Меню
Назад » » »
Амандасу. Ұлттық нормалар.
загрузка...

загрузка...
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Тексерілді:
Оқу ісі менгерушісі М. Марифханова
Мектеп атауы: Сайрам ауданы Ш.Рашидов атындағы №64 жалпы орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Кошакова Феруза
Сыныбы : 10-в
Пәні: Қазақ тілі
Сабақытың тақырыбы: Амандасу. Ұлттық нормалар.
Сабақтың мақсаты: Амандасу мәдениетін үйрену.
Негізгі идеялар: Оқушыларды сөз қадірін жетік білуге бағыттау, жұрт алдында сөйлеу әдебін қалыптастыру, қазақтың ұлттық ерешеліктерін түсіндіру.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, диалогтік оқыту әдісі, топтастыру стратегиясы, миға шабуыл.
Оқу нәтижелері: Амандасу мәдениетін үйренеді.
Тапсырмалар: Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс,кесте тапсырмалары.
Ресурстар: Интербелсенді тақта, оқулық, кестелер сызылған слайдтар, постер, маркер.

Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже
3минут

5 минут

5 минут

10 минут


2минут

7 минут

5минут

3минут

2минут

3минут

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару ;сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шаттық шеңберін құру
Оқушыларды қызыл, сары, көк түсті стикер арқылы топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ-жауап әдісі
1-топ:Сөйлеушінің әлеуметтік белгілеріне нелер жатады?
2-топ: Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас нешеге бөлінеді?
3-топ: Әдептілік басы неде деп есептейсіңдер?
Дұрыс жауап кестесі берілді

Бармақ арқылы бағалаймын
Жаңа сабақ
Миға шабуыл
Сұрақ-жауап
Амандасу, сәлемдесу деген не? Оны қалай ,қай жерде орындаймыз?
Мағынаны тану
Жаңа тақырыппен танысу
Деңгейлік тапсырмалар
Сабаққа байланысты кестені толтыру
Бағалау ағашы арқылы бағалау

Сергіту сәтін ұйымдастырамын

Оқулықпен жұмыс
Жаттығу жұмыстарын орындау

Топтастыру стратегиясы
Әр топ берілген тапсырма бойынша топтастыру

Оқушы білімін бағалау
Бағдаршам арқылы бағалау

Сабақтағы кері байланыс
Не үйрендім?
Не үйрендім?
Небілгім келеді?
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырма 174 жаттығу
Мәтін тапсырмаға байланысты орындалады

Оқушылар амандасты
Сабаққа қатыспай отырған оқушылардың келмеу себебін айтты.
«Күнің сәтті болсын!», «Бүгінгі сабақтан жақсы баға ал!» деген сияқты ыстық лебіздер айтылды.
Стикерлерді таңдай отырып, үш топ құрды

Оқушылар уақыттарын тиімді пайдалануға дағдыланды
1-топтан сұраққа екі оқушы бірігіп толық жауап берді
2-топтан бір оқушы орта жауап берді
3-топтан жауап жоқ

Әр топ мүшелер өздерінің сұрақтарына дұрыс жауапты тауып өздерінің жауаптарын бағалады.

Оқушылар өз білімдерін ортаға салып, сұрақтарға жауап береді.Жаңа сабақ мазмұнын ашады

Әр оқушы өз беттерінше жаңа тақырыпты іштей оқиды.
А-оқушы мәтінді талдайды
В-оқушы кестені толтырады
С-оқушы мәтінді оқиды

Оқушылар бұл сәтті зор қуанышпен орындап шықты, бір сергіп қалды.

Оқулықтан 173 жаттығуды орындайды

1-топ Амандасудың негізгі белгілерін жазады,
2-топ сәлемдесуге байланысты мақал-мәтел жазады,
3-топ сәлемдесуде қолданылатын сөздерді жазып топтастырады

Өздерін тым жоғары бағалап, барлығы түсінікті деп айтты. Алайда олар бір-бірінің кемшілік жіберген жерлерін бағалау кезіндегі талдауларында жария болды.
Өзін-өзі бағалау
Қызыл түс-түсінбедім
Сары түс-толықтыру
Жасыл түс-мен түсіндім

Оқушылар сабаққа кері байланыс жасап, іледі.

Сыныпта ынтымақтастық орта құрылды, оқушылар арасында байланыс орнады.

Топқа қалай бөліну әдісін үйренді

Өзі үшін емес, өзгелер үшін де белсенділік танытты.
Бірі-бірін тыңдау мәдениеттілігі қалыптасады

Сөздің нәтижелілігін, дәлелін сипаттауге үйренеді.

Күнделікті өмірмен байланыс орнайды

Өз бетінше білім алуға дағдыланады, ой түйінін жасауды үйренеді

Музыканың адам психологиясына жақсы әсері бар екенін түсінеді
Оқушылардың лексикалық қоры байытылады
Тобы үшін ізденеді, ақылдасады.

өзін және жолдастарына әділ баға беруге үйренеді

Оқушылардың әділ бағалары осы сабақ барысында анықталды.
Адамдардың жас ерекшелігіне қарай амандасу түрлерін білді.



Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тексерілді:
Оқу ісі менгерушісі М. Марифханова
Мектеп атауы: Сайрам ауданы Ш.Рашидов атындағы №64 жалпы орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Кошакова Феруза
Күні: 10.04.2014ж
Сыныбы: 10-в
Сабақытың тақырыбы: Құттықтау сөздер. Стильдік ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Сөйлеу мәдениетін біледі.
Негізгі идеялар: Оқушыларды сөз қадірін жетік білуге бағыттау, жұрт алдында сөйлеу әдебін қалыптастыру, қазақтың ұлттық ерешеліктерін түсіндіру.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, диалогтік оқыту әдісі, топтастыру стратегиясы, полиглот әдісі, ережемен жұмыс, көңілді шеңбер әдісі, миға шабуыл.
Оқу нәтижелері: Тілдік қарым-қатынастағысөйлеу мәдениетін біледі.
Тапсырмалар: сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс,кесте тапсырмалары, ұялы телефонмен жұмыс жасау,постер
қорғау,шығармашылық жұмыс.
Ресурстар: интерактивті тақта, оқулық, плакат, слайдтар, суреттер.

Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже

2минут

4 минут

9минут

5 минут

2минут

10 минут

5 минут

5минут

3минут


Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Сыныпта жылы атмосфера құру
Құттықтау сөздер жазылған стикерлер арқылы оқушыларды топтарға бөлу
Сабақтың ережесімен таныстыру
Ынтымақтастық құру

Үй тапсырмасын сұрау
Үш топқа үш түрлі сұрақ экраннан шығады:

1. Ең сәулелі сөз не? 2. Амандасудың қандай түрлері бар? 3. Сен қалай амандасып, қалай қоштасасың?
Екі жұлдыз бір тілек бағалау
Жаңа сабақ
«Миға шабуыл» стратегиясы
Оқушыларға ұялы телефон арқылы жұмыс жасауға тапсырма берілді.
Интербелсенді тақтадан бір шумақ өлең жазылып, оқылды:
Құттықтап жатыр бір-бірін,
Ұсынып жатыр жыр гүлін
Жақсы қандай тамаша
Адамға сыйлар жыр нұрын

Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс жасады Стильдік ерекшеліктері үйрену
Смайликтер арқылы бағалау

Сергіту сәтін ұйымдастырамын

Ой толғаныс полиглот ойыны
Экрандағы сөздерді үш тілде аудармасын тауып жазу және оған құттықтау сөз жазу.
Бағдаршам арқылы бағалау

Көңілді шеңбер ойыны
Мұнда оқушылардың барлығы тақтада дөңгеленіп тұрып себетке
құттықтаулар айтып гүлдер салады.

Көрме ұйымдастыру,
Оқушылардың жазу және сөйлеу сауаттылығын дамыту жұмыстары

Үйге тапсырма
Берілген сөздерді пайдаланып, өзіңе жақын адамға құттықтау жазу.Грамматикалық және пунктуациялық ережелерге сүйене отырып сауатты жазу.
Кері байланыс

Оқушылар сәлемдесті.Сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындады.
Оқушылар құттықтау
сөздер жазылған стикерлерді ала отырып, топқа бөлінеді
Сабаққа белсенді қатысу
Тыныштық сақтау
Бірін-бірі тыңдау
Ойын ашық айту
Сынып топқа бөліну сәтін тез меңгеріп, өз орындарына жайғасты.
Оқушылар белсенді әрекет етті.

Оқылған өлеңді ести отырып оқушылар жаңа сабақ мазмұнын ашты

Әр топтың белсенділері сұрақтарға нақты және толық жауап берді. 2-топтың оқушылары бірін-бірі толықтырып та үлгерді.Ұялы телефонды олар бір мақсатта қолданып қана қоймай қазақ тілінде хабарлама жазуға да дағдыланды.

Кітаптағы құттықтауда айтылатын сөздермен танысып,дәптерлеріне жазды.

Оқушылар әсерлі, әуенді өлеңді беріле тыңдады.

Бұл өте қызықты тапсырма болды. Сөздерге лезде аударма жасап, ағылшын тіліндегі сөздерді ұялы телефондағы «аудармашы»дан іздеп тапты,

Оқушылардың көңіл-күйлері ерекше көтеріңкі болды, Құттықтауларын айтып, бақыт себетін гүлге толтырды
Қатарластарына көмек қолын созып,
«с» тобындағы оқушыларды сөйлеуге тартты.

Әр топ өздеріне арнаған құттықтауларын жазып, құттықтаулар көрмесін жасайды. Топ мүшелері қарсы топтың көрмесін аралап, оқып шығады, ұнаған құттықтау сөзді өздеріне естелікке алады,
Сабақтың өтілу кезеңдеріне дайын болу
Топқа бөліну әдісін тез меңгеру

Сабақта тәртіп сақтауды үйрену

Ұйымшылдыққа баулу

Анық,дәл, нақты сөйлеуге үйрену

Ұялы телефонды орынды қолдана білуге үйрету

Сезімталдыққа,нәзіктікке жанасты

Ғылымилыққа баулу, грамматикалық, орфографиялық ерекшеліктерін есте сақтау

Оқушылар ойын жинақтау, аудиторияны тарту
Көптілділікке үйрету, ізденімпаздыққа баулу
өз ойларын дәлелдеу үшін тиісті фактілерді жинады;

Оқушылардың тіл байлығы жетілді, сөздік лексикасы дамыдыЖанындағыларға жақсы сөзбен айтып, адам жанын жылытуға үйренді

Шапшаң әрі көркем жазуға бағытталды
Сабақта алған білімнің бұдан кейінгі үлкен өмір жолында көп кездесетінін түсінді;
Сөз қадірін ұғындыру, дос қадіріне жете білуді түсінді
Амандасу мәдениетін үйренді

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тексерілді:
Оқу ісі менгерушісі М. Марифханова
Мектеп атауы: Сайрам ауданы Ш.Рашидов атындағы №64 жалпы орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Кошакова Феруза
Күні: 12.04.2014ж
Сыныбы: 10-в
Пәні: Қазақ тілі.
Сабақытың тақырыбы: Тілек айту . Стильдік ерекшеліктер.
Сабақтың мақсаты: Тілек айтудың мәні мен маңызын түсіну. Стилдік ерекшеліктерін білу.
Негізгі идеялар: Мемлекеттік тілдің маңыздылығын ұғындыру, сыныптың сабаққа белсенділігін арттыру, қарапайым әдістер арқылы оқушыны ғылымилыққа баулу.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, диалогтік оқыту әдісі, топтастыру стратегиясы,кубизм стратегиясы,көрме ұйымдастыру, логикалық ойындар.
Тапсырмалар: Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, ой қозғау тапсырмалары, шығармашылық жұмыс, диалог жазу,
Ресурстар: Интерактивті тақта, суреттер, оқулық, видеоролик.

уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже
3минут

5 минут

10 минут

10минут

13 минут

2минут

2минут Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу
Оқушыларды түгелдеу. ОқушыларСыныптың сабаққа дайындығын бақылау
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру
Оқушыларға тілектер жазылған түрлі-түсті
стикерлер таратамын
Үй тапсырмасын сұрау
Доп лақтыру әдісі бойынша үй тапсырмасын сұраймын
Оқушыларға мынадай сұрақтар берілді.
Құттықтау сөздері қандай кезде айтылады?
Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білеміз?
Құттықтау сөздің стильдік ерекшеліктері неде?
Бағалау парағы арқылы бағалау
Жаңа сабақ
«Миға шабуыл» стратегиясы Оқушылардың назарын тақтаға аудару
Интербелсенді тақтадан бейнекөрініс көрсетіліп, Сүгірдің термесі орындалады.
Бата-тілектің түрлері, олардың өзіндік ерекшеліктері туралы кестелер арқылы түсіндірілді.
Оқулықпен жұмыс
180 жаттығу «Жайнай бер, сұлу Астана » тақырыбында толғаныс- тілекке құрылған шағын шығарма жазу.
Қима қағаздар арқылы бағалау

Ой толғаныс
«Кубизм» стратегиясы.
Кубтың алты жағында алты сұрақтар берілген сол сұрақтарға жауап беру

Сабақты қорытындылау
Фармативті бағалау және жеке бағалау

Үйге тапсырма беру. Белгілі би-шешендердің бата тілектерін жазып, жаттап келу.

Оқушылар орындарынан тұрып, жылы лебізбен амандасты.
Әрбір сабақ-үйрену, ұғу,ұлағат,
Әрбір ісің-тірлік,тілек,адамдық.
Әрбір адам-туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сөзің-шындық, бірлік,адалдық
Стикерлерге жазылған тілектердің түрлеріне қарап, оқушылар топқа бөлінді, өздеріне спикер дайындады.

Оқушылар осы сұрақтарға доп лақтыру әдісі арқылы жауап берді.

Оқушылар зер салып тыңдайды.
Қазатың салт-дәстүр ерекшелігімен танысады.
Осы ән негізінде бір-бірімен диалог құрайды.
Оқушылар ереже дәптермен жұмыс жасады.

Оқушылар 3 минут ішінде Астана арналған тілектен тұратын шағын шығарма жазады.

Кубтың алты қырында жаңа сабаққа арналған сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар асқан шеберлікпен әдемі тілектер жазып, түрлі-түсті қағаздардан ғажайып көрме ұйымдастырды.Оқушыларда жаңа тілектер мен жаңа мақсаттар пайда болды.

Топ басшылары топты бағалайды.

Оқушының бар ойы сабаққа ауған.

Сыныпта ынтымақтастық орта құрылды.

Өзара байланыс орнады.

Баланың ықыласын аударады, сабаққа қызығушылығын оятады.
Түсінгендерін аз да болса жеткізе алады.
Шығармашылық белсенділігі артты.
Өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыланды

Сауатты жазу белсенділігі артты, тілектердің эстетикалық көркемдігіне де көңіл бөлді.
Оқушылардың болашаққа деген арман тілегін нақтылау,сенімділігін арттыру
Өзін –өзі бағалауға бейімделеді.
Амандасу мәдениетін үйренді



Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тексерілді:
Оқу ісі менгерушісі М. Марифханова
Мектеп атауы: Сайрам ауданы Ш.Рашидов атындағы №64 жалпы орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Кошакова Феруза
Күні: 15.04.2014ж
Сыныбы: 10-в
Пәні: Қазақ тілі.
Сабақытың тақырыбы: Бата. Бата беру этикеті .
Сабақтың мақсаты: Батаның ұлттық ерекшеліктерін білу.
Негізгі идеялар: Мемлекеттік тілдің маңыздылығын ұғындыру,мемлекеттік тілде еркін сөйлеуге үйрету, Шешендік өнер құндылықтрын дәріптеу.
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: АКТ, диалогтік оқыту әдісі, топтастыру,көрме ұйымдастыру, логикалық ойындар, слайд-шоу, доп лақтыру әдісі.
Оқу нәтижелері: Батаның түрлерімен танысады, ұлттық ерекшеліктерін біледі.
Тапсырмалар: сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, ой қозғау тапсырмалары, шығармашылық жұмыс, диалог жазу,топтық жұмыс , дәстүрден көрініс жасау
Ресурстар: Оқулық, интерактивті тақта,слайдтар, мұғалімге арналған нұсқаулық.

Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Күтілетін нәтиже
3 минут

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабақ кіріспесімен таныстыру Сәлемдесіп болған соң, сынып кезекшілері сабаққа қатыспай отырған оқушылардың қатыспау себебін айтты. Үйге тапсырманы анықтады
Сынып кезекшілері өз мідеттерін орындап, оқушылар

5 минут

Оқушыларға бата сөздер жазылған стикерлер таратылады.

Үй жұмысын тексеру
Қазақтың белгілі би-шешендерінің бата-тілектерін жазу.
Өтілген тақырыптарды қайталау үшін себетке салынған шарда сұрақтар жасырылған. Сол сұрақт арға жауап табу керек. Оқушылар өзбеттерімен топқа бөлінеді

Оқушылар тапсырманы оқып, өздері жазған шешен туралы мәлімет берді.
Сыныптан төрт оқушы бірінші белсенділік танытып,сұрақтарға жауап берді.

жауапкершілікті сезінеді.

Өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыланды
Сыныпта ауызбіршілік пайда болды

Алған білім тек бір күнге емес,
5 минут

Жаңа сабақ. Бата.Бата беру этикеті.
Интербелсенді тақтада слайд арқылы берілген бейефильмге талдау жасау.
Әр топ өздерінің топ мүшелерімен көрсетілген бейнероликті талқылайды, жаңа сабақ мазмұнын ашады,түсінгендерін
өмірлік азық болатынын түсінді

6 минут


ДЖИГСО әдісі.Бұл әдісте оқушылар мәтінді өздеріне берілген бөлігін оқиды.

Оқушылар мәтінді оқи отырып,топтан бір оқушы басқа топқа барып , оқып түсінгенін көрші топқа айтады.


7 минут

Ой толғаныс
Кітаппен жұмыс жасау 183 -жаттығу.
Бармақ арқылы бағалаймын.
«Асыл сөз» дәптерлеріне бата түрлерін жазып,есте сақтайды.Абайға берілген бата жөнінде хабардар ететін мәтін негізінде бата беру мен берілген батаға жасалатын ырым-жоралғы жөнінде ой бөліседі.
Таза сөйлеу, әдемі жазу, мұқият тыңдау дағдысы қалыптасты

4минут


Сөз өрімі әдісі.Топтық тапсырмалар беремін. Бұл әдісте оқушылар ,бір-біріне қосып жазылған сөздердің ішінен бата сөздерді табады. Батаның қай түрі екенін анықтайды.

Тапсырма бойынша оқушылар топтық жұмыс жүргізеді. Түсініксіз сөздерді ортаға салады. Мұғалімнің көмегімен сөздің сырын ашады.



Түрлі әдістер арқылы терең білімді игереді.Топта ұйымдаса жұмыс істеуге үйренеді.

2минут


Сергіту сәтін ұйымдастырамын
«Қызыл өрік»

Оқушылар би қимылдарын орындайды.



10 минут

2минут

Сабаққа қорытынды.Деңгейлік тапсырмалар беремін.
Жаңбырмен жер көгерер
Батамен ер көгерер-деген халық мақаланың мән-мағынасы айтылады.

Бағалау.
Бүгінгі бағалау критерий бойынша сабақтың соңында оқушыларға баға қоямын.

Үйге тапсырма А-оқушы шілдехана батасы;
В-оқушы наурыз батасы;
С-оқушы дастархан батасы;
Топтар өздері алдын ала дайындап қойған қазақ ұлттық көрінісінен сахналық қойылым көрсетеді.


Актерлық қызығушылықтары қалыптасты ,аузекі сөйлеу шеберлігі артады,диалогтік қатынас орнайды жұрт алдында сөйлеуді үйренеді.
Қазақ шешендік өнерінің қайнар көзімен танысты
Тіл табыса білу өнері, оған қажетті коммуникациялық дағдыларды меңгереді.
Үлгерімі төмен оқушылар белсенділермен бірдей атсалысты.

2минут


«Мәнерлі сөздің мәнін ұқ» тақырыбындағы эссе-жұмыс

Кері байланыс жүргізу

Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне
Жазып алады.

Оқушылар сабақ барысындағы ой-түйіндерін стикерлерге жазып тақтаға жапсырады. Өзіне және топқа жақсы нәтиже әкелді.
Өздерін әділ бағалауға, жолдастарына баға беруге үйренді.
Өміршең дәстүр адамға рух беріп, жаңа серпін беретініне сенді. Оған жаңа мазмұн үстеп болашаққа жеткізу қажеттігін түсінді. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Амандасу. Ұлттық нормалар. можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: гость
Көрсетілім: 440 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar