Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қар.  Бауыржан  Жақып -

Қар. Бауыржан Жақып

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1527 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Есболған Шарипа Жандарәліқызы
Бәйдібек ауданы, Сарыбұлақ ауылы, “Сарыбұлақ” негізгі орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Қар. Бауыржан Жақып
Сабақтың мақсаты: өлеңді оқу кезіндегі балалардың сенімдерін қоса талдауға мүмкіндік беру. Өлең мазмұны арқылы таныс, таныс емес сөздерді талдау.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: Бауыржан Жақыптың «Қар» өлеңінің мағынасын түсінуіне, табиғаттың керемет тылсым күшін, қардың әдемілігін тануына мүмкіндік туғызу.
Жүйелі іс –әрекет нәтижесі: сөздік қорларын молайту арқылы сөйлеу тілдерін, жазу мәдениетін дамыту.
Тұлғалық нәтиже: қысқы табиғатты тамашалау арқылы әр жыл мезгілінің өзгешілігін өзінше бағалауға, әсемдікті, әдемілікті түсінуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: балалар қолымен салынған қар түрлерінің суреттері. Қыс келбетін бейнелейтін суреттер. «Қыс келбеті» этюдінен үзінді. Карта, глобус.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
I. Қызығушылықты ояту.
Жаңа тарауды айшықтайтын «Қыс келбеті» этюдінен үзінді көру.
Қысқы табиғаттың керемет көріністерінен суреттер. «Галереяға саяхат» әдісі арқылы оқушылардың бейнелеу өнері, еңбек сабақтарында орындаған жұмыстарынан ұйымдастыруға да болады.









Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұшып, кейде ысқырып
Ұйтқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
- Өлеңде қыс көрінісі қалай суреттеледі?
Жаңылтпашты қайтала
Бұл қар – сүр қар
Сүр қар – кір қар
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
- Жаңылтпаштан қардың қандай түрлерін білдің?
- Тағы қандай қардың түрлерін білесің?
Қар түрлерін топтастыру.
II. Мағынаны тану.
- Енді осы қар туралы Бауыржан Жақыптың өлеңін оқып, «топтастыруымыздағы» қар түрлері бар ма екен, жоқ болса, тағы да қосып жазалық.
Өлеңді шумақпен оқушыларға тізбектетіп оқыту.
Әр шумақты оқыған оқушы қандай қар түрі суреттелгенін айтады және өздері құрастырған «топтастыруға» қосады немесе егер бар болса, бояп қояды.

үлпек ақша күрті


үркек жұлдыз

мамық қасат омбы
- Қармен ойналатын ойын түрлерін ата.
- Қар барлық елде бар ма? Сен сияқты барлық елдің баласы ойнай ала ма екен?
Картамен, глобуспен жұмыс.
Сергіту сәті ретінде төмендегі өлең жолдарының ұйқасын тауып, қимылынмен көрсету.
О, алақай, ..., (балалар)
Жамылыпты дала...! (қар)
Бұрқыратып ақ ... , (қарды)
Жегілейік ... әр. (шанаға)

Зуыл қағып ... , (шанамыз)
Тоғай кетіп ... , (барамыз)
Үйге отын ... , (тасимыз)
Күтіп отыр ... , (анамыз)
III. Үш тілдің патшасы
Өнерпаз - искусный –skillful
Ғарышкер – космоновт- spaceman
Сұнқар -сокол - falcon
Дәрігер- доктор- doctor
Мұғалім- учительница-teacher
Дәптер- тетрадь- copybook
Қаламсап-ручка- pen

IV. Ойтолғау.
«Қар» өлеңіне байланысты дәптердегі берілген тапсырмаларды орындау.
Тапсырмаларды сабақтың қажетті кезеңдеріне сай таңдап алу.
«Қызық мәлімет» айдарымен: берілген мәліметті магнитофоннан, радиодан, дыбыс ұлғайтқыш құралдардан, т.б. тыңдаса.
Қызық мәлімет.
«Қыстың көркі - қар» демекші, жер-дүниені аппақ мамыққа орап жатқан қардың да өзіндік әсемдіктері бар, өзіне ғана тән ерекшеліктері жетерлік.
Уилсон Бертлей деген ғалым XIX ғасырда 46 жыл бойы «Фотомикрофик» фотоаппараты арқылы қар түйіршіктерін түсіріпті, артынан «Қар түйіршіктері» атты кітабын жазған. Ол өзі түсірген 5300 суреттің ішінен бір- біріне ұқсайтын екі суреттің кездеспегенін, қардың әр түйіршігі алты бұрышты болып келетінін таңғала айтады. Осы алты бұрышты геометриялы пішінде болуында, сондай – ақ бір-біріне ұқсамауында Ұлы Жаратушымыздың құпиясы, ғибраты жатқан тәрізді. Алты бұрышты болуынан оның ғарыштың шағын пішінін меңзеп тұрғанын түсінуге болады. Мұндай алты бұрыштар тек қарда ғана емес, ара ұяларында да кездеседі. Ал олар қалай пайда болады, бұл – әзірге жұмбағы көп мәселе.
- Ендеше болашақта қар ұлпасын, болмаса араның ұясын зерттеймін десеңдер, бұл әлі ешкімге сырын ашпаған ғылым екен. Ойланыңдар!
- Қыстың суығын қалай сезінесің? Суреттеп жаз.
Оқушылардың жұмысын тыңдау арқылы сабақты қорытындылау.
Үй жұмысы ретінде қар түрлерінің суретін салып келуді беруге болады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.