Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қарама – қарсы  мағыналы  сөздер. -

Қарама – қарсы мағыналы сөздер.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3337 | Размер: | Автор: гость
. Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Сырманова Рахима Әбдірахманқызы

Сынып: 3-ә
Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қарама – қарсы мағыналы сөздер. 1-5 жаттығу.
Сабақтың мақсаты: 1.Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін кеңейту. Берілген сөздерге қарама – қарсы мағыналы сөздер таба білуге үйрету.
2.Сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге баулу, ойлау қабілетін дамыту.
3.Оқушылардың логикалық ойлау сезімін оятып, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: ребустар, шырша суреті, ойыншықтар, жеке сөздер жазылған плакат, мақал – мәтелдер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1.Үй тапсырманы тексеру.
2.Өткен тақырыптарды еске түсіру, пысықтау.
А) Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
Ә) Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?
Б) Қаратпа сөз дегеніміз не? Мысалдар келтір.
В) Сөйлем дегеніміз не?
Г) Сөйлемнің түрлеін тап?

Жаңа сабақ: Қарама – қарсы мағыналы сөздер. 1-5 жаттығу.
Қарама – қарсы мағыналы сөздер туралы түсінік беру.
Ұзын – қысқа, жоғары – төмен
Ақ – қара, алыс – жақын.
Тақтамен жұмыс. 1 – жаттығу.
Берілген сөздерге қарама – қарсы мағыналы сөздерді тауып жазғызу.
Жарық – қараңғы, жеңу – жеңілу
Алыс – жакын, жасару – қартаю
Қисық – түзу, ұйықтау – ояну
Қалың – жұқа, тоңу – жылыну.
2 – жаттығуды ауызша орындату.
3 – жаттығу. Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді қарама – қарсы мағыналы сөздермен ауыстырып жазғызу.
Сергіту сәті. Ойын «Шыршаны сәндеу»
Ойыншықтардың артындағы сұрақтарға жауап бере отырып шыршаны сәндеу.
4 – жаттығу ребусты шешу, сол сөзді қатыстырып сөйлем құрап жазу.
Икемді – олақ

Сергіту сәті: Мақал – мәтелді дұрыс оқи білесің бе?
Қнақо за прытыо, пөк дыйасын.
Қонақ аз отырып, көп сынайды.

Сабақты қорытындылау: Пысықтау, бағалау.
Үйге тапсырма беру. 5 – жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.