Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ана тілі 2-сынып "Ғылым таппай мақтанба" -

Ана тілі 2-сынып "Ғылым таппай мақтанба"

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2079 | Размер: | Автор: гость
. Қызылорда қаласы
№257 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Алтынбекова Гүлбану Өмірбайқызы

Сабақ тақырыптары:
1. Ана тілі 2-сынып "Ғылым таппай мақтанба"
2. «15+28, 43-15 түріндегі қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдері» 2 сынып. Математика
3. «Жол тәртібін жадыңда ұста, жас ұрпақ!» Сыныптан тыс іс-шара.

Тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба» 2 сынып.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өмірімен танысу, Абайдың ұрпағына, жалпы адамзатқа қалдырған өсиеті толыққанды адам болудағы 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, жаман әдеттен аулақ болып, бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, ақын шығармаларын оқып, үйренуге баулу.
Дамытушылығы: Мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік
қорын байыту, дүниеге көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Абай портреті, тірек сызбалар, плакаттар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт.
- Армысың, алтын күн! Армысың, асыл жыр! Армысың көк аспан! Армысың , жан досым! Жылуыма – жылу қос! Мен менің қолым!
2.Өткен сабақты қорыту. Өткен «Асыл сөз» тарауын тест сұрақтары арқылы қорыту.
3.Жаңа сабақ.
- Оқушылар бүгін біз «Асыл сөз» тарауын аяқтап, жаңа тарауды бастағалы отырмыз. Бұл тарауды қазақ халқының ұлы ақыны, ақындардың пайғамбары, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай атамыздың өлеңімен бастаймыз. Ендеше жаңа тақырып «Ғылым таппай мақтанба».
Автор туралы түсінік беру: Абай 1845 жылы Семей облысы, Шыңғыс болысында дүниеге келді. Шын есімі Ибрагим. Әжесі еркелетіп Абай деп атаған. Абай 10- 12 жас аралығында мұсылманша оқып хат таныған. 4 жылдық медресе 3 айлық орыс мектебін оқиды. 15 жасында би етіп сайланады.


Әжесі Зере Әкесі Құнанбай


4.Өлеңмен танысу. Тақырыпты, күннің жадын тақтаға жазу. Оқушылар дәптерге жазады. Өлеңді оқып беру. Шумақтап оқи отырып түсіндіру.
I. 5 жақсы қасиеттерді талдау, сұрау. Бұл қасиеттердің мағынасын ашу.
1. «Талап – талмас қанат». Талаптанған адам қандай қиын істі де орындайды.
2. Еңбек –«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».
3. Терең ой. Адамның хайуаннан артықшылығы әріден терең ойлай алады.
4. Қанағат –қарын тойғызады.
5. Рақым – бұл мейірімді болу.




5 – дұшпан:
1. «Өсек өрге бастырмайды» бұл біреудің сыртынан сыпсыңдап жамандап айтылған сөз
2. Мақтаншақ-жаман қылық
3. Еріншек – «Еріншектің ертеңі таусылмайды.
4. Бекер мал шашпақ.
5. Өтірік – «Өтіріктің құйрығы бір тұтам».

Өсек Өтірік

Мақтаншақ Жаман Еріншек

Бекер мал

шашпақ
Қорыта айтқанда осы айтылған жаман қылықтардан аулақ болып,жоғарыда
айтылған жақсы қылықтарға ұмтылсақ, болашақта мейірімді, Отан
сүйер азамат болып шығасыңдар.
Сабақтың сәті: « Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді.
5.Дәптермен жұмыс. Ғылым – оқу білім, Ғалым- ақылды адам.
6.Оқулықпен жұмыс. Өлеңді іштей оқып шығу.Дауыстап оқу.Сұрақ тапсырмаларымен жұмыс.
-Сонымен бірге Абай атамыз сазгер болған. Оның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяк» сиякты өлеңдері бар.Ол-лирик. Жыл мезгілдері туралы өлеңдер жазды. «Жаз», «Күз», «Қыс» , «Жазғытұрым». Абай –аудармашы. Орыс ақын жазушыларының шығамаларын қазақ тіліне аударған.
Ол-данышпан. Келер ұрпаққа өсиет қалдырған. Оның өлендері мен қара сөздері жол сілтейді. Абайдын 45 қара сөзі бар.

Лирик

Данышпан Абай Аудармашы

Сазгер
Салыстыру арқылы Венн диаграммасын құру.

Ақылды,адал,инабатты,
Еріншек,білімсіз,ұятсыз,
білімді, енбекқор, парасатты надан,залым,куншіл,
терең қанағатсыз.

Данышпан ақын атамыздың әрбір өлеңі бір-бір құнды дүние деуге болады. «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ»-деп елбасымыз айтқандай, жаман, әдеттен аулақ болып, жақсы қасиеттерге ұмтылсақ, онда бізден халық қамын ойлаған, Отанымыздың нағыз ұл-қыздары шығады
7.Үйге тапсырма.
Мақтау-мадақтау арқылы бағалау.

Пәні: Математика. 2 сынып.
Сабақтың тақырыбы: 15+28,43-15 түріндегі қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
1)Разрядтан аттау арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерімен таныстыру; өтілген тәсілдерді пысықтау, оны есеп шығаруда дұрыс қолдана білуге үйрету.
2)Есте сақтау, логикалық ойлау, ақпаратты-танымдық қызығушылығын ояту және ізденымпаздыққа жетелеу қабілеттерін дамыту
3)Білімділікке, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: Музыка, еңбек, әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, хат, почта, Алдар көсе, мультфильм,үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Мақсатымыз-білім алу
Міндетіміз – еңбектену
Еңбектену арқылы
5-ке қолды жеткізу
- Орындарыңа отыра қойыңдар. Бүгінгі сабақта барлықтарың 5 алуларыңа тілектеспін.
- Тез-тез дәптерімізді жинап шығайық. Үй тапсырмасын дәптерлеріңнен тексеремін.
- Бүгінгі күн ретін жазып, 321-ден бастап өсу ретімен көркем жазып шығайық.
321 322 323 324 325 326 327 328 329 330
(Алдаркөсе кіріп келеді)
- Мен Алдармын, Алдармын
Сақалым болса талдармын
Сақал түгіл мұртта жоқ
Шайтанды да алдармын
- Өй мен қайда келдім өзі?
- Бұл 2 Ж сыныбы. Ал сізге кім керек?
- Маған сіздер керексіздер! Ой жақсыыыыы болды. Маған көмек керек болып тұр еді. Маған математикадан көмектесіңіздерші, осы математиканы түсінбей-ақ қойдым. Ал мен байдың үйіне барып қарнымды тойдырып келейін. Міне, қоржыным осы қоржынға жауаптарыңды сала беріңдер...
- Балалар, сендер Алдарға көмектескілерің келе ма?
- Олай болса, жаңа тақырыпты жақсылап түсініп алсаңдар, Алдарға оп-оңай көмектесеміз.
- Ал ендеше тақтаға назар аударайық.

Ондықтар Бірліктер





- Мынау ондықтар, мынау бірліктер.
- Біріншісінде неше ондық көріп отырсыңдар? 1
- Екіншісінде ше? 2
- Енді бірліктерін қарайық, біріншісінде неше бірлік? 5
- Екіншісінде ше? 8
- 15+28 ауызша қосқан ыңғайлы ма? Онда тағы қалай қоссақ болады?
- Яғни, баған түрінде жазамыз.








- Осыдан қандай тұжырымдама жасауға болады?
- Ондықтарды ондықтарға, бірліктерді, бірліктерге қосамыз.
- Түсінгендеріңді байқау үшін, балалар, тақтаға шығамыз және Алдардың қоржынын толтыруды да ұмытып кетпейік...
№2. Есепте: (3 қатарға бөліп беру)
А) 36+28=64
37+18=55
95-8=83
54+28=82
34+58=92
100-37=63
67-59=6
92-56=36
18+64=82
78+17=95
72-26=46
78-49=29


Б)3дм5см+2дм7см=6дм 2см
9дм4см-7дм5см=1дм9см
5дм3см+3дм9см=9дм2см
35см+27см=62см
94см-75см=19см
53см+39см=92см

- Балалар, біз мұнда есеп шығарып жатырмыз, ал Алдардың не істеп жатқанын көргілерің келе ме?
(Мультфильм көрсету)
- Балалар, біз жаңа ғана не көрдік?
- Мультфиль дегеніміз анимация көмегімен жасалған суреттер. Яғни, сурет салынса сол суреттегі бейнені қозғалтады.
- Мульфильдерді біз тағы қай жерден көре аламыз?
- Ал теледидардан тағы не көре аламыз?
- Фильм дегеніміз не?
- Фильмдерге арналып арнайы сценарийлер жазылады. Оны адамдар рөлге кіріп ойнайды.
- Фильмнің қандай түрлерін білесіңдер?
- Күлкілі фильмдер, фантастикалық яғни қиялдан туған фильмдер т.б.
№3.
Күлкілі ф – 27
Фантастикалық ф - ? 15 артық
Барлығы - ?
27+(15+27)=69
Ж: Фантастикалық ф 42, Барлығы 69 ф
- Ал,енді балалар сендерге шығармашылық тапсырма. 3 а-сын екі амалмен шығардық, ал енді осы есепті өзгертіп, 1 амалмен шығатындай етіп сұрағын өзгертуіміз керек.

Күлкілі ф – 27
Фантастикалық ф -?15 артық
27+15=42
Жауабы: Фантастикалық фильм 42
Сергіту сәті.
Геометриялық фигурадан құрастыру.
-Балалар, сендер бағанадан бері өте жақсы жұмыс істеп жатырсыңдар. Осы жетістіктерімізді Алдарға көрсетсек қайтеді? Олай болса, Алдаркөсеге хат жолдайық. Поштаға салу.
Топтық жұмыс
№4
1.Асқар д хат, ал Арман одан н хат артық жазды. Олар барлығы неше хат жазды?
Д+(д+н)
2.Асқар д хат жазды, бұл Арманға қарағанда н хат артық. Олар барлығы неше хат жазды?

Д+(д+н)
3.Асқар д хат, ал Арман н хат жазды. Думан Асқар мен бірге неше хат жазса, сонша хат жазды. Олар барлығы неше хат жазды?
(д+н)+(д+н)
№5.
Балалар, бұл жерде Алдардың үйін қоршауға көмектесуіміз керек.
Жерді қоршау үшін неше метр дуал қажет.
Жауабы: 26 м қажет.
Қорытындылау.
Тест алу.
1. 32+29 неге тең? А) 51
Ә) 61
Б) 58
2. 94см-12см неге тең? А) 82см
Ә) 82
Б) 72см
3. 56-9 неге тең? А) 47
Ә) 46
Б) 48
4. 85-х=60 А) х=10
Ә) х=9
Б) х=25
5. Өрнек құрастыр және оны тап: 65 санынан 20 мен 14 сандарының қосындысын азайт А) 65+(20-14)
Ә) 65-(20+14)
Б) 65-(20-14)

Мадақтау, бағалау.
Үйге тапсырма беру: №6, 179 - бет

Тақырыбы: Жол тәртібін жадыңда ұста, жас ұрпақ !
Мақсаты: Оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту.
Жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана
білуді тұрақты дағдыға айналдыру.
Оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа
тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жол ережелері, ескертусөздер (плакатқа жазылған)
Барысы: І Ұйымдастыру
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Жаңа оқу жылында жаңа табысқа, жаңа жетістіктерге жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін. Бүгінгі кезекті 3 сыныптың дайындаған «Жол тәртібін жадыңда ұста, жас ұрпақ !» атты сынып сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
Жол ережесін білу өмірімізді сақтайды. Оның сырын біліп, жол ережесін сақтау, орындау баршамыздың басты міндетіміз екендігін ұмытпағанымыз жөн. Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп-тұруына кедергі келтіреді, ересектердің жұмысқа, оқушылардың сабаққа, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жете алмауына әкеліп соқтырады. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолмен жүру, көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өту керек екенін әркім түсінетін-ақ шығар. «Егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, әрқашанда жол ережелерін сақтап, бұлжытпай орындауларың керек».

Жүргізуші:
Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.
1-оқушы
Жолда жүру ережелері- жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін заң. Жолда жүру ережелерін білу әрбір баламен әрбір адам үшін маңызды. Жолда жүру ережелерін дұрыс орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.

2- оқушы
Қазіргі таңда балалар және үлкендер өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау- мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілерде бұлжытпай орындауы керек. Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек.

3- оқушы
Мынау тұрған бағдаршам
Үш түрлі боп жанған шам
Үш көзінде үш белгі
Көрсетеді аңғарсаң.

- Бағдаршам бар көшеде өту оңай. Ал бағдаршамсыз – қауіптірек. Жүргізуші қанша мұқият болғанымен, қанша шапшаң болғанымен, тежегішті қанша күш салып басса да, көлікті тоқтатып үлгеру кейде мүмкін емес.
Бұрылыста бағдаршам,
Қызыл, сары, жасыл көз.
Бұйырып тұр аңғарсаң.
Бұйрықты іске асыр тез!

4-оқушы
Өзгертпейтін тұрағын,
Бір орында тұратын
Қызыл шамы жанғанда
Қадам баспа бір адым
Бұл тоқтаудың белгісі.
Білу керек бар кісі
Бас иеді тәртіпке
Келмесе де көнгісі.
- Қызыл түс – Мұқият бол! –Қозғалысқа тыйым салынады.

5-оқушы
Сары көзін жаққанда
Өтемін деп мақтанба
Бұл дайындық белгісі
Кідіре тұр аттанба
Сары түс – Абай бол! Дайындал! Көшені өтуге рұқсат беремін! Келесі белгіні күт!

6- оқушы
Тексе жасыл шырағын
Қауіптенбе шырағым
Жолың ашық өте бер
Жасап алға мың адым
Жасыл түс –Жол бос! Ашық! Жүріңіз! Көшені өтуге болады дегенді білдіреді.
7-оқушы
Өзі қызыл үшбұрышты ескертуің мен болам.
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

8- оқушы
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың

9- оқушы
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты

10-оқушы
Баратын сапардың қашығын, тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Кекпеңбек боялған төртбұрыш шырағым

Жүргізуші:
Тап болмасын қасірет
Күдер үзіп жалғаннан
Көшені тек кесіп өт
Бағдаршамы бар маңнан
Көше деген – тағылым
Абай болсаң, жоқ қайғы
Қай кезде де Тәңірің
Сақтағанды сақтайды- дегендей,
біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден-бір кепілі көшеде жүру ережелерін сақтау, жолда жүру тәртібін білу. Ендеше әрдайым жолда жүру ережелерін сақтап аман-сау жүріңіздер! Осымен 3 сыныптың «Жол тәртібін жадыңда ұста, жас ұрпақ !» атты дайындаған сынып сағаты аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.