрақ:
1.Балалар бұл бейне-ролик сіздерге қан-дай ой салды?
Сынамалы сұрақ:
2.Қай нәсілдің өкіл-дерін көріп отырсыз-дар?
Қайта бағыттау сұрағы:
3.Бұл бейнероликте қай материктің тұрғындарын көріп отырсыздар? Қалай ойлайсыздар?
Біздің бүгінгі сабағымызға байланысы бар ма?
Олай болса біздің сабағымыз не жайында болмақ? Балалар енді бүгінгі сабақтың мақсатымен танысайық. 1.Африка матери-гінің ерекшелігімен танысамыз. 2. Африка матери-гінің географиялық орны мен жағалауын-дағы мұхитттар мен теңіздерді білеміз. 3. Африка материгін шайып жатқан мұхиттардан мәлімет аламыз. 4. Зерттелу тарихы-мен танысамыз. Джиксо әдісі. Оқулықпен жұмыс 167 бет. Елші стратегиясы Жұптық жұмыс 1-топ.Материктің құжатын толтыру

Африка материгінің ауданы.................км²
Солтүстік шеткі нүктесі.......................
Оңтүстік шеткі нүктесі........................
Батыс шеткі нүктесі........................
Шығыс шеткі нүктесі.......................
Материктің жағалауын шайып жатқан теңіздер.........
Африка материгінің елдерін ата................
2-топ.Африка картасында шартты белгілерімен “ең” деп атауға болатын жерлерді белгіле.
Жер шарындағы ең ұзын өзен..................
Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл......
Жер шарындағы ең жоғарғы температура................
Құрлықтағы ең ірі жануар........................
Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі....
Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі....
Жауын шашын ең аз жауатын жер............
3-топ.Зерттелу тарихы
Зерт-телеу уақы-ты Зерттеу-ші-лер Жа-ңа -лығы
ХІV ғасыр


1497-1499 жыл-дар
1855 жыл
ХІХ ғасыр
1926-1927 жыл-дар
4-топ.Сөйлемді оқыңыз, қандай географиялық нысан жайлы айтылып тұрғанын анықтаңыз.
А) Бұл мұхит Афри-каның батыс жаға-лауын шайып жатыр..........................
Ә) Бұл мұхитта Мадагаскар арал – мемлекеті орналас-қан ............................
Б)Бұл теңіздің суы Африканың солтүстік жағалауын шайып жатыр.........................
В)Бұл бұғаз Үнді мұхитының батыс бөлігінде, Африка мен Мадагаскар аралын бөліп тұрады. Ол жер бетіндегі ең ұзын бұғаз..................
Г)Бұл канал теңіз көліктеріне Африканы айналып өтпей-ақ, Еуропадан Азияға тіке шығуға мүмкіндік берді,ол-..................................

Оқушылар бейнероликті көреді, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа

сабақтың тақырыбын ашады.

Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді. Әрбір топ мүшесі ой бөліседі.Әрбір топтан бір елші шығып көрші топтарға барып түсіндіреді.

Оқушылар жұптасып жұмыс орындайды.




Мадақтау жүргізіледі.


Бағалау парағы.
Бағалау өлшемдері: Сұрақ – жауапқа қатысуы. Өз ойын ашық айтуы. Өз үлесін қосуы, белсенділігі. Жұптық жұмыс. Жұлдызшамен бағалау.
Оқушылардың атқаратын қызметтері: Көшбасшы . Безендіруші. Зерттеуші. Уақыт сақшысы. Бақылаушы.

Смайлик арқылы бағалайды.

Жұптарда өзара бағалау

Интерак-тивті тақта

Ұялы телефон, оқулық, маркер, плакат т. б.

Атлас карта

Қоры-тынды бөлім

Үйге тапсыр-ма

5 мин

1 мин.

2 мин.

Рефлексия . Сабақ аяқталғаннан кейін күткен нәтижеге жетті ме?
1 – сұрақ. Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі. 2 – сұрақ. 1855 жылы Замбези өзеніндегі атақты Виктория сарқырамасын ашқан кім? 3 – сұрақ.Экватор сызығымен бастапқы меридианды кесіп өтетін материк. 4 – сұрақ.Материктің төрт шеткі нүктесін ата. Электронды оқулық арқылы оқушылар-дың жауабын тексеру.
Африка материгінің ерекшеліктерін кескін картаға түсіру
Сары конверт стратегиясы


Оқушылар өздерінің бүгінгі сабақта не білгендігін сұрақтарға жауап беру арқылы айтады

Үй тапсырмасын алады.
Оқушылар келесі сабақта не білгісі келетіні туралы сұрақтар жазып конвертке салады.

Смайлик арқылы бағалайды.


Әртүрлі парақша-лар
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.