Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«АЙШЫЛЫҚ АЛЫС ЖЕРЛЕРДЕН ЖЫЛДАМ ХАБАР АЛҒЫЗҒАН» -

«АЙШЫЛЫҚ АЛЫС ЖЕРЛЕРДЕН ЖЫЛДАМ ХАБАР АЛҒЫЗҒАН»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1595 | Размер: | Автор: гость
. «АЙШЫЛЫҚ АЛЫС ЖЕРЛЕРДЕН
ЖЫЛДАМ ХАБАР АЛҒЫЗҒАН»

1874 жылы 9 қазанда 22-елдің 1-ші Халықаралық пошта конгресінде Жалпыға ортақ пошта одағы құрылды.1969 жылдан бастап 9-қазан күні бүкіл әлемде Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде тойланатын мерекелердің бірі-Бүкіләлемдік пошта күні атап өтіледі.
Қазақстанның ресми пошталық байланыс бөлімшесі алғаш рет 1860 жылы Верныйда ашылды,ол көп ұзамай пошта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылған.Ал 1883 жылы оған 14 пошталық байланыс бөлімшесі бағынатын болған.Кейін Сырдария облысының Ташкенттегі пошта кеңсесіне бағынған.
Міне, тарихы тереңде жатқан пошта күнін де «Байқоңыр «Космос» коллелдіжінің» «оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар» мамандығының студенттері де атап өтті. «Арнайы пәндер» оқытушысы Темирханова Сауле Темирхановнаның ұйымдастырылуымен «АЙШЫЛЫҚ АЛЫС ЖЕРЛЕРДЕН ЖЫЛДАМ ХАБАР АЛҒЫЗҒАН» тақырыбында меркелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты өздерінің мамандықтары жөнінде мәлімет айтып насихаттау. Шара барысында мамандықтарының ерекшеліктері мен қызықты мәліметтермен бөлісті. Қуантқан Қалдыбай, Байбосынова Наргиза әннен шашу шашса, Амангельдиева Жанар, Амантаева Ақнесіп мың бұралып би биледі. Сонымен қатар, белсенді студенттер «Хан заманында да ұялы телефон бар екендігі дәлел» тақырыбында көрініс көрсетті.

«Байқоңыр «Космос» колледжі»
білім мекемесінің»
«арнайы пәндер» оқытушысы
Кемалбаев Ербол Берикбаевич
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.