Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ана құшағында -

Ана құшағында

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1342 | Размер: | Автор: гость
. Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын
Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Сағатова Райхан Амангельдиевна

Сабақ тақырыбы: Ана құшағында
Мақсаты:
Білімділігі: . Оқушыларға Ғ. Мүсіреповтың « Қазақ солдаты » романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету. Өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйрету, романдағы басты кейіпкер туралы білім беру.
Дамытушылығы: Өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ананы құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Батырдың да, алыптың да анадан туатындығын, сондықтан ана - өмір бастауы екендігін ұғындыру. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу.
Көрнекілігі: Кітап, слайд
Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, дамыта оқыту технологиясы, көрнекілік, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау элементтері
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. ( І слайд )
ІІ Өткен материалды қайталау ( ІІ слайд )
Төрт түлік малға байланысты жұмбақтар жасыру
( Жауабын орысша, ағылшынша тілге аудару )
ІІІ . Үй тапсырмасын тексеру ( ІІІ слайд )
- Үйге осы аты аталған төрт түліктің қайсысы жайлы біліп келу тапсырылды? (Үлек )
-«Үлек» әңгімесінің мазмұнын 3 - 4 оқушыға жалғастыра айтқызу.
Үй тапсырмасын пысықтау:
1.-Үлек дегеніміз не екен қане, үлекке сипаттама беріп көрейік.
- Үлек - жалғыз өркешті, нардың бурасы. Айбары сұмдық, кісіге шабады,айбатты, батыл, қорқу дегенді білмейді
Еңбегі өте зор, ауыл түйелерін бағады.
2.- Түйе жейтін қандай шөптердің аты айтылған?( изен, жусан ,алабота, ащы қурай, теріскен, шеңгел, жантақ ) Тағы да қосуға бола ма?.
3. -Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?
Мүлкібай ата портретін кім айтады ?
Қоржиған, бойы кішкентай, ап - арық. Көңілді, балаларды жақсы көреді.
Себебі ол малға барғанда бүкіл баланы жинап апарады.
Малды да жақсы көреді. Үлектің оны тыңдайтыны кішкентай кезінен жақсы баққан, қараған.
Сендер үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер, жарайсыңдар!
ІҮ Жаңа сабаққа әзірлік
Қызығушылықты ояту «Ой қозғау»
-Балалар, сендердің араларыңда оқығысы келмеген балалар бар ма екен?
-Ал, оқығысы келетіндер ше?
- Сендердің мектепке келгендеріңе де 4 жыл болды. Жыл өткен сайын білімдерің ұштала түсті. Ондай болса қазір біз «Ойна да, ойла! » деген ойын арқылы математикамен байланыстыра отырып , жасырын сөзді табайық. ( ІҮ слайд )

2 4 5 6
3 А қ ш ы
7 н ұ ғ д

6 14 6 12 28 15 6 35 18 14 42 6
А н а қ ұ ш а ғ ы н д а

- «Ана құшағында» дегенде ойларыңа не келеді? ( Ассоциация )
Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.Мейірім, сүйіспеншілік, еркелік т.б.
Бүгінгі сабақта біз осы ана құшағын сезіндіріп, сол сәтті баян ететін Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романының үзіндісімен танысамыз.
-Ғабит Мүсірепов жайлы не білеміз? ( ҮІ слайд )
Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов 1902 - 1985 — жылдар аралығында өмір сүрді. Оның «Тұтқын қыз», «Қазақ солдаты», « Ұлпан » т. б. атты еңбектері бар. Алматы қаласында ол кісіге арналған ескерткіш бар. 3 – сыныпта « Таңның атуы » атты шығармасымен танысқанбыз.
- Кемеңгер жазушының Қазақ солдаты деп отырғаны кім екен?
- «Қазақ солдаты» романы «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін» - деген сөздерімен басталады Бұл әңгімеде Қайырғали Смағұлов деген баланы бәрі Қайрош деп атайды. 10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр, бұзау, торпағын бақтырып қояды. Оның алдына 87 бас мал салып беріп, егер бір бас малды жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамаймын дейді қара мұртты. Мен қашан оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді. Ары санайды 86, бері санайды 86. Жер жұтты ма? Ізі де жоқ. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай қаша жөнеледі.
Зытып келем, зытып келем.
Артыма қарай - қарай зытып келем.
Қайрош сол зытқаннан Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады.
- Балалар үйі кімдерге арналған?
- Панасыз, әке - шешесіз балаларға арналған.
«Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің? » -деген әлсіз дауыс естіледі
- Кімнің даусы деп ойлайсыңдар?
Әрине, анасының даусы.
- Ана неліктен бұлай деді екен ? Біз мұны әңгімені оқу барысында анықтайық.
Ү Жаңа сабақ
«Ана құшағында »
Әңгімені 4 – 5 балаға жалғастыра оқыту.
Сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу.
1 Анасы Қайрошты қайда іздеп келді? ( балалар үйіне )
2 Қайроштың досының аты кім? (Шеген)
3 Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің? (Әңгіменің басында … тізесіне сорпа шашырағанда; … Анасы кеткенде Қайроштың көзінен жас шыққанда.)
4 Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?
5 Мариям апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?
6 Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады?
7 Қайроштың анасының портретін жаса (Ү слайд )

ҮІ Пысықтау
1топ . Эссе « Егер мен Қайроштың орнында болсам не істер едім?»
2 топ «Дәнекер» Өмірмен байланыстыру
3 топ Бес жолды өлең «Ана »
4 топ « Топтастыру » ( Ассоциация )
5 топ « Топтастыру » ( Ассоциация )
6 топ Ана туралы мақалдар айт

ҮІІ Қорытындылау
«Ойлан, тап! » (ҮІ слайд )
«Құрметтейік, бас иейік адам баласының мәңгілік ортақ бесігі – Жер — Анамызға».

ҮІІІ Үйге тапсырма

• ”Ана құшағында” әңгімесін оқып келу,әңгімелеу
• Қайырғали Смағұлов ( Қайрош ) туралы мәліметтер қарастыру

ІХ Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.