Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы № 2 Ш.Қанайұлы атындағы жалпы орта мектебінің 4 «В» сынып оқушысы Орынбай Мерей Маратқызы. Сынып жетекшісі Байбакова Мира Бақытқызы.
Анама
Айналайын анашым,
Ақылдысың,данасың.
Тәрбиелеп өсірген,
Ұл – қызыңа панасың.
Ана махаббаты
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбилер жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің.
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген асыл жандай болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О,адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Анашым
Жетістікке жеткенім.
Сенің арқаң анашым,
Аяулы ана мен үшін,
Анашым менің анашым.
Ұстазым
Оқу,білім үйреткен,
Аяулы менің ұстазым.
Бар жақсыны үйреткен,
Ұстазым, менің ұстазым.
Әже
Әжетайым ардақты,
Өзі сондай салмақты.
Ертегі мен жұмбақты,
Жатқа білер он шақты.
Астана
Елімізде әсем қала Астана,
Жері байтақ, көшесі кең, тап-таза.
Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан,
Халқымыздың мақтанышы бас қала.
Алғаш болған Ақмола,
Кейін болды Астана.
Елбасының сарайы,
Орналасқан бас қала.
Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – менің Отаным,
Биік тау шалқар бұлағым.
Мен мақтанам Отан деп,
Қазақстан менің Отаным !
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.