Меню
Назад » » »
Алдар көсенің тапсырмалары
загрузка...

загрузка...
Кенжебаева Гулнур

Ақтөбе қаласы,
№36 «Балақай» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі

Тақырыбы: «Алдар көсенің тапсырмалары»
Мақсаты: 1. Балаларды дамытушы ойындар арқылы игерген білім, дағдыларын көрсету.
2. Балалардың ой-өрісін, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін, байқампаздығын қалыптастыру.
3. Балаларды татулық, бірлікке, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ

Балалар әуенмен кіріп, жарты шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші: Балалар менің қолымдағы жұлдызшаларға қараңдаршы, қандай әдемі. Осы жұлдызшалардан шашу шашайық.( балалар қонақтарға шашу шашады)
Ғаламшар қарсы ал сәлемді
Самғаймыз келіп әлемді
Қабыл ал шын жүректен
Балалар мен қыздардың
Махаббатына толы сәлемді.

(есік қағылады)
Тәрбиеші: - Балалар, бізге Алдар көсе атамыз хат беріп жіберіпті, хатында өзінің қазір келетінін айтып мына дискіні де беріп жіберіпті. Ендеше балалар Алдар көсе атамыз келгенше өзі туралы мультфильм қарай тұрайық.
Алдар көсе әндетіп келеді. Саламатсыңдар ма балалар! Міне , мен де келіп жеттім. Осы балабақшада білімді, тапқыр балалар бар дегенді естіп, сендердің білімдеріңді байқайын деп көп тапсырмалар ала келдім. Тапсырмаларды менің қоржынымдағы асықтарды бір-бірден ала отырып орындаймыз. Ал, қанекей балалар тарсырманы орындауға дайынбыз ба?
Балалар: Иә, дайынбыз.
Алдар көсе : Кел, балам қоржыннан бір асық ала ғой.
Тапсырма: Д/О: «Геометрик» ( Пішіндер құрастырады)
Алдар көсе: Жарайсыңдар балалар! Келесі асықты ала ғой.
Тапсырма Д/О: «Алдымен не содан кейін не болды» (суреттерді ретімен қояды)
Алдар көсе: Бұл тапсырманы да мүдірмей орындадыңдар. Балалар енді бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті
Төрт қадам алға, төрт қадам артқа
Айналад, айналад, біздің паравоз
Қолмен шапалақтайық, аяқпен топ-топтайық
Иықты қозғап-қозғап, ал енді секіреміз.
Алдар көсе: Келесі асықты кім алады? Кел Жансен ала ғой
Тапсырма Д/О: «Ертегі кейіпкерлерін тап»
Алдар көсе: Жарадыңдар балалар. Келесі асығымыздың тапсырмасын орындайық.
Тапсырма: Интерактивтік тақтаға қараймыз.
Д/О: «Көргеніңді қайтала»
Алдар көсе: Балалар тапсырмаларды орындадық, енді ойын ойнап жіберсек қалай қарайсыңдар.
Ұлттық ойын: «Итеріспек»
Алдар көсе: Балалар барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар, сендер шынымен де білімді, ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер. Мен қоржынымды тағы бір қарап жіберейін, асық қалып қоймады ма екен? (қарайды, қоржыннан жылтыр асық шығады) Балалар біз барлық тапсырмаларды орындадық, қараңдаршы бұл асықта ешқандай сан да жазылмаған, өзі жылтыр. Балалар бұл сиқырлы асық. Мен асықты иіремін, сендер сол кезде көздеріңді жұмасыңдар. (балалар көздерін жұмады, сол кезде Алдар көсе қоржыннан сыйлықтар алып шығады)
Алдар көсе: Балалар, көздеріңді аша қойыңдар. Мына кітаппен білімдеріңді әрі қарай шыңдай беріңдер. Сендерге көп-көп рахмет. Ал, енді сендерді апайларыңа апарып табыстайын.
(Барлығы әуенмен залдан шығады)


«Қонжық» ортаңғы тобының ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Таным, қатынас, денсаулық, әлеуметтік орта.
Бөлімдері: ҚМҰҚ , тіл дамыту, дене-шынықтыру, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Алдар көсенің тапсырмалары»
Мақсаты: Білімділік: Балаларды дамытушы ойындар арқылы игерген білім, дағдыларын көрсету.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін, байқампаздығын қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Балаларды татулық, бірлікке, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ізденімпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ
Тәрбиеші: Балалар менің қолымдағы жұлдызшаларға қараңдаршы, қандай әдемі. Осы жұлдызшалардан шашу шашайық
Ғаламшар қарсы ал сәлемді
Самғаймыз келіп әлемді
Қабыл ал шын жүректен
Балалар мен қыздардың
Махаббатына толы сәлемді.


Балалар қонақтарға шашу шашады.

Барлығы қосылып, қимылмен орындайды.

(есік қағылады)
Тәрбиеші: - Балалар, бізге Алдар көсе атамыз хат беріп жіберіпті, хатында өзінің қазір келетінін айтып мына дискіні де беріп жіберіпті. Ендеше балалар Алдар көсе атамыз келгенше өзі туралы мультфильм қарай тұрайық.
Алдар көсе әндетіп келеді. Саламатсыңдар ма балалар! Міне , мен де келіп жеттім. Осы балабақшада білімді, тапқыр балалар бар дегенді естіп, сендердің білімдеріңді байқайын деп көп тапсырмалар ала келдім. Тапсырмаларды менің қоржынымдағы асықтарды бір-бірден ала отырып орындаймыз. Ал, қанекей балалар тарсырманы орындауға дайынбыз ба?
Алдар көсе : Кел, балам қоржыннан бір асық ала ғой.
Тапсырма: Д/О: «Геометрик» ( Пішіндер құрастырады)
Алдар көсе: Жарайсыңдар балалар! Келесі асықты ала ғой.
Тапсырма Д/О: «Шатасқан суреттер» (суреттерді ретімен қояды)
Алдар көсе: Бұл тапсырманы да мүдірмей орындадыңдар. Балалар енді бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті
Төрт қадам алға, төрт қадам артқа
Айналад, айналад, біздің паравоз
Қолмен шапалақтайық, аяқпен топ-топтайық
Иықты қозғап-қозғап, ал енді секіреміз.
Алдар көсе: Келесі асықты кім алады? Кел Жансен ала ғой
Тапсырма Д/О: «Бұл қай ертегі?»
Алдар көсе: Жарадыңдар балалар. Келесі асығымыздың тапсырмасын орындайық.
Тапсырма: Интерактивтік тақтаға қараймыз.
Д/О: «Көргеніңді қайтала»
Алдар көсе: Балалар тапсырмаларды орындадық, енді ойын ойнап жіберсек қалай қарайсыңдар.
Ұлттық ойын: «Жұптасып тартысу»

Балалар интерактивті тақтадан мультфилм қарайды.

Саламатсыз ба, Алдар ата.

Балалар: Иә, дайынбыз

Балалар тақтайшаға пішіндер құрастырады.

Суреттерді мазмұнына қарай әңгімелеп ретімен қояды.

Балалар шеңбер бойымен жүріп қимылмен орындайды.

Ертегі кейіпкерлерін тауып бір-біріне қосады.

Балалар жалпы жетілдіруші жаттығуларды орындайды.

Балалар екі топқа бөлініп тұрады, ортасын арқанмен бөліп қояды. Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап келесі жаққа тартып алуы керек.
Алдар көсе: Балалар барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар, сендер шынымен де білімді, ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер. Мен қоржынымды тағы бір қарап жіберейін, асық қалып қоймады ма екен? (қарайды, қоржыннан жылтыр асық шығады) Балалар біз барлық тапсырмаларды орындадық, қараңдаршы бұл асықта ешқандай сан да жазылмаған, өзі жылтыр. Балалар бұл сиқырлы асық. Мен асықты иіремін, сендер сол кезде көздеріңді жұмасыңдар. (балалар көздерін жұмады, сол кезде Алдар көсе қоржыннан сыйлықтар алып шығады)
Алдар көсе: Балалар, көздеріңді аша қойыңдар. Мына кітаппен білімдеріңді әрі қарай шыңдай беріңдер. Сендерге көп-көп рахмет. Ал, енді сендерді апайларыңа апарып табыстайын.


Балалар көздерін жұмады.

Көздерін ашады.

Балалар сыйлықтарын алып, рахмет айтып залдан шығады. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Алдар көсенің тапсырмалары можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 359 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar