Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қ.Аманжолов "Жамырап күнде жас өмір" -

Қ.Аманжолов "Жамырап күнде жас өмір"

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2849 | Размер: | Автор: гость
. Сыныбы: 5"б"
3.03.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Қ.Аманжолов "Жамырап күнде жас өмір"
Сабақтың мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, ақын өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу, өлеңнің мәнін терең ұғындыра отырып, оқушылардың патриоттық сезімін ояту, өз ойларын еркін әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыстануға баулу.
Күтілетін нәтиже: а.Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы біле отырып, ақынның өз елін шексіз сүйетін патриот екендігіне көз жеткізеді.
ә. "Жамырап күнде жас өмір" өлеңінің тақырыбы мен идеясын аша отырып, өз ойларымен өрбітіп баяндай алады, бүгінгі өмірмен байланыстырады.
б. Шығармашылық қабілеттері артады.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жаңа тәсіл: диалог, топтық әңгіме.
СТО: Жуан, жіңішке сұрақтар, эссе, РАФТ,постер.
Оқыту формасы:жеке, топтық, жаппай
АКТ: бейнежазба, аудиожазба
Көрнекі құралдар мен дерек көздер: Оқулық.Ақын туралы бейнежазба, "Өзім туралы" өлеңінің аудиожзбасы, кесте, бағалау парақтары, флипчат, маркер.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

Тұсаукесер

Негізгі бөлім
/білу, түсіну/

/қолдану, талдау\

\жинақтау\

Қорытынды 1.Ұйымдастыру
Амандасу, түгендеу.
Үш топқа бөлінеді
2.Үй тапсырмасын тексеру
Қ. Әбдіқадыровтың "Қажымұқан" хикаяты бойынша сұрақтар қою
- Қ.Әбдіқадыровтың "Қажымұқан" әңгімесінің басты кейіпкері кім? Ол туралы не білдік?
- Мұқанның блалық шағы қалай, қандай жағдайда өтті?
- Масликов бай Мұқанның бір шана шөпті жаяу сүйреп әкелгенін қалай бағалады? Оның бұл ісі әділдік пе?
- Мұқанның ерекше күшін байқап, оған көмекке келген достары кімдер?
- Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген? Мұқанның бойынан қандай үлгілі қасиеттер көреміз?
- Тәуелсіз Қазақстанымыздың атын шығарып спорт өнерінде жүрген кімдерді білесіңдер?
Үйге берілген тапсырма бойынша дайындап келген "Қазақтың спорт мақтаныштары" атты эсселерін оқып, өзара "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі бойынша бағалайды.
Бағалау критерийлері:
1.Тәуелсіз Қазақстанның спорт өнерінде жетістікке жетіп жүрген тұлғалар туралы нақты дәлелдер келтірген.
2.Өз ойын көркем әдеби тілде жеткізе алған.
3. Эссе сауатты, қатесіз жазылған.

- Біз бүгін өз елі мен туған жерін жырға қосқан, Отанға деген сүйіспеншілігін өлеңмен өрген қазақтың біртуар ақыны Қ.Аманжоловтың "Жамырап күнде жас өмір" өлеңімен танысамыз. Ендеше ақынның өмірі туралы бейне баянды тамашалайық.
/Қ.Аманжолов туралы бейнебаян. /
- Қ. Аманжолов кім екен?
- Оның қандай өлеңдері мен поэмалары бар?
- Ақынның Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер ақын екенін қай өлеңдерінен білеміз?
- Ендеше ақынның "Жамырап күнде жас өмір" өлеңін оқиық
/ Өлеңді мәнерлеп оқу/
- Ақын өз өлеңінде не туралы айтқан?
-Ақынның туған жері қай жер? Туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?
-Өлең неге "Жамырап күнде жас өмір" деп аталған деп ойлайсыңдар?

Әр топқа тапсырма беріледі /топтық жұмыс/
Жетістік критерийлері:
1.Өз ойларын өлеңмен байланыстыра отырып жеткізеді.
2. Дайындаған жұмыстарын жүйелі , түсінікті айта біледі.
3. Топтық ережені сақтайды.

Бағалау: мадақтау, қолпаштау.

Деңгейлік тапсырма: /жеке жұмыс/

Бағалау: "Бағдаршам" әдісі
Жасыл түс - толық орындай алдым
Сары түс- жартылай орындадым
Қызыл түс- маған көмек қажет.

"РАФТ" әдісі бойынша ақынға хат
Роль- оқушылар
Аудитория- ақын
Форма- хат
Тақырып- "Сіз мен үшін ұлысыз"
Кері байланыс

Суммативті бағалау
Үйге тапсырма Сабаққа әзірленеді, топқа бөлініп отырады.

Үйге берілген Қ.Әбдіқадыровтың "Қажымұқан" әңгімесі желісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

Сағат тілімен үйден жазып келген эсселерін оқиды. Берілген критерийге сүйене отырып, ең үздік эссені таңдайды.
Таңдалған эссені әр топтан бір оқушы оқиды, қалған топтар "Екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша" бағалайды.

Бейнебаянды көреді,тыңдайды, ақын туралы біледі.

Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
Өлеңдегі негізгі ойды түсінеді.

1-топ: Кестемен жұмыс
Ақын нені мақтан етеді? Сен өз еліңді несімен мақтан тұтасың?



2-топ: Ақын өлеңінде айтылған ойды сурет етіп сал. Салған суреттеріңді ақын ойымен байланыстыра отырып, қара сөзбен кестеле.
3-топ: Өлеңдегі бейнелі сөздерді тап.Өлең ішіндегі сөздерге мақал-мәтел жаз. Туған жер, байлық, білім.
/постер дайындайды, қорғайды/

1. Өлеңдегі мына сөздердің мағынасын аш, синонимін тап.
Құтты жер-..........................................
Жас өмір..............................................
Елдің асылы.........................................
2. Өлеңдегі бейнелі сөздерді тап.
3. Тармақты толтыр.
Арғымақтары қайд(а) екен бұл даланың,
Бәйге алаңын.......... шыдамадым,
Аңсап келген ауылда сәйгүлікке
Тақым салмай мен....... тұр(а) аламын?!
(Қ. Мырза Әли. «Туған жер»)

Ақынға хат түрінде өз ойларын жазады.

Пирамида-3
Бүгінгі сабақтағы негізгі үш сөз.
Сізге ерекше әсер еткен үш сөз.
Келесі сабақта тағы не туралы білгің келеді немесе қояр сұрағың.
Өлеңді жаттап келу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.