Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай -

Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3532 | Размер: | Автор: гость
. Бекітемін
Сабақ: Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай Мектеп:№2жалпы орта білім беретін мектеп
Күні: 7.10.2015ж Мұғалімнің есімі:Даумова Г.
СЫНЫП:4 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
1.Адам бойындағы жағымды-жағымсыз қылықтарды ажыратып,оған өз көзқарасын,ойын айтуға үйрету.
2.Аңыздың негізгі идеясын ашу.
Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Аңыздың басты кейіпкерлерін салыстыра отырып, жақсы мен жаманды айыра біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Оқиғаның әрі қарай қалай өрлейтінін болжай алады.Алдаркөсе деп аталуынын себебін түсіндіреді Шығайбай мен Алдаркөсенің мінезін,іс-әрекетін салыстырады..
Кейбір оқушылар: Оқиғаны сахналай алады. Бүгінгі сабақтан өздеріне қорытынды жасай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:
Алдаркөсенің жағымды және жағымсыз жақтырын бөліп айта алады.Қазіргі заманғы Алдаркөселерді мысалға келтіреді.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Тулақ,үйіту,түз,торсық.
Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Шықбермес Шығайбай туралы оқығаныңда,көз алдыңа қандай адам елестеді?
Сіз неліктен ..... екенін айта аласыз ба?
Алдаркөсе деп аталуының себебі неде екенін білесіңдер ме?Тек алдар демей,көсені неліктен қосты екен?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Алдардың айласын сызба бойынша жазу.
1-ші: жабықтан сығалау,аңду.
Алдыңғы оқу Қорқыт
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз ) Оқу үшін бағалау
Басталуы 2мин

4мин

«Шаттық шеңбері» тренингі арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру.Аңыз кейіпкерлерінің аты жазылған түрлі-түсті қағаз таратылады.Қағазға Алдаркөсе,Қожанасыр,Жиренше деген аттар жазылған.Сол жазылған кейіпкер аттары бойынша топтарға біріктіріледі.
Ітоп: ІІтоп: ІІІтоп:
Миға шабуыл
Әр топқа қағазға жазылған аңыз, ертегіні лақтырамын.
Ітоп: Қорқыт туралы әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
ІІтоп: Аңызда кімдер жайында айтылады?Басты кейіпкерлері кімдер?
ІІІтоп:Аңыздың басқа шығармалардан мысалы ертегіден қандай айырмашылығы бар?
Топтарға бағалау парақшасы үлестіріледі.

Смайлик
Ортасы 2мин

6мин
7мин

4мин

2мин

6мин «Ойсергек» әдісі Қызығушылықты ояту: Құрастырылған меңзер сызбасы бойынша тақырыпты ашу.
А л п Э Е А к
л Д ч е Ц л Д
ы А ө С й ъ А
Н р К з и ы У
Р д Д Ш Ж о Т
В ф а Х б ю Е

-Бүгін балалар,біз осы кейіпкер арасында болған қызықты аңыз-әңгімемен танысамыз.Аңызды оқымас бұрын балалар суретке қарап ,кейіпкерлерге мінездеме береді.
Мәтінмен жұмыс.
«Шығармашылық жұмыс»
Ітоп:Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде,жасырып қойған дүниелерін неге теңегенін табу.
Проблемалық сұрақ:Шығайбай отбасының әрекетінен нені байқадың,өзіңе қандай ой түйдің
ІІтоп:Алдардың Шығайбайды неше рет және қалай алдағаның табу.
Проблемалық сұрақ:-Алдаркөсе Шығайбайды бірнеше рет алдаған кезде алдына қандай мақсат қойды?Мақсатына жетті ме?
ІІІтоп: «Егер мен Шығайбай болсам,не істер едім?» деп өзін кейіпкердің орнына қойып,эссе жазады.
Диалогты оқыту әдісін қолдану
« Ойлан –Бірік- Талқыла»
Осы аңызда олжалы болған кім? Ол қалай олжалы болды деп ойлайсың?
Сергіту сәті.
Топтық жұмыс
1 топ:Венн диаграммасы
(Алдаркөсе мен Шығайбайды салыстыру)
2 топ:
Аңыз бойынша көрініс дайындау
3 топ: Алдаркөсеге мінездеме беру

Қошемет арқылы

Бірін-бірі бағалайды.

«екі жұлдыз бір тілек»
Аяқталуы 4мин

6мин

2мин «Өзіндік жұмыс»
Алдар көседен нені өзімізге қабылдауға болады, ал нені қабылдауға болмайды?
қабылдаймын қабылдамаймын

«Бір айналым сөйлесу» әдісі.Тақырыпқа байланысты әр оқушы өз ойын айтып шығады.
1 топ: Қазіргі Алдаркөселер қандай ...
2 топ: Өтіріктің құйрығы бір – ақ тұтам дегенді қалай түсінесіздер ...
3 топ: Шығайбайды алдағанына көзқарасың қандай ...
Сабақты бағалау
Топ спикерлерінің бағалау парағы боынша есебі тыңдалады. Топтар критерий арқылы бағалайды, қолпаштау арқылы мадақтау, рефлексия
Мәтінді мазмұндау, «Қуаныш сыйлау» тақырыбына эссе жазу
VІ. Бағалау

Бас бармақ

Жиынтық бағалау
Қосымша ақпарат
Саралау-сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? 1 .Қожанасыр мен Шығайбайдың мінезін,іс-әрекетін салыстырыңдар.
2. Тақырып бойынша сурет сал.
3. Кейіпкерлер мінезіне байланысты эссе жазып қорғайды.

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
р\с
Аты-жөні Миға шбуыл Шығармашылық жұмыс Ойлан-бірік-талқыла Дөңгелек үстел Өзіндік жұмыс Бір айналым сөйлесу Қорытынды ұпай Баға
1
2
3
4
Бағалау критерилері:
Қарша борату:
3 балл-сұрақтың жауабын толыққа жақын тапса
2 балл-ұсыныстары аз болды
0 балл-топ жұмысына қатысқан жоқ
Шығармашылық жұмыс:
3 балл-оқулықпен жұмыс жасай отырып ,сабаққа белсене қатысты
2 балл – оқулықпен жұмыс жасаған жоқ,бірақ өз ойын айтып отырды
0 балл –топ жұмысына қатысқан жоқ
Ойлан-бірік-талқыла :
3 балл – пікірін айта отырып,талқылауға толық қатысты
2 балл – жартылай қатысып ,ұсынысы аз болды
1 балл – ойымен көп бөліскен жоқ
Дөңгелек үстел
3 балл – өз ойын толық жеткізді
2 балл – жартылай қатысты
1 балл- ойын жеткізе алмады
Өзіндік жұмыс
3 балл- 6 сөзден асса
2 балл – 4 сөзден жоғары тапса
1 балл – тек екі сөз тапса
Бір айналым сөйлесу:
3 балл-сұраққа толық жауап берді
2 балл – толық жауап бере алмады
1 балл – өте қысқа болды
14-15 ұпай-«5»
10-13 ұпай –«4»
12-9 ұпай –«3»
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс.Құндылықтардағы байланыс Қазақ тілі ,музыка ,бейнелеу,әдебиеттік оқу,АКТ
Рефлексия
Сабақ\оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілгенуақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды?(оқытуды да,оқудыда ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.