Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Айтыс  өнері дегеніміз не? Ақындар айтысы. -

Айтыс өнері дегеніміз не? Ақындар айтысы.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2588 | Размер: | Автор: гость
. ОҚО, Сайрам ауданы, №83 Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Сармузаева Г, 3-сынып.

Айтыс өнері дегеніміз не? Ақындар айтысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шәкірттердің білім, біліктілігін дамытып, оларды жүйелі де еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Баланың танымдық іс-әрекетін дамытып, өмірге бейімділігі мен ізденімпаздығын жетілдіру.
Тәрбиелілік: Рухани адамгершілігі мол, өзіне сенімді, еңбекқор, заманына сай тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Домбыра аспабы. Интеактивтік тақтаға салынған суреттер. Өлең ұйқастары. Музыкалық сауаттылцықты дамытатын суреттер. Таспа.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
1. Ұйымдастыру барысы.
№1 слайд.

Мұғалім: Ал, қанеки балалар,
Сәлемдесіп алайық.
Сабағамызға керекті,
Кітап, дәптер алайық.
Тыныштықты сақтайық,
Тазалықтан қашпайық.
Даусымызды жаттықтырып,
Ән сабағымызды бастайық.

№2 слайд. Дауыс жаттығулары.

А) А-ғаш-та қар-ға-лар о-тыр. Бү-гін қан-дай ке-ре-мет күн.
До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до. До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до.
Ә) Ән қайталау. Өткен сабақтардағы әндерді қайталау.

2. Үйге берілген тапсырма: «Әнің жетсін аспанға» әнін жатқа сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақтың барысы.

Балалар, «Айтыс өнері» тарауын оқып бітірдік. Бүгінгі абағымызда осы тара бойынша не үйрендік, не білдік деген сұрақтарға жауап бере отырып, білімімізді бекітеміз.

№3 слайд. Сұрақ-жауап арқылы білімдерін тиянақтау.
- Мынау қандай ақындар?
- Айтыс ақындары.
- Айтыс ақындарында қандай қасиеттер болуы тиіс?
- Жыраулық, табан астында сөз, өлең шығаратын суырыпсалмалық қабілеттері болы тиіс.
- Айтысудың қандай түрлері бар?

№4 слайд. Айтысудың түрлері. Жар-жар, қыз бен жігіт, бәдік, өтірік өлең айтысы.

Сөз жұмбақ шешу.
- Өлең сөзбен жарысып, сайысу, тартысып, сынасу. Қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де айтысуы мүмкін. Айтыстың біз танысқан түрлеріне тоқталайық.
- Бәдік айтысы туралы не білеміз?
- Бәдік айтысы-айтыстың ең көне түрі. Бір ауруды малды емдеу үшін айтылатын өлең болған. Ерте заманда адамдар мал ауруының егесі болады деп ойлаған. Малмен күн көріп отырған халыққа «айналма» деген мал ауруынан құтылу өте қиынға соққан. Сол себептен одан құтылу өте соққан. Сол себептен одан құтылудың амалы-аурудың иесі-бәдікті үркітіп, көшіру деп білген. Ол үшін кешке жақын ауыл жастары жиналып, сауық кешін өткізетін болған. Бәдікті сөзбен қорқытып, көшіру үшін жастар екі жақ болып сөз сайысына түседі де, кезек-кезек айтысады.
- Бәдік жырында қандай сөз қайталанып тұр? Себебін кім айта алады?
- «Көш-көш» деп басталып, «көш» деп аяқталады. Мал ауруын үркітіп, көшіреміз деп ойлап, «көш» сөзін көп қолданған.
1 топ: Көшер болсаң, әй, бәдік, арқаға көш әй,
Қой ішінде жайылған, марқаға көш бәдік әй,
Көшер болсаң, әй, бәдік, жылқыға көш,
Жапырақтың ішінде жалқыға көш, әй, көш, бәдік.

2 топ: Көшер болсаң, әй, бәдік, жыланға көш, ай
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құланға көш ай, көш!
Көш айласын білмесең, мен айтайын ай,
Жердің жүзін қаптаған тұманға көш, көш, көш, көш, бәдік ай!

№6 слайд.
- Жар-жар айтысы қандай айтыс екенін кім айтып бере алады?
- Бұл қызды ұзатар алдында айтылатын айтыс. Той тарқар кезде бозбалалар қыз отырған үйге келіп, өлеңмен қоштасады. Бозбаланың қоштасып айтқан әрбір өлеңіне ұзатылған қыз жауап береді.
- Ал, енді «Жар-жар» айтысын орындап көрейік.

Жігіт: Қара насар, замандас, қара насар, жар-жар!
Қара мақпал сәукелең шашың басар, жар-жар!
Мұнда әкем қалды деп, қам жемегің, жар-жар!
Жақсы болса қайын атаң, орын басар жар-жар!

Қыз: Есік алды қара су, майдан болсын жар-жар!
Ақ жүзімді көргендей айнам болсын жар-жар!
Қайын атасы бар дейді, көп жігіттер, жар-жар!
Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар!

№7 слайд.
- Қыз бен жігіт айтысының ьмазмұнын кім айтады?
- Қыз бен жігіт айтысы халықтың әдет- ғұрпы, салтына байланысты ойын- сауық кезінде айтылатын болған. Екі тжастың амандасуынан басталып, қалждың түрінде жалғаса береді.
Жігіт: Домбыра басы ырғайды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Бұлғаса ьда бармаймын,
Әндеме деп қарғайды.

Қыз:Домбыра басы ырғайды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Шақырғанда бармасаң,
«Көк шелек» деп қарғайды.

Жігіт:Ол қарғысың өзіңе,
Екі қара көзіңе.
Қыз қарғысы өтпейді,
Маған тіпті жетпейді.
Қыз:Кәмпитімді бермеймін,
Енді саған ермеймін.
Маңайыңа келмеймін,
Айтқаныңа көнбеймін.

Жігіт:Қыз.қыз,құртыңнан,
Кеуіп шықтым жұртыңнан.
Сол, құртыңнан бермесең,
Тесіп шықсын ұртыңнан.
Қыз:Бала, бала қырт бала
Аузымдағы құр бала.
Сілекейлеп берейін,
Суың болсын, жұт бала.
№8 слайд.
Қыз бен жігіт айтысына тарихта аттары қаклған Біржан мен Сараның айтысын алуға болады.
- Сара 11-12жасынан айтысқа түскен. Біржанмен айтысқанда оны 80-дегі Жиенқұл деген шалға атастырып қойған болатын. Біржан оның басына бостандық алдып береді , Сара өзінің сүйген адамына тұрмысқа шығады.

№9 слайд.
- Балалар айтыс өнері уақыт өткен сайын жасарып, жаңаруда. Қазіргі айтыс ақындарынан кімдерді білесіңдер? Өзіміздің облысымыздың намысын қорғап жүрген айтыс ақындарын білесіңдерме?
- Еркін Садықұлы, Аманжол Әлтаев,ғ Дәулеткерей Кәпұлы, Тазабек, облыстан шыққан Марат Ахметов, Шыңберген Сүлейменов.
- Ақындардың негізгі жырлайтын тақырыптары:
- Тәрбие, бейбітшілік, сыбайлас жемқорлық, табиғатты бүлдірмеу, т.б.
- Оқушылар айтысында не туралы айтылады соны тыңдап көрейік.

Бірінші оқушы: Айтып қойшы, қарағым,
Қандай боп жүр сабағың?
Жайын біліп қояйын,
Сендей салақ баланың.
Екінші оқушы: Сөзін тыңда қарағым,
Мен секілді баланың.
Сен осында қаласың,
Мен лагерьге барамын.
Бірінші оқушы: Қайда барсаң онда бар.
Семіргенің жөн болар. Тәртібіңнен алайда, Болмай тұр-ау оң хабар.

Екінші оқушы: Айналайын, көкешім, Тәртіпті айтып не етесің? Сендердегі Серікбай, Неге жарды шекесін?
Бірінші оқушы: Қай өнегең асып жүр, Қай тәртібің тасып жүр? Сендердегі Сенбайда Сабағынан қашып жүр.

4.Музыкалық сауатты дамыту.

№10 слайд.

- Біздің халық жеті санын қастерлеген. Музыкада да 7 дыбыс бар екенін білеміз. Ендігі тапсырма сандарды ретімен орналастырсаңдар айтыстың түрі шығады.
IV. Сабақты қорыту:
Сұрақтар: Айтыс өнері неге үйретеді?
Қанадай айтыс түрлері бар?
Қандай айтыскер ақындарды білесіңдер?
5.Бағалау:
Балалардың білім деңгейіне қарай баға қою№
6. Үйге тапсырма.
Оқушылар айтысына өлең шығару.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.