Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алтын күз -

Алтын күз

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1520 | Размер: | Автор: гость
. Алматы облысы
Іле ауданы
Өтеген батыр кенті
М.Мақатаев атындағы № 13 орта мектеп
Мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі: Мухамедалиқызы Шолпан

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты: Күз туралы алған білімдерін тиянақтау күзгі табиғат өзгерістерін балалардың өздерімен көріп, күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты, сезіне білуге, күз туралы өлең, тақпақ айтып, жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін жетілдіру,балалардың тілін дамыту.

Көрнекіліктер: Қолшатыр, күздің суреті, жапырақтар.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
«Күзгі баққа серуен»
Тәрбиеші: топ бөлмесіндегі күзгі бақтың әдемілігіне назар аудартады.

Балалар келген қонақтарға жылы ілебізімізді білдірейік.

Балалар сендер жыл мезгілдері туралы қандай өлең білесіңдер?

Күз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдар.
Балалар топ бөлмесіне қызығушылықпен қарайды.

Балалар шаттық шеңберінде тұрады.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенгше
Тәрбиенің басы гой,
Ал, қани бәріміз.
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме апайлар!
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенң қызық-ау.

Күн суыта бастайды, адамдар жылы киімдерін киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қатты жаңбыр жауған кезде «Қолшатыр ұстайды».

Іздену ұйымдастырушы
Тәрбиеші: балалар күзде адамдардың еңбегі өте зор, адамдар егін орады. Бау-бақшадан жемістер мен көкеністер жинайды. Балалар сендер көріністер мен жемістерді білесідерме?

Таңғажайып сәт «Айгүл» қонаққа келді.
Тәрбиеші: Айгүл бізге көптеген тапсырмалар әкеліпті.
Жемістер мен көкеністерді ата? Түстерін, пішінін сұрау.
Жұмбақтар:
1. Қабат-қабат тоны бар,
Шешіндірсең жылатады.

2.Жер астында басы,
Жер үстінде шашы.

3.Күзде піседі,
Домалап түседі.



Білеміз

Балалардың жауабы



Жуа

Сәбіз

Алма
Рефлексті коррекциялау

Дидактикалық ойын:
«Күн мен жаңбыр»

Тәрбиеші жинаған жапырақтардан көбелекке қанат жасаймыз.
Неден жасаймыз түсі қандай?

Қорытындылау,мадақтау

- Жапырақтардан
- сары

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Күз мезгілдерінің атауларын, ерекшеліктерін аджырата білуі.

Болу керек: Баланың зейіні, қабілеті


Баланың қолынан келуі: Сурет бойынша сұұраққа жауап беру, жеміс-жидектердің дәмін татып айыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.