Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ана тілім – айбыным! -

Ана тілім – айбыным!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4268 | Размер: | Автор: гость
. Бердібаева Ақшагүл Ахметқызы
«Қосбұлақ негізгі орта мектебі»
МКМ-нің бастауыш сынып мұғалімі,
3 сынып жетекшісі

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім – айбыным!

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Дамытушылығы: мақал-мәтелдер, тілдің көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер арқылы оқушы дүнииетанымын, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелігі:мәдениетті сөйлеу, тіл тазалығын сақтау, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіру арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтере отырып, оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі:нақыл сөздер, суреттер, әдебиеттер, буклеттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақты ҚР мемлекеттік әнұранымен бастау.
ІІ. Ана тілім – айбыным
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ананың сүтімен бойымызға дарыған тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі – ұлтымыздың ана тілі. Ол халық тарихымен қатар жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет еткен, мәдениетімізді, экономикамызды дамытқан асыл байлығымыз.
Білімді, техниканы да ана тілі арқылы үйренеміз. Сондықтан да өз тілімізге «ана» деген ардақты сөзді қосып ана тілі деп айтамыз.
Бүгінде Қазақстанға емес Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан, Моңғолстан, Қытай, Ауғанстан, Иран, Ирак, Түркия, Германия мемлекеттерінде тұратын қазақтар да ана тілін дамытуға өз үлестерін қосуда. Олар қазақ тілінде оқи да жаза да алады. Олай болса тіл – ұлттың жан дүниесі. Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жаңа көрінісі.
Тіліміздің өте бай, шежіре, әңгіме мақал-мәтелдерді оқып-тоқып, ой-өрісімізді байыта түсеміз. Әсіресе сөйлеуге, әсіресе, тапқырлық пен әсем ойдың інжу-маржандары мақал-мәтелдерін жетік біліп, оның сырына үңілу, ана тілінде сөйлеу – оны құрметтеу.
- Қане, балалар сендер қандай мақал-мәтел білесіңдер. (оқушылар мақал-мәтел айтады)
- Рахмет балалар! Мақалды нақышына келтіре айта алдыңдар. Ендігі кезекте жұмбақ жасырып көрейік. Қане кім жұмбақ жасырады екен?
- Міне, балалар, жұмбақ жарысынан мүдірмей өттік, мұның бәрі біздің қазақ тілімізге деген сүйіспеншілік, тіл байлығын меңгере білуімізге қабілетіміздің бар екенін көрсетіп жатырмыз.
- Туған тіл жайында толғамаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар сірә. Бүгін біз де ана тіліміз жайлы сыр шертіп, қоғамның тіл жайындағы ой-пікірлермен бөліскелі отырмыз.
Мұғалім: «Үш бақытым» өлеңін оқиды.
Нұрым:
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Дамира:
Тілім менің ең бірінші байлығым,
Тілім менің – арқа сүйер айбыным.
Тілім менің сен арқылысеземін
Шабытымның шалқар сезім айдынын.
Жандос:
Ана тілім жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Сабыржан
Тілім дінім,самғаған шарықтасын.
Самғаудан еш уақытта жалықпасын
Өз алдына өмірден теңдік алған,
Ана тілім көзімде қалықтасын.
Мұғалім:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай, келесі кезекті әнге берейік.
Ән: «Ана тілім – тұғырым»
Айдана:
Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Ермек:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілін жасау керек мәңгілік.
Мұғалім:
Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, киелі сөз сүйектен өтер демде.
Тоқталамыз енді біз ал, балалар,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелге.
- Балалар сенде тілге байланысты мақал-мәтелдерді білесіңдер.
Ендеше «Жалғастыр» ойынын ойнайық.
1. Бас кеспек болса да (тіл кеспек жоқ)
2. Шебер көптің анасы (шешен көптің анасы)
3. Шешеннің тілі ортақ (шебердің қолы ортақ)
4. Тіл тас жарады (тас жармаса, бас жарады)
5. Піл көтермегенді (тіл көтереді)
6. Сөз асылы – (мақал)
7. Өнер алды – (қызыл тіл)
8. Жақсы сөз – (жарым ырыс)
Айтолқын:
Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті дейді. А. Байтұрсынов атамыз, сонда тілді, дінді жасайтын кімдер? Жастар, яғни мына біздер. Қазақ тілін – ғылым, білім, саяси-экономикалық, халықаралық қарым-қатынас тілі болғызатын мына біздер. Сонда ғана біздің тіліміз өміршең болмақ.
Арайлым:
Бұрынғы бабаларымыз Қаз дауысты Қазыбек би қалмақ қонтайшысымен кездескенде:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Көк найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір жау баспаған елміз.
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз – депті. Сол ата-бабаларымыз қорғай білген, қасиетін асыра білген, қазақ тілін халықаралық деңгейге көтеру – бүгінгі ұрпақ – біздерге бұйырып отыр.
Ақнұр:
Біздің Республикамызда мемлекеттік тілді үйрену – барлық ұлт өкілдеріне ортақ мәселе деп білеміз. Ал ұлтымыздың мемлекеттілігін мәңгілікке айғақтайтын тарих болса, тарихты мәңгілікке жеткізумен – кітап, ал тілдің мәңгілік ғұмыры – осы кітапта жатыр. Тіл мен кітап сайып келгенде ел үшін бірі - тірек, бірі – білек, білік, күш-қуат. Тәуелсіздікті ту еткен, табан жолынан айнымайтын, қандай кезде де құбылмайтын тек осы тіл мен кітап қана
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте – дегендей кезекі әзілге берейік.
Көрініс: « Шала қазақ»
Айтолқын:
Ана тілім тағдырыңа лаңдаймын.
Ұрпағың боп уайымдап қалғандаймын.
Шұбарлатпай ана тілде сөйлесе деп,
Шала қазақ көрмесем деп алаңдаймын.
Ақнұр:
Қазағым, көркем әрі бай тіддеп біл,
Ата-баба атағына келтірме кір.
Өзге тілде сайрамай алаш жұртым,
Ана тілін әрдайым ардақтап жүр.
Нұрым:
Сен қадірле, қадірлеймін, қадірлейік.
Қазақ тілдің теңдесі жоқ деп білейік.
Ананың ақ сүтімен кең дарыған,
Қазақ тілді қастерлеп бізжүрейік.
Дамира:
Отансыз жан едім ғой,
Оты болса да жалыны жоқ
Шалыс бір жанған шоқ едім ғой.
Түтіні болса да, ошағы жоқ
Еркелететін өз елің болғанға,
Еркін басып жүрер өз жерің болғанға,
Еркін сөйлейтін өз ана тілің болғанға не жетсін!
Қорытынды: Міне балалар, біз ана тіліміздің құдіретін түсіндік. Өз тілімізде сөйлеу өнеге-үлгіміздің өскені болып табылады екен. Тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін мен сендерге біразсұрақ қоямын.
1. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997 ж. 11 шілде)
2. Тілдің ең негізгі қызметі? (сөйлеу, қарым-қатынас жасау)
3. Өнер алды не? (қызыл тіл)
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ресми тілі (орыс тілі)
- Рахмет балалар, бүгін тілдер туралы деректер алдық деп ойлаймын. Ана тіліміз қазір де үлкен өріске жол тартты. Дегенімен «Ана тілі – қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес көкірегімізге жазатан уақыт жетті. Олай болса, біздің мақсатымыз – ана тілімізді қадірлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.