Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Антропогендік факторлардың атмосфераға әсері -

Антропогендік факторлардың атмосфераға әсері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2654 | Размер: | Автор: гость
. Пәні: Экология
Тақырыбы: Антропогендік факторлардың атмосфераға әсері
Уақыт: 90 минут
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекі түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, іздендіру, миға шабуыл, «Адасқан әріптер», «Жасырын ұяшық», «Тазалық» ойындары, Венн диаграммасы.
Топ: ФР14А
Өткізу орны: №415 дәрісхана
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Атмосфераның ластану жолдарымен таныстыра отырып, жасанды ластану түрлеріне тоқталып, олардың алып келетін салдарымен таныстыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, экологиялық мәдениеттілікке, өз ойын еркін жеткізе білуге, нақтылыққа тәрбиелеу; теориялық білімді өмірлік тәжірибеде қолдана білуге, табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын ұстана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: танымдық қызығушылығын, логикалық ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту, атмосфера жайлы білімдерін тереңдету.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ноутбук, ойын элементтерін пайдалануға арналған сиқырлы жәшік, тақырыптық сызба кестелер.
Пәнаралық байланысы:
Бейорганикалық химия: «Биогенді элементтер», «Химиялық заттардың табиғатқа әсері»
Жалпы гигиена:«Атмосфера ауасының ластануының гигиеналық маңызы»
Валеология:«Экология және адам денсаулығы»

Пәнішілік байланысы:
«Экологиялық факторлар», «Биосфераға антропогендік әсер»
Әдебиеттер:
Ә.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева «Экология»
Ү.И.Кенесариев, Н.Ж.Жақашев «Экология және халық денсаулығы»
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин
Студенттермен сәлемдесу,олардың сырт келбетіне,сабаққа қатысуына, дәрісхана тазалығына көңіл бөлу, студенттердің назарын сабаққа аудару,сабақтың тақырыбы мен мақсатын, жоспарын хабарлау. Студенттерді топшаларға бөліп, топ басшыларын сайлау.
ІІ. Студенттердің білімін тексеру - 20-25 мин
1. «Адасқан әріптер» ойынын жүргізе отырып, берілген сөзге сипаттама беру:
РАМАТОСЕФ – АТМОСФЕРА
АРЕФПОСОТР- ТРОПОСФЕРА
СФАРЕСТАТОР - СТРАТОСФЕРА
ОНЕРОСИФА - ИОНОСФЕРА
ТАНРЕПОДОНІ – АНТРОПОГЕНДІ
2. «Жасырын ұяшық» ойыны
Жалпы экология 10 20 30 40 50
Биосфера 10 20 30 40 50
Атмосфера 10 20 30 40 50
Экологиялық факторлар 10 20 30 40 50
Халықаралық экологиялық акциялар 10 20 30 40 50
3. Топ басшылар сайысы
«Сиқырлы жәшік» сұрақтары:
1) Батыс даналығында айтылғандай, бұл - адамға қоғам мен қоршаған әлеуметтік орта сияқты қажет, яғни балыққа - су, өсімдіктерге – жарық қажет сияқты адамға қажет нәрсе, бірақ айта кететін жайт мұны балық та, өсімдік те қажет етеді, тек оларға бір бөлігі ғана керек. Сұрақ: бұл не?
Жауабы: Ауа
2) Википедияда жазылғандай, екеуі де жеті құрауыштан құралады: Біріншісі – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі және екіншісі – судан, топырақтан, ауадан, тірі заттардан, биогенді заттардан, биокосты заттардан, жансыз заттардан тұрады. Сұрақ: Бұлар ненің құрауыштары?
Жауабы: Апта және биосфера
3) Американың Аризона штатында өте үлкен шыныдан соғылған кешен орналасқан. Кешен ішінде Жер экожүйесіндей жағдай кіп кішкене түрде жасалынған. Онда ұзақ тәжірибе жүргізіліп жатыр – адамдар қазіргі өмірден шеттетілген. Бұл кешен «Биосфера -2» деп аталады. Сұрақ: «Биосфера -1» кешені қайда?
Жауабы: «Биосфера -1» - Жер
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру – 15-20мин
Көрсетіп-түсіндіру әдісі
ІV. Жаңа материалды пысықтау- 25 мин
V. Сабақ қорытындысын жасау, студенттердің білімін бағалау – 5мин
Студенттердің сабақ барысындағы барлық тапсырмалар бойынша жинаған ұпайларын санап, талдап, бағалау
VІ. Үй тапсырмасы - 5 мин
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.