Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Алтын күз ертеңгілік сценариі -

Алтын күз ертеңгілік сценариі

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2242 | Размер: | Автор: гость
. Алтын күз ертеңгілік сценариі
«Орманға саяхат»

жүргізген: №16 Айгөлек ортаңғы топ тәрбиешісі:
Найзабекова Ж.М.

Атырау қаласы. 2015 жыл

Орманға саяхат
(«Алтын күз» ертеңгілігінің сценариі)

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау; ойындарда өз күштерін сынап
көруге ынталандыру; күз мезгілдері туралы түсініктерін кеңейту,
табиғат өзгерістеріне мән беруге және табиғатты аялай білуге
тәрбиелеу. (Балалар әдемі әуен ырғағымен орманға келеді).

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы айнала орман іші қандай тамаша әдемі екен.
(Осылай орман ішін тамашалап жүргенде күз алдарынан шығады).

Күз: Сәлематсыздарма балалар, қонақтар, менің сұлу да, әдемі, көрікті
табиғатыма қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Сәлеметсызба Алтын күз! Біз бүгінгі күнімізді сіз айтқандай көрікті,
әдемі табиғатымызды тамашалауға саяхатқа келгенбіз. Бірақ біз
тек тамашалап қоймай, өзіміздің өлеңдерімізді, өнерлерімізді сізге
көрсетеміз.

Күз: Жарайды тамаша, ендеше барлығыңыз отырыңыздар, өнерлеріңді
тамашалайық.

Жүргізуші: Қане балалар ортаға шығып Алтын күзге арналған тақпақтарыңызды
орындап берейік.

1-бала: Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел жемісті Алтын күз
Кемелденсін халқымыз.

2-бала: Астық, жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды.

3-бала: Көбейеді құт береке
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.

4-бала: Берекесін сыйлауға
Ортамызға күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.

Күз: Жарайсыңдар балаларым өнерлерің өрге бассын. Рахмет!!!

Жүргізуші: Балалар ал енді біз Алтын күзге арнап «Күз келді» өлеңін орындап
берейік.

Тиын: Ағаштардың ішінен жылап көңілсіз күйде тиын шығады.

Жүргізуші: Балалар бұл кім екен, біреу жылаған секілді, кім екен?

Алтын күз: Менде біреудің жылаған дыбысын естігендей болдым, қане кім екен?
бұл біздің ормандағы ең әдемі ақ тиын ғой, тиын – тиын саған не
болды, неге көңілсізсің, неге жылап жүрсің?

Тиын: Ой Алтын күз, Балалар күн болса күннен күнге салқындап келеді,
алдымызда ызғарлыда аязды қыс келеді. Менің қысқа әзірлігім әлі жоқ,
балаларыма әлі жанғақ жинағаным жоқ.

Жүргізуші: Тиын сен көңіл күйіңді түсірме біз саған көмектесеміз, сенің көңіл –
күйіңді көтеру үшін біздің балаларымыз өздерінің өнерлерін көрсетеді.

Би: Тиындар биі.

Тиын: Ой жарайсыңдар балалар қандай өнерлісіңдер, рахмет сіздерге!

Алтын күз: Ал енді балалар тиын қысқа дайын емеспін деп ренжіп жүр ғой,
балаларына жаңғақ жинап берейік.

Ойын: «Кім шапшаң». Балалар екі топқа бөлініп, кәрзеңкені толтырып
жаңғақ жинау керек. Ойынға 3/3баладан шығады.

Тиын: Жарайсыңдар балалар рахмет осы жаңғақтардың барлығын мен
балаларыма алып барайын, сіздерге көп – көп рахмет.

Жүргізуші: Сіздерге біздің балаларымыз «Уражай собирай» әнін орындап береді.

Жүргізуші: Біздің балаларымыздың орындауында күз туралы тақпақтарын
тыңдап көрейік.

5-бала: Алтын сары, қызыл көк
Алуан – алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Күз тартады жарқырап.

6-бала: Сары алтындай сары күз
Қамбадағы дәніміз
Шелек – шелек балымыз
Ағыл – тегіл ағымыз.

7-бала: Сап – сары ғып даланы
Боятты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай біздермен.

8-бала: Алма пісіп, алмұрт түсіп
Күзде бақтар жайнайды
Құстар қайтып, қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды.

Кірпі: Амансыңдарма балалар! Осы мен қартайып келемін, орманға сіздер
қонаққа келіп қалғансыздарма, әдемі дауыстарыңды, әндеріңді естіп
осы жаққа бет бұрдым.(Кірпі қолындағы таяғымен бір нәрсені іздеп
жүреді).

Күз: Кірпі сен бір нәрсені іздеп жүрсің бе?бізге айтсайшы, бірге іздейік.

Кірпі: Алтын күз мен не іздейңн өзімнің ағаш түптеріндегі өсіп тұрған
саңырауқұлақтарымды іздеймін ғой.

Жүргізуші: Кірпі ол саңырауқұлақтарыңыз осы жерде.

Би: Саңырауқұлақтар.

Ойын: Саңырауқұлақты кім шапшаң құрастырады.

Би: Полька биі

Жүргізуші: Ал енді балаларымыздың орындауында «Жаңбыр» өлеңін тыңдайық.

Күз: Балалар сіздер өте өнерлі екенсіздер рахмет

Тиын , кірпі: Дұрыс айтасыз, өте тамаша өлең, билеріңді көріп көңіл күйімізді
көтердіңіздер, рахмет сіздерге.

Күз: Балалар мынау біздің сіздерге сыйымыз.

Жүргізуші: Рахмет, енді біз үйімізге, балабақшамызға қайтайық. Сау болыңдар!

Күз, Тиын, Кірпі орманда қалып, балаларды шығарып салады.

1. Балалар орманға барып күзге кезігеді 7. Тақпақ
2. Күз туралы тақпақ 4 бала 8. Кірпі келеді
3. «Күз келді» өлеңі 9. Саңырауқұлақтар биі
4. Тиын жылап шығады 10. Ойын
5. Жаңғақ жинау ойыны 11. «Полька» биі
6. «Уражай собирай» әні 12. Өлең
13. Балалар өздерінің бала бақшаларына оралады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.