Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ахмет Иүгінекидің  «Ақиқат сыйы»  кітабындағы  адамгершілік, білім, кісілік туралы  өнегелері жайлы (эссе) -

Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» кітабындағы адамгершілік, білім, кісілік туралы өнегелері жайлы (эссе)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3683 | Размер: | Автор: гость
. Ахмет Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» кітабындағы адамгершілік, білім, кісілік туралы өнегелері жайлы (эссе)

Ізгілік – бір биік үй мұнарасы,
Алқызыл жайнап өскен гүл бақшасы.
Әлдебір сол гүл өскен жасыл алқап,
Сол үйдің не болмаса іргетасы.
А.Иүгінеки
Ахмет Иүгінеки- ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басында өмір сүрген асқан білімпаз, ғұлама оқымысты есімі өз кезінде бүкіл ұлан ғайыр Қарахан мемлекетіне белгілі болған данышпан кісі, яғни даналардың көшбасшысы.Ғұлама Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте туып өскен.Жасынан зағиптық мехнатын көп тартқан адам. «Гауһардан сөз теретін одан ешкім озбады» деген халық сөзі ақынның асқан дарындылығын дәріптеуден шыққан. Біздің заманымызға жеткен «Хибатул хақайық» атты кітабы--тәлім тәрбие, адамгершілік, білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен өрнектеген аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра. Кітаптың аты араб тілінде қойылғанмен, ондағы өлеңдер орта ғасырлық түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. «Ақиқат сыйының» прозалық және поэтикалық аудармалары қазіргі қазақ тілінде де жарық көрді.
Бұл даналық шығармада ақын тәлім-тәрбиенің негізі адам болуға, кісілікке тәрбиелеу екенін баса көрсетіп, ол үшін әрбір адам оқып, білім алуы керек деп бастайды.
Айтайын білім жайын құнты бар бол
Ей, достым,білімдіге ынтызар бол.
Ашылар білімменен бақыт жолы
Білім ал жолға түсіп бақыт толы.
Білімді -- алтын нұры ашылатын,
Білімсіз-- қара бақыр шашылатын.
Жүрсе де тым шіреніп,
Білімсіз жан - тірі өлік, -деп, ақын білімсіз надан адамның адамдық бейнесі болмайтынын басып айтады. Халқымыздың «оқу--инемен құдық қазғандай», «оқу--білім қазығы, білім-- өмір азығы» деген мақалы осы бір отты қайнар көзінен туындаған болу керек. Ұстаз ақын халықтық әдепті өмір құбылыстарынан жоғары қояды да әдептілік сөйлеуден, сөз қолданысынан көрінетінін ескертіп, әдепті сөйлеу үшін тіл мен ой-сананың жетіктігі керек екендігін уағыздайды.
Әрқашан әдеппен, Қысқа сөйлеп әдеттен.
Байқап шығар үніңді,Тарта сөйле тіліңді,-- дейді. Ақын «Оқ жарасы жазылар, тіл жарасы жазылмас» деп, әдепті сөйлеген адам көңілге қаяу, жүрекке жара салатынын, сөзі арқылы басқаға қиянат жасайтынын қатаң ескертеді.Халқымыздың «таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» деген мақалының түп сәулесі осы бір маржан сөз нақысынан туындаған сияқты.
Тілді безеп тасыма,
Тілің дұшпан басыңа,--деп ақын мылжыңдық, езбелік, мақтаншақтық, бөспелік, қияңқы сөз бен қыршаңқылық адамға зиян екенін ескертеді, білімді, инабатты, әдепті сөйлеуге үндейді. Жүйнеки әдептіліктің бір белгісі жомарттық деп, оның асыл қасиет екенін дәріптейді.
Жұмсармас иілместі жомарт иер
Мұрат та қол жетпейтін бұған тиер.
Мақтайтын бақылдарды жан бола ма,
Сақыны ағайын, ел бәрі сүйер,--дейді.Ақын адамдардың мінез-құлқын жақсарту арқылы оларды жомарт, мейірімді, білімді ету арқылы заманды жақсартуға болады деп үміттенеді де, тәлім тәрбиеге ерекше көңіл береді.
Тағы бір керекті сөз айтам дастан,
Ұғып ал құлақ салып мендей достан.
Болып ал кішіпейіл өзгерместей
Аластат тәкаппарлық ойды бастан,--деп ол тәкаппар, паң, өркөкірек мінезден аулақ болуды уағыздайды.
Дұшпандықты жоя біл, Жазықтыны кешіргін.
Ақылға ден қоя біл,Ашу өртін өшіргін,--деп жақсы мінезді қалыптастыру үшін әрбір адам өзін өзі тәрбиелей білу қажеттігін өнеге етеді. Және оның кейде тегіне де байланысты екенін :

Тегі асыл адамның, мінезі де сүйкімді.
Тексіз бұзық наданның, жоқ болады сүйкімі,--деп тұжырымдайды.Мінез құлықтың ең қасиеттісі инабаттылық, мейірімділік, қайырымдылық екенін:
Кемтарларды көңілдендірер ас бер де,
Үлкендердің абыройын қастерле,--дейді. Халқымыздың меймандостық, үлкенді сыйлау, дәстүрлерін, адамның бойындағы мейірімділік, әдептілік, сүйіспеншілік қасиеттерді дәріптегенін Иүгінеки бабамыздың жырларынан байқап, «бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам болып қалуды»көздейтін ұлы адамдармен өзара үндестік табамыз.Ертедегі данышпан бабаларымыздың мұхиттай мол еңбектерінің бір тамшысы іспеттес болса да, «Ақиқат сыйы» кітабы ұлы ойшылдардың ұлттық тәлім-тәрбиемізге, рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеуде бұдан былай да зор әсер ететін құнды еңбек екенін біліп, бала тәрбиесінде алатын орны ерекше екенін көреміз.Тек бағалы дүниені байыптап, пайдалана білу әрбір білімді ойлы адамның ісі екенін мойындауымыз керек.

Асанова Сағила Тынысбекқызы
Өзін – өзі тану пәні мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.