Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Алтын қақпа» интллектуалды шоу ойыны -

«Алтын қақпа» интллектуалды шоу ойыны

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1198 | Размер: | Автор: гость
. Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
ШҚО, Тарбағатай ауданы
Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің
химия пәні мұғалімі

«Алтын қақпа» интллектуалды шоу ойыны
Мақсаты: білімдерін тереңдетуге, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелік ұстанымын басшылыққа ала отырып, оқушылардың білімін тексеру
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, белсенділікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Дамытушылық: логикалық ойлау,есте сақтау, тіл байлығын дамыту, қызығыушылығын, шығармашылығын арттыру.
Көрнекіліктер: «алтын» , «тас», «күміс» қақпалардың суреттері, слайд, белсенді тақта, сандық, периодтық кесте.
«Алтын қақпа» интллектуалды шоу ойынына қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Қызық думан-өміріміз ғаламат!
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ !
Қыруар істің қайсысында болса да
Құдіретті химия жүр аралап.

Ойынға шығу үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру керек.
1. Электролиттер дегеніміз не?
2. Электролиттік диссоциациялану дегеніміз не?
3. Ион алмасу реакциясы дегеніміз не?
4. Қышқылдар дегеніміз не?
5. Төмендегі заттардан бейэлектролиттерді ата?
6. Период дегеніміз не? Неше период бар?
7. Диссоциация теориясы тұрғысынан негіздер дегеніміз не?

Құрметті сайыскерлер ойынымызды бастамас бұрын шартымен таныстырып өтейік.
Сұрақтарға жауап береміз, әр сұрақ 10 ұпай.
Әр кезең сайын ұпайы аз оқушы ойыннан шығарылады.
«Тас қақпаның» сұрақтары
1. Электролитттік диссоциация теориясын кім ашты?
2. Бейэлектролиттер дегеніміз не?
3. Химия пәні нені зерттейді?
5. Электролиттерді ата?
6. Электролиттік диссоциациялану дәрежесі дегеніміз не?
7. Күшті электролиттер дегеніміз не?
8. Диссоциация теориясы тұрғысынан қышқылдар дегеніміз не?
9. Жай заттар мен күрделі заттарды бөліп жазыңдар.
О2, Н2СО3, Н2, Н2О, О3, НСІ, NaСl, Ғе, Br2, CuSО4,
10.Мына заттардың а) ас тұзы мен қант ; ә) сірке қышқылы мен судың ұқсастығы және қандай айырмашылығы бар?

«Күміс қақпаның» сұрақтары
1.Химиялық реакциялардың типтерін атаңыз. Мына реакциялар қандай типтерге жатады?
Ғе+2НСl = FеCL2 + Н2 2Nа+Сl2 2NaСl
2. Төменде берілген заттың салыстырмалы молекулалық массасын есепте.
Мr (Ғе(NO3)3 )=56 +(14+16 * 3) * 3= 56+ 186= 242
3. Мына қосылыстардың диссоциациялану теңдеулерін жазыңдар.
К2 SO3 , НСl , Ғе(NO3)3, НNO3
4.Периодтық заң тұжырымдамасы ?
5. Диссоциация теориясы тұрғысынан тұздар дегеніміз не?
6. Электролиттердің иондарға ыдырау процесі қалай аталады ? (электролиттік диссоциация)
7. Асқазан ішек жолының қабынуы (гастрит), ұйқы безінің қабынуы(панкреатит) ауруларын емдеуге қолданылатын қышқыл ? (тұз қышқылы)
8. Төменде берілген заттың салыстырмалы молекулалық массасын есепте.
Мr (НNO3)= 1+14+16*3= 15+48 = 63
9. Ион алмасу реакциясы дегеніміз не?
10. H+ + Cl- + Ag+ + NO3- = H+ + NO3- + AgCl ↓ мына теңдеу қалай аталады?
«Күміс қақпа» сұрақтарынан кейін ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады. Қалған сайыскерлер «Алтын қақпа» сұрақтарына жауап береміз.
«Алтын қақпаның» сұрақтары
1. Қыздырып соқсаң иленеді,
Балға мен төстен именеді. (темір)
2. Сұрғылт түсті кәдімгі металмын,
Механикалық әсерге берілмейтін қаталмын.
Негізгі пәтерім 24 - ші, 6 - шы көшеде болса да,
Кендерім Мұғалжарда, тауда жатамын (хром)
3. Сары түсті ұнтақпен
Ұстап көрсең қолыңмен
Шыдамдымын деме сен
Қолдарыңды бүлдірем (күкірт)
4. Аспен келеді, тамаққа дәм береді (тұз)
5. Медицинада,пластикалық хирургияда сынған сүйекті бекітуге қолданылады.
Бұл қай элемент? (титан, тантал)
6. Адамның қай ағзасында секундына 100000 химиялық реакция жүреді? (мида)
Осы кезеңнен кейін тағы да ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады. Қалған 1 оқушы «Алтын сандықта» жасырылған жұмбақты шешеміз.

« Алтын сандық»
Мен туралы аңыз көп. Ақша жасайды,алтын деген түк емес дейді, талайды ақшамен жарылқады дейді,сенбеңіздер.
Мен-Ақбаймын, Қарабай және Қазбек деген сыңарларым бар. Үшеуіміз егіз болғанымызбен түріміз де ,мінезіміз де ұқсамайды, мәселен,менің мінезім нашар, қызбалаумын, тез тұтанып шыға келем. Өзім улы заттар қоймасында жұмыс істеймін. Екі ағам маған қарағанда момындау. Қарабай – әскери адам,түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді. Қазбек - сіріңке зауытының директоры. Сап салмақты апамыз бір тұрлаусыз жігітке тұрмысқа шығып еді ажырасып кетті. Менің басқа ағайындарым ауыл шаруашылығында маңызды жұмыстар атқарады. Қазбек Ольга деген орыс қызына үйленді, бала – шағасы көп. Мен және менің туыстарым кім?
Ақбай –фосфор , Қарабай –қара фосфор ,Қазбек – қызыл фосфор ,тұрлаусыз жігіт –фосфин ,Ольга – оттек. Ағайындары – фосфордың қосылыстары.
Жүргізуші: Өте дұрыс. Осымен «Алтын сандықта» жасырылған сұрақтың да жауабын шештік.
Марапаттау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.