Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Алаш» партиясы -

«Алаш» партиясы

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2625 | Размер: | Автор: гость
. «Алаш» партиясы
тарих пәні мұғалімі: Медетова Аймкуль Кенжебековна
Шымкент қаласы, №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы

“Алаш” туының астында
Куә болсын Арымыз!
Көркейтуге Алашты
Құрбандық біздің жанымыз!

Жасасын, Алаш, жасасын! – деп С.Торайғыров өткен ғасырдың басында “Алаш” қозғалысы жайлы жырлаған болатын. Қазақ тарихының ақтаңдық беттерін қарап отырсақ, ұлт, тағдырын, халық қамын жете ойлаған Алаш арыстары қызыл империяға қарсы қаймықпай күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен.
Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады.
«Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі
1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық – демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов кейінірек «Қазақ» газетінің 1917 жыылғы 23 желтоқсандағы 256-санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында (хат «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы №29 санында басылды) жан-жақты негіздеді. Осы сұраққа кадет партиясынан неге шықтым» деген сұраққа жауабында Ә.Бөкейханов негізгі үш мәселеге оқырмандардың назарын аударған: «кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн» дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса. Башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытырылып қалады.
Бірінші бүкілқазақтық сьезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Сьезге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан астам адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сьездерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар:
1. Мемлекеттікбасқаруформасы; 2. Автономия құру мәселесі; 3. Жер мәселесі; 4. Халық милициясын құру; 5. Сот ісі; 6. Дін мәселесі; 7.«Алаш» саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау; 8. Құрылтай жиналысын шақыру; 9.Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы; 10. Жетісудың ашыққан халқына көмек; 11. Халық ағарту ісі; 12. Земство; 13. Әйел мәселесі; 14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сьездіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Х.Досмұхамбетовтың төрағалығымен, А.Байтұрсыновтың, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың және А.Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сьезд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың саяси партиясынын құру проблемаларына аударды.
Біріншіжалпықазақтықсьездөзініңкүнтәртібіндегі аса маңыздымәселелердің бірі – қазақ саясипартиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократиялық федеративті парламенттік республика құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областық комитеттерінің қарауына жіберді. Одан кейін Құрылтай жиналысына жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді.
Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы сьездің қаулылары Құрылтай жиналысына баратын қазақ депутаттарына аманат болады».
Жаңадан құрылған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды.
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.
Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда оциалистік идеологияны, таптық принциптерге негізделген күрес бағдарламасын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайратерлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да, олар өз күресін жалпыұлттық мүддеге негізделген «қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін» деген ұранның астында топтастыруға бағыталды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы – бірінші жалпықазақтық сьезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді.
Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы «ҚАЗАҚ» газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.
Сөз жоқ, бірінші жалпықазақтық сьезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның дәстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы және аса маңызды қадамы болды. 1917 жылдың шілде айында оның нағыз саяси партияға тән жарғысы да, бағдарламасы да болмады. Оның мүшелеріне партиялық билеттер берілгендігі жөнінде де архивте сенімді деректер кездеспейді. Осы күнге дейін Алашқа мүше болғандардың саны туралы айтылып және жазылып жүрген мәліметтер тек жорамалдар ғана. Мұны М.Дулатов ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жылы қарашаның 30-да берген жауабында растай түседі. Осы құжатта М.Дулатов былай дейді: «Алаш партиясының жарғысын бекіткен сьезд болған емес. Сондықтан да Алаш партиясы көпшілікке кең танылған Алашорданың көлеңкесінде қалды. ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жылдың 14 шілдесінде берген жауабында М.Жұмабаев та Міржақыптың осы тұжырымына жақын пікір айтады. «Алашты, — дейді Мағжан, — саяси партия деп санаған емеспін. Тек қана Алашорда үкіметі болды».
Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден сол жылдың соңына, яғни Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылғанға дейін айтарлықтай қарқынмен жүргізіледі. Оның жергілікті комитеттері жекелеген облыстарда 1917 жылғы қазан-қараша айларында құрылғандығы жөнінде құжаттар да сақталған. Дей тұрсақ та, Совет өкіметінің орнауына байланысты, 1918 жылдың көктемінің соңы – жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды. Ал азамат соғысы жылдарында Алаштың, М.Дулатов дәл айтқанындай, «Алашорданың көлеңкесінде қалғаны» тарихи шындық.
Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен, партияның программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінеді. Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды. Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.
«Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағыты: соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.Петроградта революция жеңіске жетіп, Қазақстанда Совет өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, «Қазақ» газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды:
1.Мемлекет қалпы; 2.Жергілікті бостандық; 3.Негізгі құқық; 4. Дін ісі; 5. Билік һәм сот; 6. Ел қорғау; 7. Салық; 8. Жұмысшылар; 9.Ғылым-білім үйрету; 10.Жер мәселесі.
Жобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов. «Алаш» партиясына оның кіндік комитетінің айтқанын екі етпейтін, бұйрығын дәл орындайтын партияның программасын ұнатып, жөн көрген ондағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі ғана кіреді деген талап қойылған. Азамат соғысы жылдары Алашорда үкіметі Кеңес өкіметіне қарсы болғандықтан саяси қудалауға ұшырады. 1920 жылы Алашорда үкіметін жою жөнінде қаулы шықты. Тоталитарлық тәртіптің нығаюы алашордашылардың өміріне, ісіне араласа отырып 1937 – 1938 жылдары жаппай сталиндік репрессияға ұшырады.
1955 жылы алашордашылар ақталса да, ресми тарихтан тыс болды. Тек 1988 -1989ж. Қазақстан Коммунистік партиясының шешімімен шығармашылық мұралары жарық көрді.
Қорытынды:
Ғасырлар бойы ата – бабаларымыз ұлан – байтақ қазақ жерін, елін тұлпардың үстінде жүріп, найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаса, ал “Алаш” қозғалысының қайраткерлері саяси күресті ойлап тапты. Оларды да сүріндірді, бірақ құлата алмады. Қазақ халқының маңдайына азаттықтың ақ таңын көру 1986 жылы желтоқсан оқиғасынан кейін бұйырыпты.
Әдебиеттертізімі
1. «Алашүні» 2003 ж. № 1
2. «Алашүні» 2003 ж. №4,5,3
3. К.Нұрпейісов, Алашақиқаты, Алматы 2010
4. ЕгеменҚазақстан 2003 ж 16 желтоқсан №326
5. Қойгелдиев, Алашқозғалысы, Екітомдықмонографися, Алматы 2008, 1 том 382-423 беттер
6. ЖасАлаш 1999, 11 қыркүйек № 109
7. Азат 2006, 22 наурыз №11
8. Сарыарқа 1918 ж, 22 январь № 28
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.