Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын» -

Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1644 | Размер: | Автор: гость
. 7Ғ сыныбы күні: 27.10.15 пәні: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»
Мақсаты Мысалдың идеясын ашу және жан-жануарлардың іс-әрекеті арқылы ұнамсыз мінез-құлықтардан аулақ болуға үндеу.
Күтілетін нәтиже А. Өлеңді мәнерлеп оқи алады, мазмұнын түсінеді.
Б. Мысалдың басқа жанрдан ерекшелігін ажыратады.
С. Мысалдың айтар ойын салмақтайды, жаман әдеттен аулақ болу керектігін сезінеді
Керекті жабдықтар 7-сынып оқулығы, нұсқаулық, ресурстық парақтары, маршруттық карта, жұмыс дәптері,
Пайдаланылған әдіс–тәсілдер. СТО: Жоғары, төменгі дәрежелі сұрақтар, АКТ: Интерактивті тақта арқылы тапсырмалар беру.
ЖАҢА ТӘСІЛДЕР: «Галерея» әдісі бойынша жаңа сабақты меңгереді, маршруттық карталар беріледі, «Крестиктер-нөлдіктер» әдісімен сабақты бекіту. «Бағдаршам» әдісімен өзара бағалау,Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау, «Сэндвич»әдісі арқылы кері байланыс жасау
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Уақыты
минут Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 2 минут

6 минут

1. Ұйымдастыру
Оқушыларды топқа бөліп аламын.

2. Үй тапсырмасын тексеру:
Жаттау сұралады. Сұрақтарға дайындаған жауаптарын тыңдау. 1. Сабаққа әзірленеді
Ортаға шеңбер жасап тұрады, бір-біріне жақсы тілектерін айтады. үш топқа бөлінеді.
2. Ахметтің «Ақын ініме» өлеңінен үзінді айтады;
Тұсаукесер 3 минут
Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерге байланысты ассоцация жазу. Оқушыларды сабаққа дайындау мақсатында осы тапсырманы бердім. Оқушылар ойлаған сөздерді жазып, солар туралы өз түсініктерін айтады

Негізгі бөлім 17 минут

9 минут
Алдымен ресурстық парақтар беріледі. Өлеңмен,мысал жанрымен танысады. «Екі шыбын» мысалының мазмұны жайында «Галерея» әдісі бойынша постер қорғайды. Әрбір топқа 8 мин.уақыт беріледі. Тұсаукесершілер қорғайды (2мин), жауаптарын қадағалау, тыңдау

Кейбір жекелеген оқушыларға маршруттық карта беріледі.
Деңгейлік тапсырмалар:
А. «Екі шыбын» өлеңін мысалға жататынын анықта.
В. Тағы басқа мысалдар арқылы дәлелде.
С. Мысал жанрына тән белгілерді кесте арқылы көрсетіңіз. Әрқайсысы топта бірлесіп жұмыс жасайды.Ресурстық парақтағы жаңа тақырыппен танысады. «Екі шыбын» мысалын оқи отырып, ол тақырыпты өмірмен байланыстырады. Өмірде болатын «Біреудің қолымен от көсейтін» адамдар жайлы пікірлерін айтады.Топтан бір оқушы қорғайды. Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.
Топтағы әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, түсінбегендерін көршісінен сұрайды немесе топпен талқылайды. Орындап болған соң критерий арқылы өзін-өзі бағалайды.
Қорытынды 4 минут

2 минут

2 минут

3. Бекіту кезеңі «Крестиктер-нөлдіктер» әдісі. Оқушыларға интерактивті тақтадан бірден тоғызға дейінгі саны бар кесте көрсетіледі.
«Сэндвич»әдісі арқылы кері байланыс жасау
Үйге тапсырма: Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым (шығарма жазып келу). Оқушылар әр санның артындағы сұраққа жауап береді. Дұрыс болса крестик қояды, қате болса нөл қойып отырады.

Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін,күйін, сезімін кері байланыс парағын толтыру арқылы көрсетеді.
Үй тапсырмасын жазып алады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.