Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ай мен Айша» шығарма Сәлеметсіз бе, құрметті Шерхан ата! -

«Ай мен Айша» шығарма Сәлеметсіз бе, құрметті Шерхан ата!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1601 | Размер: | Автор: Публикатор
. Сәлеметсіз бе, құрметті Шерхан ата!
Қолыма қалам алып, сізге хат жазуыма сіздің «Ай мен Айша» шығармаңызды оқығаннан кейін туған кейбір ойлар себепші болды. Кішкентай кезімнен әдеби кітап оқуды жақсы көретінмін. Биыл жазғы демалыс кезінде ауыл кітапханасынан сіздің «Ай мен Айша» атты кітабыңызды алып оқып шықтым. Әрине,алғаш кітап мазмұнына онша терең үңіле қойған жоқпын.Сосын екінші рет қайталап оқыдым.Сол кезеңде сіздің шығармаларыңыздың құдыреті неде екендігіне көзім жетті.Сіздің шығармаңыздың құдыреті шыншылдығында екен. Сіздің балалық шағыңызды өзіміздің қазіргі балалық шақпен салыстыра отырып,керемет таң қалдым.
Сізге және сіздің қатарластарыңызға Алла қандай төзімділік, шыдамдылық, сабырлылық берген десеңізші. Аш-жалаңаш жүріп, ауыр еңбекпен айналыссаңыздарда да оқудан шет қалмапсыздар. Бар армандарыңыз оқу, білім алу болған екен.Жазықсыз ұсталып кеткен әкеңіз Мұртазаның, қиыншылықпен алысып жүріп сіздерді асырап баққан шешеңіз Айшаның ерлігін мәңгі бақи ұмытпаспыз. Сіз шешеңіз Айшаға осы шығармашылық арқылы мәңгілік ескерткіш тұрғыздыңыз.Анаңыздың аруағы сізге риза деп ойлаймын.Жаңадан туған сәбиін шырылдатып далаға тастап кеткен аналар сіздің осы шығармаңызды оқымаған болар. Оқыса ондай іске бармас еді.
Еліміз тәуелсіздігін алып, бүгін дүние жүзіне Қазақстан есімі таралған кезде туған ұрпақ біз бақыттымыз.Білім аламыз десек жол ашық.Даңғыраған мектебіміз, сауатты, ұлағатты ұстаздарымыз бар. Көпке топырақ шашудан аулақпын.Бірақ осындай мамыра жай кезеңде білім алғысы келмейтін кейбір қатарластарыма сіздің кітабыңызды оқып шық деп ақыл айтар едім. Білім алу үшін көрмеген қиыншылығыңыз жоқ. Бақша да ектіңіз,сұңғыламен де алыстыңыз.Нағашы жұртыңызды паналадыңыз.Өз әкеңіздің атын сақтап қалу үшін күрестіңіз. Ауыр жұмыстан қиналып жүрсеңіз де әдеби шығармаға деген қызығушылығыңызды жоймадыңыз. Сол қажырлы еңбек сізді жазушылық жолға әкелгенін түсіндім.
Жаза берсем ой көп, пікір көп. Сіздің осы кітабыңыз менің өмірге деген көзқарасымды түбегейлі өзгертті.
Өмір дария,толқып жатқан теңіз. Сол тулаған толқынмен алыса жүріп қажырлылығын танытқан адам ғана жеңіске жететініне сіздің шығармаңыз арқылы көзім анық жетті. Титтей қиыншылыққа шыдамай суицидке баратын қатарластарыма да сіздің осы шығармаңызды оқып шық деп кеңес берер едім.
Хош сау болыңыз, Шерхан ата! Ұзақ жасаңыз.Сізден келешек ұрпақты шыншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін шығармаларды күтеміз.
Сәлеммен « Кеңес» ауылынан сіздің бір оқырманыңыз-Дани Альзина

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
Кеңес ауылы № 6 «Кеңес» орта мектебінің
10 «Ә» сынып оқушысы
Жетекшісі: Кобасилова М.Б.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.