Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Аппақ қыс -

Аппақ қыс

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1518 | Размер: | Автор: гость
. Ашық сабақ
Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы
А.С.Макаренко атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова Улжанар Нұрхановна
Сыныбы-4
Пәні: Ана тілі

Тақырыбы: Аппақ қыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: ақынның қыс бейнесін суреттеуіне қарап өлеңді мәнерлеп оқу арқылы өлең мазмұнын ашу.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын байыту.
Тәрбиелігі: әр мезгілдің өз ерекшелігі барын абйқата отырып, табиғат сұлулығын байқауға, оны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, қыс мезгілінің суреті, сызбалар.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды тәртіпке келтіру.
ІІ Үй тапсырмасымен жұмыс
1. «Суықторғай» мәтінінің мазмұнын еске түсіріп, бірнеше оқушыға әңгімелету.
2. Әңгіме бойынша салып келген суреттерін өз ойымен қысқаша әңгімелеу.
3. Үй тапсырмасын қорытындылау.
- Әңгімені кім жазған?
- Максим Зверев.
- Мәтін қандай үлгіде жазылған?
- Сипаттау.
- Суықторғайды тауып алған кісі оны қайда алып келеді?
- Үйіне.
- Осы әңгімеде жылдың қай мезгілі әңгімеленген?
- Қыс мезгілі.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Ендеше бүгінгі танысатын сабағымыз «Аппақ қыс»
- Авторы Төлеген Айбергенов
1973-1967

Қарақалпақстанның Ақын Қазақ
Қоңырат ауданында
туды.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Тізбектеп оқу.
3. Түсініксіз сөздерді белгілеу.

IV. Сөздік жұмыс.
Сәукеле – ұзатылатын қыздың киетін бас киімі. Ол үшкіл болады.
Рояль – музыкалық аспап.

V. Топтық жұмыс.
І топ. Білім тобы.
1. «Қыс» тақырыбына өлең шығарады. (оқиды).
ІІ топ. Өнер тобы.
1. «Қыс» тақырыбына сурет салады. (сипаттайды).
ІІІ топ. Еңбек тобы.
1. «Қыс» тақырыбына шығарма жазады. (оқиды).

VІ. Ассоциация құру.
VІІ. Сергіту сәті.
Қыс қандай, тамаша!
Ақ ұлпа қар жауды
Ағаштар, бұталар,
Ақ қарға оранды.

VІІІ. Тіл дамыту. Мақал-мәтелді құрастыру.
Шынықсаң - .......... боласың. (шымыр)
Дені саудың - .......... сау. (жаны)

ІХ. Қорытындылау.
- Сонымен балалар өлеңнің авторы кім?
- Не туралы білдіңдер?
Х. Бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттап келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.