Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алтын қақпа. -

Алтын қақпа.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1238 | Размер: | Автор: гость
. Сабақтың тақырыбы: Алтын қақпа.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының мәдениетін, тарихын,салт-дәстүрін құрметтеуге баулу. Оқушылардың бойынан өнерге, білімге, еңбек ете білуге, ұлттық өнерге сүйіспеншілік қалыптастыру.
Көрнекіліктер: 3 қақпа бейнесі,алтын сандық тапсырмалары.
Сабақтың өтілу барысы: 1. Еңбек, өнер туралы мағлұмат беру.
Адам баласы өмірге келгеннен кейін жасмтайынан еңбектеніп жұмыс жасай білуі керек. Еңбек адам өміріне ауадай қажет.Жас кезінде еңбекке талпынып,талаптансаң ширай түсесің. Тапсырған, жоспарлаған ісіңді үнемі орындауға жауапкершілікпен қарау керек. Еңбектің арқасында адамның абыройы, беделі арта түседі. Сонымен бірге өнерді де қадірлеп қазақ халқының қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын,шығу тарихын, атауларын біліп, өзіміз күнделікті өмірде жасай білуге талпынуымыз крек. Ол үшін жақсы оқып, өмірде өз орындарыңды тауып, еңбектің оқу екенін естен шығармаңдар.
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға дегендей ұстаздарыңның еңбегін бағалап «Алтын қақпа» ойынымызға бәріміз бір кісідей қатыса білейік.

2. 5 сынып оқушыларының көрінісі: «Иірілген жіп»
Әжесі: Ұршық алып жіп иіріп отырады
Немересі: Әжесінің иіріп отырған жібін әже мына жіпті шумақтап ора дейді.
Әжесі: 2 саусағын көрсетіп қалай орау керек екенін түсіндіреді.
Немересі: Әжесінің сөзіне құлақ салмайды. Қалай болса солай орай салады, тиянақсыздық, еріншектіктік білдіріп дұрыс орамай жіп шимайланып оратылып қалады.
Әжесі: Балам болдың ба? - деп сұрайды.
Немересі: Бұл енді іске жарамайды отқа жағып жіберейін дейді
Әжесі: Еңбекпен тапқан нан тәтті деген, сен өзің істеп еңбектене білсең, бұлай істемес едің. Ертең күн суытады, сонда аяғың тоңады. Сен маған жылы шұлық тоқып бер дейсің, сонда мен жіпті қайдан аламын дейді. Бұның бәрі еңбекпен келеді дейді. Келешекте өзің үйрен, үйренгенің өзіңе жақсы, істегенің маған жақсы дейді.
Немересі: Өлімнен ұят күшті екен, әже дайын асқа қасық әзір демей еңбектене білу керек екен деп өз қатесін түсініп, әжесінен кешірім сұрайды.

3. Көрермендермен жұмбақ шешу.
А) Оқта – текте айқасқан
2 басы шайқасқан
(Қайшы)
Ә) Жалғыз ғана көзі бар
Айқыш-ұйқыш жолы бар
(Ине)
Б) Қоймам көп, құлып жоқ
. (Киім қалталары)
Ортақ сұраққа жауап алу.
1. Қазақша жыл басы. (Тышқан)
2. Шайдың Отаны. (Индия,Қытай)
3. Костюм қай тілден шыққан. (Француз)
4. Жидектен не жасалады? (Тосап)
5. Табиғи талшықтарды ата. (Жүн,жібек,мақта,зығыр)
6. Жануар тектес ою –өрнек. (Қошқармүйіз)
7. Түскиіз бен түскиіздің айырмашылығ айтыңдар. (Түскиіз қабырғаға құрылады, тұскиіз ыстық ыдыстың астына қойылады)
8. Жеңіл тігіс түрі. (Көктеу)
9. Матаны ылғалды жылумен өңдеу деген не? (Электрлік үтікпен үтіктеу)

«Тас қақпа» сұрақтары
1. Қыздардың бұйымына тағатын әшекей. (Шолпы).
2. Ою-өрнекке сән беретін барқыт. (Мақпал).
3. 2 түсті киізден жасалатын төсеніш. (Текемет).
4. Төсектің тұсына құратын әшекей. (Түскиіз).
5. Қалың матаны тігетін ине түрі. (Тебен ине).
6. Нәрсенің 2 жағының тең болуы. (Симметрия).

«Күміс қақпа » сұрақтары
1. Жаңа туған балаға,келінге берілетін жол. (Көрімдік).
2. Үйде жалғызқалғанда көрші – қолаңға жасалатын дастархан. (Бастаңғы).
3. Ұршықтың басын ата. (Қаңғалақ).
4. Қыздар тағатын әшекей түрлері. (Сырға, алқа, сақина).
5. Үлкен әкенің үйі. (Қара шаңырақ).

«Алтын қақпа» сұрақтары.
1.Киіз үйдің жиһаздары. (Кебеже,сандық т.б).
2.Қасиетті ай. (Рамазан айы).
3. Киіз бен текемет айырмашылығын айт. (Киіз бір түсті,текемет 2 түсті киізден болады).
4.Өнер туралы 1 мақал айтыңыз.
5.Еңбек туралы 1 мақал айтыңыз.

«Алтын сандық» сұрақтары
1. 1кг тұз ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? (Бірдей).
2. Басы нашар баға, ортасы адам мүшесі, аяғы астын дәмін келтіретін қаланың атын ата (Екібас тұз).
3. Кесте түрлерін ата. (Моншақ кесте, біз кесте, айқас кесте т.б).
4. Мата қалдықтарынан құралатын үй бұйымы. (Құрақ көрпе).
5. Өнер туралы 1 мақал-мәтел айту.

Қорытындылау: Оқушылардың жұмысын қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттау.

Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Теректі ауылы
№ 30 Теректі орта мектебінің жоғарғы санаттағы технология пәні мұғалімі Мизамбаева Күлзия Рахымбековна
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.