Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Александр Македонскийдің жорықтары -

Александр Македонскийдің жорықтары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 11816 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Жоспар.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ежелгі Македонияның орналасуын, табиғат жағдайларын, шаруашылығын, басқару жүйесін, сонымен қатар даңқы дүние жүзіне мәлім АлександрМакедонскийдің өмір жылдары мен маңызды шайқастарына тоқталып өту.Оқушыларға сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресте ерліктерін баяндап, танымдарын арттыру.
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу. Олардың жүйелі ойлау, өздігінен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту және өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Соғыс атаулыға қарсы,татулыққа, ынтымаққа,бірлікке шақыру.Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін арттыруға ықпал ету.

Пәнаралық байланыс:география, қазақстан тарихы, әдебиет.
Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдісі:ауызша баяндау, сұрақ-жауап, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері:интерактивті тақта, карта, Македонский туралы тың материалдар

Сабақтың барысы:
І. Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына көңіл бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспары:

1. Ежелгі Македонияның орналасуы.
2. Александр Македонскийдің өмірі.
3. Александр Македонскийдің жорықтары
4. Алек\сандрдың орта Азияға жорығы.
Спитаменнің ерлігі.
5. Александрдың өмірінің соңғы жылдары.

Македония - Грекияның солтүстігінде, Балқан түбегінде орналасқан. Оның солтүстік-шығыс бөлігі биік таулармен қоршалған, ал оңтүстік-батыс бөлігі жазық болып келеді. Македония таулары Балқан түбегінің солтүстік бөлігіндегі ең биік тау сілемін құрайды. Ежелгі дүниеде Македония көп уақыт Грекиядан оқшау тұрған. Жазық жері ауыл шаруашылығына өте қолайлы болды.
Македония жерінде өмір сүрген тайпалар – гректер емес еді. Олар–фракиялық тектен шыққандар болып есептеледі. Македондықтардың бойы ұзын, аса қайратты болып келетін. Македония Грекиямен шекаралас болғандықтан, олардың тілінде гректердің ықпалы болды, алайда өздерінің македон тілінде сөйледі. Негізгі шаруашылығы – мал өсіру, әсіресе жылқы малын көп өсірген.

Македонияның биік таулары мен жазық алқаптағы жайылымдары мал шаруашылығының дамуына қолайлы жағдайлар туғызды.
Жеріорманды болғандықтан ағаш-орман шаруашылығы да өркендеген.



ІІ Филипптің ішкі және сыртқы саясаты.
ІІ Филипп (б.з.б. 382-336 жж.) патша – Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері. Ол өте іскер, ақылды патша болды, елде әкімшілік және әскери реформаларды жүзеге асырды.
ІІ Филиптің маңызды істерінің бірі ақша реформасы. Ақша реформасы б.з.б. 356 жылы жүзеге асты. Ол базар нарқының талаптарын ескере отырып, жаңа ақшаларды шығарды. Оның құны сол кездегі халықаралық рынокта басым болған.







Әскери реформа


Атты әскер Жаяу әскер Жаяу әскер

Македондықтардың әскери сап жүйесі – фаланга



ІІ Филипп аса ірі әрі жеңімпаз әскер жасақтады. Әскерді гректердің үлгісімен фаланга түрінде сапқа тұрғызды. Әр сапта 16 қатардан жауынгер болған. Барлық жауынгерлер қатал белгіленген тәртіп бойынша сапқа тұруға және әскери басшылардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға тиісті болды. Әрбір жаяу әскер дулыға, сауыт, қалқан, және ұзын найзамен қаруланды.
ІІ Филипп қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Александр патша тағына отырды. Александрдың жасы жиырма бірде еді. Ол жігерлі, батыл, өте қабілетті болды, әрі мақтансүйгіштігімен көзге түсті.


Александр Македонский (б.з.б. 356-323ж) ежелгі дүниедегі аса ірі қолбасшы және мемлекет қайраткері болды. ІІ Филипп ғұлама ғалым Аристотельдің өзінің 13 жасар баласы Александрды ғылым мен өнердің болашақ билеушіге қажетті барлық салаларымен таныстырды. Александр Гомердің өлеңдерін сүйіп оқып, көпшілігін жатқа білген.





Б.з.б. 334 жылы грек – македон әскерлері Кіші Азия жеріне енді. Парсылар бұл кезде Парсылар бұл кезде атты және жаяу әскерлерін Граник өзенінің жағасына орналастырды. Олардың мұндағы мақсаты Александр әскеріне тосқауыл жасау еді. Бірақ та парсы державасында бірлік болмады. Парсылар жаулап алған халықтар тарапынан өкіметке қарсы наразылықтар туған еді. Ал мұндай жағдайлардың бәрі македондықтардың Азия жеріне басакөктеп кіруіне қолайлы болды.
Александр Македонский Кіші Азия жерлерін жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізін жағалай оңтүстікке қарай бет алды. Сөйтіп, Финикия жеріндегі Библ, Сидон және Тир қалаларын жаулап алды.





Орасан зор Парсы мемлекетінің әскерін талқандаған Александр Македонский шығысқа қарай бет алды. Б.з.б. 330 жылы Әмудариядан өтіп, Соғды елінің астанасы ежелгі Самарқан қаласын басып алды. Бұдан соң Александр әскерлерін Сырдарияға қарай бастады. Бұл кезде сырдарияның батыс жағында бірнеше үлкенді - кішілі қалалар болды. Ал дарияның шығыс жағында сақтардың көшпелі тайпалары өмір сүрді. Александр Сырдарияның жағалауына келіп тоқтады. Ондағы қалаларға әскери қосындарын орналастырды. Александр жергілікті ақсүйектер мен байларды өз жағына тартуға әрекет етті.
Кешікпей Сырдарияның жеті қаласының тұрғындары грек – македондықтарға қарсы көтеріліске шықты. Дарияның арғы бетіндегі көшпелі сақтар топталып, өзеннен өтіп, көмекке келуге дайын тұрды. Осы кезде бүкіл Соғды және Бактрия жерлерінде көтеріліс басталды. Бұл Орта Азия халықтарының грек – македондық басқыншыларға қарсы жаппай көтерлісінің басталуы еді.
Спитамен – тәуелсіздік үшін күрестің даңқты басшысы. Грек – македондықтардың басқыншылығына қарсы күрес бүкіл Соғды және Бактрия жерлерін қамтыды. Көтерілістің басты орталығы ежелгі Самарқан қаласы болды. Ол көтерілісті Спитамен есімді ержүрек қолбасшы басқарды.
Спитамен – сақ қолбасшысы. Әкесі – соғдылық,Шешесі – сақ қызы. Әкесі жас кезінде гректерге тұтқынға түсіп,Афинаға құлдыққа жіберілді. Спитамен Афинада скиф жасағының құрамында тәрбиеленді. Спитамен б.з.б. 329 жылы халықты ұйымдастырып, ежелгі Самарқан қаласына кірді.
Спитамен өз елі мен жерінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен қолбасы еді. Ол бүкіл Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастырды. Жарты әлемді дірілдетіп, қарсы келгендерді аяусыздықпен жазалап, қатыгездігімен аты әйгілі болған, бүкіл әлемді жаулап алуды көксеген Александрға бірнеше рет тойтарыс берген соғдылықтар, бактриялықтар мен сақтар болды. Олардың үш жылдан астам уақытқа созылған ерлік күресі Александрдың әскерін қалжыратты. Оның жауынгерлері мен қолбасыларының арасында соғысты тезірек аяқтап, елге қайту туралы пікір көбейді. Ақыры бүкіл әлемді бағындырмақ болған Александр кері қайтуға мәжбүр болды.





Ғалымдар Ескендір Зұлқарнайын өлімінің құпиясын ашты
Ғалымдар Ескендір Зұлқарнайынның өлімінің құпиясын ашты, деп хабарлайды YTPO.ru. Ұлы қолбасшы әрі патша Ескендір Зұлқарнайын өзен суымен уландырылды. Американдық ғалымдар ежелгі дәуірдің даңқты қаһарманы Ескендір Зұлқарнайынның өлімінің кезекті бір осындай болжамын жасап отыр. Олардың пікірінше, ол өзен суымен уландырылған.
Еске сала кетейік, Зұлқарнайын біздің жыл санауымызға дейінгі 323 жылдың маусым айында 33 жасында қайтыс болды. Ғасырлар бойы оның сүзек немесе безгек ауруынан қайтты деген пікір қалыптасты. Дегенмен, ол уландырылған деген болжамдар болды, бірақ оның қалай, немен уланғаны туралы мәлімет болмады. Американдық зерттеушілердің пікірінше, қолбасшыны Стикс өзенінен алынған сумен улаған. Бұрындары Стикс өзені тамұқтан бастау алып отыр деген наным-сенім болған. Бұл өзен қазіргі күні де бар. Ол гректің Пелопоннес түбегінің тауларында ағып, Мавронери немесе «Қара су» деген атауға ие. Мамандар осы өзеннің суына зерттеу жүргізгенде, оны суының құрамында аса қауіпті улы бактерияның барлығын, ол бактерияныңкалихеамициндеп аталатын улы затты шығаратынын анықтады.






Поэмада Абай жауыздықты, ынсапсыздықты әшкерелей отырып, өмірдегі, жеке адамдар басындағы ондай қан құмарлық, көрсеқызарлық сияқты адамгершіліккке жат пиғыл мен жауыздық іс-әркеттерді ақылдың, білімнің, парасаттың, адамгершіліктің жеңіп шығатындығын, білек күшінен білімнің, парасат пен даналық күшінің артықшылығын көрсете білді.

Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шап-қыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болтан ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыкка жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.

«Бұл — адам көз сүйегі», — деді ханға.
Тоя ма адама көзі мың-мың санға?
Жеміткөзжержүзінетоймаса да,
Өлсетояр, көзгеқүмқүйылганда.
Кәпіркөздіңдүниедеараныүлкен,
Алғансайындүниеге тоя маекен?
Қаншатіріжүрсе де, өлген күні
Өзгекөзбенбірдей-ақболадыекен.

Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты өділетке жеңгізеді.

Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға өділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында ғана көрінеді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендер екеуінің сөздері мен іс-өрекетінен шығарылады.

Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс үтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауғашеберлігітанылады.




ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ- біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлкарнайн (Александр Македонский) Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Олар:
1. Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
2. Вавилонның (Бабылдың) аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткдн. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
3. Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде өлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
4. Олимпияда Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фиди алтын мен піл сүйегінен жасаған.
5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 ж. жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 ж. жер сілкінісі кезінде қираған. 7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.



Александр Македонский кім?
Александр Македонскийдің Орта Азияға басып кіруі немен аяқталды?
Орта Азия халықтарының еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресінің маңызы неде? Ол күрестен қандай нарселерді үйренуге болады деп ойлайсыңдар?
Абайдың поэмасында Ескендірді қандай адам ретінде сипаттайды?

Үйге тапсырма: Берел қорымдары.

№26 Жамбыл атындағы мектеп - гимназиясы

Ашық сабақ
Тақырыбы: Александр Македонскийдің жорықтары.



Орындаған: тарих пәні мұғалімі Тазабекова Сұлу Каналбекқызы.

Шымкент 2015ж
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.