Меню
Назад » » »
Ғ.Қайырбеков. Ана тілі.
загрузка...

загрузка...
Абдезова Жанна Жайсанбайқызы,
А.С.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Қайнар ауылы Жотабай көшесі
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Қайырбеков. Ана тілі.

Сабақтың мақсаты: Ғ.Қайырбековтың өмірімен,шығармашылығымен . таныстыру. «Ана тілі» өлеңімен таныстыру.Көркем
шығарманы талдай отырып,әрбір оқушының өз
тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу.

Дамытушылығы:Сөйлеу мәдениетін,шығармашылықтарын,талдау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелігі: Ана тілін сүюге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:С.Т.О стратегиялары:«Ой шақыру»,«Мағынаны тану»,
«Топтастыру»,шығармашылықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:слайдтар, ақынның суреттері

Пәнаралық байланыс:математика.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау.Ә.Тәжібаев.«Жарық түнде жайлауда» өлеңін мәнерлеп
оқу.
Үй тапсырмасын қортындылау: «Деректер сөйлейді»
Шарты :Оқушылар сандық деректерге қарап бұл жылдар нені білдіреді? Неге байланысты екенін айтады.

“1909,1998,1948,Қазақ әдебиеті,«Сыйлық 1927»,1932-Жаңа ырғақтар,1985.

Жаңа сабақ. «Ой шақыру»
Әр топтан бір оқушыдан өз пікірлерін білдіреді.

-Ана тілі деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Ана тілі туралы қандай ойларың бар?
- Қазіргі кезде ана тіліміздің қолданылу аясы қандай?
Мағынаны тану

Оқушыларға Ғ.Қайырбеков туралы мәлімет жинақтап келу тапсырылған.
Мәлімет жинақтаған оқушылар өз мәліметтерін қорғайды.
Слайдтан автордың суретін,өмірбаянын,шығармашылығы жайлы толықтырып көрсету.
Оқушылар керекті мәліметтерді жазып алып отырады.
Сергіту сәті: Көбелек тұрды ертемен,
Күлімсіреп керілді.
Бір-шықпен бетін жуды,
Екі- шыр айналып бұрылды.
Үш -қанатын жайды,
Төрт-ұшып кетті.

-Енді, Ғ.Қайырбековтың «Ана тілі» өлеңімен танысамыз.Өлеңді нақышына келтіріп оқу.
Ана тілі

Мейлі шарлап теңіз өттім,тау бастым,
Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым.
Сонда-дағы сен қалмассың көкейден,
Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.

Бар қазақтың орман, көлі, өзені.
Тау қиясы, жалпақ жазық, кезеңі,
Сайрап сөйлеп тұрған жоқ па қазақша,
Қалай тозар сендік асыл сөз енді!?

Сенде емес пе солардың бар ажары,
Орман үні, бұлағының таза әні.
Гүл, бәйшешек, көкорайдың жұпары,
Жақсы қысы, жомарт көктем, жаз айы!?

Ана тілім күшім менің , қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды
Тізелесіп қатар жазса мың ақын!?

Мәтін бойынша сұрақ:-Өлең жолдарында қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді?

Әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ «Баяндаушы»
Өлеңді мәнерлеп оқу.

2-топ «Сөз тапқыш»
Пікірлерін қорғайды. Өлеңдегі өздеріне ұнаған жолдарды дәптерге жазып,Неліктен ұнады?

3-топ «Жазушы»
«Ана тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбына өлең қосып ,шағын әңгіме жазу.
Үш топтың жауаптарын тыңдау.

Сабақты бекіту.
«Бәйге»ойыны
1. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
2. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
3. «Ана тілі» өлеңінің авторы кім?
4. Өлең көркем шығарманың қай түріне жатады?
5. Поэзия дегеніміз не?
6. Тіл туралы мақал-мәтел білесің бе?
7. Тіл туралы бір шумақ өлең айт

Сабақты қортындылау. Рефлексия . Бүгінгі сабақта не білдік? Не үйрендік? Не түйдік?
-Білім қоржынын толтырайық.( қоржынға әр асық тастаған сайын бүгінгі сабақта не үйренгенін айтады.)

Оқушыларды бағалау.Таратылған флешкалар арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Ғ.Қайырбеков. Ана тілі. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 304 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar