Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қамқор болып өсемін» -

«Қамқор болып өсемін»

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1217 | Размер: | Автор: гость
. Жалпы білім беретін Шақаман орта мектебі КММ

Ашық сабақ тақырыбы: «Қамқор болып өсемін»

Шакабаева М. Т.

2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Қамқор болып өсемін»
Мақсаты: оқушылардың «құрмет», «сыйластық», «ынтымақ», «көмек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - құрмет, сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
- ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- үлкендерді құрметтеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу рәсімі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік біз
Шаттық шеңбері.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
Балалар шеңберде тұрып, бір-біріне жақсы тілектер тілейді.
Әңгімелесу: ой қозғау
- Қамқорлық дегеніміз не?
- Көмек дегеніміз не?
- Әдептілік дегеніміз не?
- «Өзарасыйластық»дегеніміз не?
1. Мәтінмен жұмыс: «Әжей мен балалар»
- Балалар сырқат әжейге қандай қайырымдылық жасады?
2. Суреттермен жұмыс.
- Суреттерге қарап қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Дәптермен жұмыс
- Осындай жағдайда құмырсқа мен құстарға қандай қамқорлық көрсете алар едіңдер?
Ойын: «Күннің көзін бұлттардан арылту»
- Қамқорлық жасаған күндерің кездерің болды ма?
Суретті монтаж құрау: «Қамқор болып өсемін»
Дәйек сөз: Қайырымдылық – жылы жүректен.
Адамның жақсы қасиеті өзгелерге қамқорлық жасай білуінен көрінеді.
Жылы тілек: «Жүректен жүрекке»
Оқушылар шеңберге тұрып, «менінше қамқорлық жасау деген...» жалғастырады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.