Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алгоритм типтері.Сызықтық,тармақталған, циклдік алгоритм. -

Алгоритм типтері.Сызықтық,тармақталған, циклдік алгоритм.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1741 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Исмайлова Надыра Каримжанқызы
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы
Момынай жалпы орта білім беретін мектебі
Математика және информатика пәні мұғалімі
Еңбек өтілі 27 жыл

Пән: Информатика
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері.Сызықтық,тармақталған, циклдік алгоритм.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға алгоритмді жазу тәсілдерін және блок-схеманың графикалық нысандары туралы түсініктерін сабаққа пайдалану жолдарын түсіндіру ,Сызықтық,тармақталған,циклдік алгоритмдер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылығы:Оқушылардың өзін-өзі оқыту және бағалау арқылы білім беруге ,сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, логикалық және арифметикалық ойлау қабілетінің дамуына ықпал жасау.
Тәрбиелілігі: Оқушылардың танымдық қызығушылығын, Отанын қорғауға жауапкершілік дағдысын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың типі: Сабақты меңгерту.АКТ,СТО,Диолог оқыту,жеке жұмыс,топтық жұмыс.
Көрнекілігі:Диапроектор,блок-схема сызбалары,компьютер,слаидтар, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тест тапсырмасы арқылы сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар орындау
ІV. Рефлексия.Сабақты бекіту
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.
2.Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.(Түрлі-түсті парақты төбелеріне қойып,досының суретін салу)
3.Парақтың түсіне қарап 3 топқа бөліну,топбасшы сайлау
Сары түс-Сызықтық алгоритм
Жасыл түс-Тармақты алгоритм
Қызғылт түс-Циклдік алгоритм
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Алгоритм ұғымы,алгоритмнің атқарушылары,алгоритмнің берілу формалары,алгоритмнің типтері туралы тест тапсырмасы.
2.Оқушылар тапсырмалар бойынша өзін-өзі бағалайды және топбасшы бағалайды.(Бағалау парақшалары таратылып беріледі)
ІІІ.Тапсырмалар.
Балалар !Астана қаласына саяхат жасағыларың келеме?
-иә
-Олай болса,мына тапсырманы орындап жіберейік
А)Жигсо әдісі.Параққа сызықтық,тармақталған,циклдік алгоритмнің анықтамалары жазылып ,бірнеше бөліктерге бөлініп 3 топқа таратылады.Олар жинақтап анықтаманы айтып береді. (білу)
Әр топ мүшелері берілген тапсырманы орындап болған соң,диапроектордан «Астанаға саяхат»слаидтан қаланың көрікті жерлерін көрсетіп,таныстыру.
Балалар! Енді «Астана-Бәйтерек»кешеніне кірейік.Біз кешенге кіру үшін «Кілт»жасап алайық.
Ә) «Кілт»тің жартысы салынған парақтар оқушыларға таратылады.Олар Ж,Т,О,С командаларын пайдаланып, «кілт»тің жартысын салып,алгоритмін жазады.Дұрыс жасалған «кілт»тің суреті слаидтан көрсетіледі,топ мүшелері








алг “Кілт жасау” өздері қателерін көріп,өзін-өзі баға-
бер Ж,Т,О,С лайды және топбасшы бағалайды.
нәт “Кілт жасалды”
басы
1. 3 О
2. 2 Т
3. 3С
4. 3Т
5. 3О
6. 1Т
7. 2С
8. 1Т
9. 2О
10. 1Т
11. 3С
Соңы
Б) Мінеки, балалар Астана-Бәйтерек кешеніне кіретін«кілт»жасап алдық,Енді кешенді аралау үшін,өзімізге алгоритм жасап алайық.
3 топқа үш түрлі аралас түрде алгоритм беріледі.Олар дұрыс алгоритмнің реттілігін көрсетеді.
“Бәйтерек” кешенін аралау алгортимі
1.Билет алып,ішке ену
2.Лифтімен жоғары көтерілу
3.Үлкен залға ену
4.Астана қаласының көрінісін тамашалау
5. “Аялы алақан”ға қолыңды қою
6.Лифтімен төменге түсу
7.”Бәйтерек”кешенінен шығу
Дұрыс алгоритм слаидтан көрсетіліп,қателерін тексеріп,өздерін бағалайды.
Сергіту сәті.
Балалар , Тәуелсіздіктің арқасында Елордамыз гүлденіп, көркеюде.Біз қашанда Тәуелсіздігімізді берік сақтай білуіміз керек!Оған әрқашанда дайын болуымыз керек!1,2,3 Жинап бойға күш!
Тақтаға әр топқа блок-сызбадағы геометриялық фигуралар жапсырылады,топ мүшелеріне жауаптары таратылады.Олар жауаптарын тауып,фигуралардың үстіне жапсырады.


Г)Постер қорғау.Әр топқа сызықтық,тармақталған,циклдік алгоритмдерге блок-схема түрінде толық емес тапсырманы толықтыру тапсырылады.Олар орындап,тақтаға жапсырып ,постерлерін қорғайды.Өздерін бағалайды.
Д)Тармақталған және циклдік алгоритмге тапсырма
Әр топқа боялмаған сурет беріледі.Слаидтан 3 топқа тапсырма беріледі.Тапсырмалар орындалу барысында олар Тәуелсіздікке арналған суретті бояйды.




ІV .Рефлексия.Сабақты қорытындылау. Сабақта алған ақпараттар элементтерін бекіту арқылы сабақты қорытындылау.
-Маған ұнады
-Мен қиналдым
-Мен келесіде білгім келеді
-Осы туралы ойландым
V.Алған білімдерін жүйелеу.Бағалау парақшалары бойынша және орындаған тапсырмалары бойынша бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру.
Сызықтық,тармақталған,циклдік алгоритмдерге блок-сызбаға мысал жазып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.