Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ахмет Байтұрсынұлы  «Ақын  ініме» -

Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1232 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Талатова Севара Нехматжановна
Сайрам ауданы, Т.Рустемов атындағы г/м қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»
Сабақтың мақсаты:
а) А Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу;
ә) оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыра отырып шығармашылық ізденіске жол ашу;
б) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: А.Байтұрсыновтың суреті, өлеңдер
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
ә) Өткен сабақты сұрау:
1.«Сұрақ – жауап» әдісі:
1.А.Байтұрсынұлының өмірдерегіне тоқталыңдар.
2. А.Байтұрсынұлының қандай шығармаларын білесіңдер?
3. Ахмет Байтұрсыновтың қуғын-сүргінге ұшырауы не себепті?
2.Тестпен жұмыс:
1.Өлең жолдары кімге қатысты?
Қарағым, айналайын, қамқор анам,
Арнап хат жазайын деп алдым қалам,
Сен онда, мені мұнда аман сақтай
Көруге жазғай еді хақ тағалам.
Бара алмай өтірікші болып әбден,
Семейдің түрмесінде отыр балаң...
А) Жиренше
В)Дулат
С) Махамбет
Д) Абай
Е) Ахмет
2. А. Байтұрсыновтың «Маса» жинағын шығарудағы мақсаты не?
А) Адамзатты қорғауға шақыру
В) Патша үкіметін маса болып құлату
С) Өзінің ізін басқан ақын-жазушыларға үгіт – насихат айту
Д) Ұйықтап жатқан халқын маса болып ояту
Е)Халықты отаршылдыққа қарсы шақыру
3. А. Байтұрсынов «Екі шыбын» мысалында қандай мінез сыналады?
А) Залымдық
В) Жалқаулық
С) Мақтаншақтық
Д) Тәкаппарлық
Е) Өзімшілдік
4. А. Байтұрсыновтың өлеңдер жинағын табыңыз.
А) «Оян, қазақ!»
В) «Маса»
С) «Терме»
Д) «Азамат»
Е) «Домбыра»
5. А. Байтұрсыновтың аудармасын табыңыз.
А) «Тіл құралы»
В) «Қазақ салты»
С) «Ала қойлар»
Д) «Әліп - би»
Е) Жизньописание
б) Жаңа сабақ:
А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқу.
Жаңа сөздікпен жұмыс: Милләт - араб сөзі, «халық, ұлт» деген мағынада
Аплатон - ертедегі грек оқымыстысы
Мәтінмен жұмыс: Автордың ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарындағы ирониялық сарынды тап.
Мысалы. «Нашардың көбірек же, хақын інім,
Айғырсып момындарға ақыр, інім,
Кісімсіп, ең болмаса қақыр, інім»
Қорытындылау:
1. А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңінде адам мінездеріндегі қандай қасиеттер сыналады?
2. Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?
Бағалау.
Үйге тапсырма: А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін жаттап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.