Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қайталау -

Қайталау

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1097 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Құтарыс ауылы
№30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсенбаева Жансая

Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өтілген тақырыптарды қай деңгейде түсінгенін көрсету.
а) "Кері есеп" туралы түсініктерін қалыптастыру.ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру.
ә)Математикалық ойлауын дамыту, есептеу білігін арттыру
б)Ұқыптылыққа шапшаңдыққа тәрбиелеу.Өздігінен ұмыс асауға үйрету.
Сабақтың түрі: Саяхат
Сабақтың әдісі: Ойын әдісі, деңгейлеп бағалау.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, саяхат картасы.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану:

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а)Балаларды жинақтап, зейіндерін бір арнаға аудару.
Сабақты біз бастайық,
Еш нәрседен саспайық.
Келген қонақ сіздерге,
Иіліп сәлем жасайық.
-Балалар, бүгін күн жарқырап шығып тұр,бізге шуағын шашып жылу беріп тұр. Олай болса көзімізді жұмып күннен жылу алайық. Енді жүрегімізді жылы сөзді айтайық.
Оқушылар тілек айтып шығады.
ә) Үй тапсырмасын тексеру, бағалау.
II. Ой қозғау.
Сұрақ-жауап:
1. Айдоста 4 машина бар. Алмаста одан 3 машина артық. Алмаста машина нешеу? (7)
2. Сыныпта 8 ұл және одан 2-еуі кем қыз бар. Сыныпта қыздар нешеу? (6)
3. Орманда 4 аю және одан 1 кем қонжық жүр. Орманда неше қонжық жүр? (3)
- Жақсы, олай болса біздің бүгінгі сабағымыз қайталау сабағы екен. Біз бүгін жәй сабақ өтпейміз. Біз саяхат сабақ өтеміз. Сендер саяхатшы деген кім екенін білесіңдер ме?
III. Жаңа сабақ.
- Біздің бүгінгі саяхатшымыздың аты Іздемпаз екен. Іздемпаз көптеген жерлерді аралап, неше түрлі асыл заттарды, көптеген жаңалық ашып жүрген саяхатшы екен. Ол тәттіге толы сандықша. Іздемпаздың саяхат картасы міне тұр. Осы саяхат картасымен Іздемпазға тәттіге толы сандықшаны табуға көмектесеміз бе? Сендер тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар Іздемпазға үлкен көмектерің тиеді. Іздемпаз сандықшаны тапса сендерге тәттілерінен беремін деп уәде етуде. Тәттіні жақсы көреміз бе? Тәттінің құрамына нелер кіреді?
ванелин

шоколад мармелад

әсел құс сүті

сүт дәнек
құмшекер

Өте дұрыс ал олай болса тәттілер мекеніне Іздемпаз жол тартты.
1 - тапсырма: Кел, ойнайық!
Шарты: Салыстыру белгілерін қою
2+2 ═ 7-3
6+1 ˃ 10-4
9-5 ═ 1+3
5+4 ˃ 9-2
8-5 ═ 9-6

4 < 5
8 < 9
2 < 3
9 ˃ 7
6 ˃ 4


- Жақсы балалар біз Іздемпазды шәрбәт аралына өткізейік. Енді оны Құмшекер тауынан өткізуіміз керек. Ол үшін 1 есепті орындауымыз керек. (есеп құрылымын сұрау)
№ 1
Шарты: Шешуі:
Үйрек - 6 6+4=10
Тауық - ? 4 артық Жауабы: 10 тауық

Шарты: Шешуі:
Үйрек - 6 10-6=4
Тауық -10 ? артық Жауабы: 4-еуі артық

- Жақсы балалар, Іздемпазды Құмшекер тауынан өткізейік. Енді сүт аралынан өтуі үшін "Алма теру" ойынын ойнаймыз. Алмаларды өз себеттеріне дұрыс салсаңдар Іздемпаз Сүт аралынан өтеді.
"Алма теру" ойыны
Шарты: Өрнектерді, теңдіктерді, теңсіздіктерді өз себеттеріне салады.

- Жақсы балалар, Іздемпаз Ванелин тауына келеді. Ванелин тауының тапсырмасын орындайық.
№2
8-1=7 8-3=5 8-5=3 8-7=1
8-2=6 8-4=4 8-6=2 8-8=0

Логикалық тапсырма.
Екі саяхатшы өзен жағасына келді. Жағадағы қайық бір кісілік екен. Олар өзеннен өтіп саяхаттарын жалғастырды. Саяхатшылар өзеннен қалай өтті?
Жауабы: Екі саяхатшы екі бағытта келе жатты.

- Балалар, енді Іздемпазға Мармелад ауылына өтуге көмектесейік. Ол үшін №3 мысалды орындау қажет.
№3. Кесінді сызу.
Шешуі: Жауабы:
7см-2см=5см Балдырған 5см кесінді сызды.

Сергіту сәті.

- Іздемпаз Бал аралар еліне жетті.Оған аралардан таланбай өтуге көмектесейік.
№5
10-8+3=5 7-6+5=6 8+2-4=6
5+4-6=3 9+1-2=8 3+0-2=1
Тақтамен жұмыс
- Іздемпазды араларға талатпай өткіздік. Енді ол Сұйық шоколад көліне жетті. Шоколад көлінен өту үшін Қалқанқұлақтың қатесін табуымыз қажет.
IV.Қорытынды.
- Балалар, міне Іздемпаз сандықшағада жетті. Бірақ балалар, сандықша жабық екен. Сандықша ашылуы үшін сендер мына суреттегі мултьфилм кейіпкерлерін атап, оларды мына паравозға отырғызуларың керек. Сондай-ақ онда жазылған тапсырманы орындасаңдар сиқырлы сандықшамыз ашылады.
Сандықшадағы тәттілерді балаларға үлестіру.Мадақтау.
V.Бағалау: тарату
VI.Үйге тапсырма: №4. Түсіндіру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.