Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қалдықпен бөлу және оны тексеру -

Қалдықпен бөлу және оны тексеру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2861 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: «Қалдықпен бөлу және оны тексеру».
Мақсаты:
1.Оқушыларға қалдықпен бөлу ережелері мен оның шығару жолдарына түсініктеме беру.
2. Ойлауын, есте сақтауын, ұғымталдығын дамыту.
3. Балаларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: жұптық, ұжымдық, өзіндік жұмыс,СТО технологиясының стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, слайдтар.
Сабақтың барысы.
-
№ Жұмыс кезеңдері Жұмыс мазмұны
1 Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың мақсаты:
Жұмыс жасауға дайындалу
Мұғалімнің мақсаты:
Оқушыларға жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау:
Міндеттері:
-қызығушіліқты ояту;
-ойды жинақтау;
-сабаққа зейінді аудару;
Әдісі: әңгіме. Слайд №2.
-Көңіл күйлеріңіз бейнеленген бұлттардың қай
түсіне сәйкес?

-Жақсы көңіл-күйдің белгісі - күлімдеу.
Ендеше барлығымыз бір-бірімізге күлімдеп
қарап, сабақты жақсы көңіл-күймен бастайық.
Слайд №3

2 Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.
Оқушылардың мақсаты:
-кестелік және кестеден тыс көбйту және бөлуді қайталау;
-қалдықсыз бөлуді қайталау;
-есептеу дағдыларын жаттықтыру;
-көркем жазуға дағдылану;
Мұғалімнің мақсаты:
-ауызша есептеу қабілеттерін тереңдету;
- жаңа тақырыпқа дайындау;
- көркем жазуға баулу;
Әдістері:
- өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап, БҮҮ кестесі; Ауызша есептеу.
-Кәзір мен сендерге «Қарлы кесек» әдісі бойынша ауызша математикалық диктант.
Мысалы:
1. 30*2 5. 12*2 9. 36:6
2. 30:2 6. 45:9 10. 72:9
3. 70*2 7. 14*3 11. 81:9
4. 70:2 8. 28:7 12. 100:5
Рефлексия. БҮҮ кестесін толтыру
Білетінім Үйрендім Үйренгім келеді


• Көркем жазу. 683 саны. Слайд №5
• Үй тапсырмасын тексеру. (73 бет №7)
14,14,14,90,19,190
• Бөлу мен көбейтудің компоненттерін қайталау.
• Бөлу мен көбейтудің өзара кері амалдарын қайталау.

3 Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Оқушылардың мақсаты:
-бөлудің жаңа тәсілімен танысу;
меңгеру;
Мұғалімнің мақсаты:
-жаңа тақырыпты игеруге қолайлы жағдай туғызу;
-көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысын ашу;
Әдісі: түсіндіру:

-Балалар, кейбір жағдайларда бөлінгішті тең бөлуге болмайды, сол жағдайларда біз қалдықпен бөлеміз. Ондай бөлуді «Қалдықпен бөлу» дейді.
2.Слайдтар бойынша жұмыс. (ауызша)
Слайд№6 13:4=3 (қ 1) 3*4+1=13
Слайд№7 11:3=3 (қ 2) 3*3+2 =11
Слайд№8 бөлудің компоненттерін атау.
Слайд№9 бөлуді тексеру алгоритмі
Слайд№10 балалардың өздеріне 2 мысалды орындату
Слайд №11 берілген өрнектердің қатесін табу.
3.Оқулықпен жұмыс.
Слайд№12 (ережемен таныстыру)
а)12:2=6 ә)12:3=4 б) 12:5=2(қ2) 2*5+2=12
Есеп шығару. Слайд № 13
Кондитер цехында 18 тәтті нан
қорапқа 4 наннан салынды.
Қанша қорап қажет болды?
Есептің шартын құрып шығарыңдар.
1 қорап-4 нан
18 нан
Қорап саны -?
Ш: 18:4=4 (қ. 2)
Ж. 4 қорап (қалдық 2)
Сергіту сәті.
Есептедік, шаршадық,
Орнымыздан тұрайық.
Отырайық, тұрайық,
Соқтығысып қалмайық.
Қимылдатып аяқты,
Сәл дем алып алған соң
Шапалақты ұрайық.
Жазуды қайда бастайық.
Рефлексия. БҮҮ кестесін толтыру
Білетінім Үйрендім Үйренгім келеді

4.Геометриялық материалмен жұмыс. Ұжымдық жұмыс.
Электронды оқулықпен жұмыс.
А-8 см V-? см куб
В- 3 см Ш: 8*3*7=168 см куб.
С-7см Ж: V-168 см куб.
4 Бекіту.
Оқушылардың мақсаты:
-алгоритм бойынша өз бетінше қалдықпен бөлуді үйрену;
Мұғалімнің мақсаты:
-өз беттерінше жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу;
-көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысын ашу;
Әдісі: өзіндік жұмыс, жұптық жұмыс;

5.Жұптық жұмыс.(кестені толтыру)
1нұсқа
Ойыншық саны 13 15 19
Қорап саны 2 7 3
Қалдық 1
2 нұсқа
Ойыншық саны 13 15 19
Қорап саны 2 2 6
Қалдық 1
3 нұсқа
Ойыншық саны 13 16 37
Қорап саны 2 3 6
Қалдық 1

-Қызыл түсті карточка алған балалар, жасыл түсті және көк түсті карточка алған балалар жұптасып орындайды. (үлгерімі төмен оқушы мен үлгерімі жоғары оқушы)
Жұмысты қорытындылау. Оқушыларды ішінара бағалау.

6.Деңгейлік тапсырмалар.
1.Қалдықпен бөлуді орында:
9 : 4= 50 : 9 =
2. Тек қалдықпен бөлінетін өрнектерді теріп жаз 56 : 9 = 45 : 8 = 29 :6 =
3. Теңдік дұрыс болатындай етіп, тиісті санды қой. 2:3 = 7(қалд.2) 4 : 7 = (қалд.5)
5 Қорытындылау
Оқушылардың мақсаты:
-орындаған жұмыстың нәтижесін бағалау;
Мұғалімнің мақсаты:
-сабақтың мақсатына қол жеткізу;
Әдісі: сұрақ-жауап Балалар, сабағымыз өз мәресіне жетті, ендеше қорытынды жасап көрейік.
-Балалар , қалай ойлайсыңдар, сабақтың мақсатына жеттік пе?
Дәлелдеңдер.
Үйге тапсырма. 74 б №4, 75 б №5.
7 Рефлексия
Оқушылардың мақсаты
өзіндік орындаған жұмысына шынайы баға беру.
Мұғалімнің мақсаты
-оқушылардың сабақтан алған әсерлерін анықтау.
Рефлексия. БҮҮ кестесін толтыру
Білетінім Үйрендім Үйренгім келеді
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.