Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қаратау келбеті  (Қостөбе) -

Қаратау келбеті (Қостөбе)

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1267 | Размер: | Автор: гость
. Қаратау келбеті (Қостөбе)
«Жан- жануар , қара орман бәйтерегі,
Жоқ болады , келеді қайта легі.
Бұл өмірдің өткінші екендігін,/6/
Қара тасқа тіл бітсе айтар еді»,- деп жерлесіміздің жырлағанындай. Қаратауымыз жер бетіндегі қария таулардың қатарына жатады екен. Ата-бабаларымыз қазақта: «Қазақта туған жерге туың тік» , «Туған жер алтын бесік» , «Өзге елде сұлтан болғанша , өз еліңде ұлтан бол»,-деген адамзатты адалдыққа тәрбиелейтін мақал- мәтелдерді тегін айтпаса керек. Бұқар бабамыздың «Әр пенде төрт нәрсеге адал болу керек. Олар: туған жері, туған елі , туған тілі, туған діні»- деген өсиет сөзі әр пенденің көкірек көмбесінде жатса жаман болмағаны./3/
Белгілі жазушы Ұзақ Багаевтің «Қаратауды ән тербейді»- деген кітабында, аулымыздың ақын азаматы Артай Кенжетаев жақсы пікірлер айта отырып:Қаратаудың қойнауының ішіндегі мен көрген ең сұлу ерке Бесарық өзенінің бойы, таңқалғаным тауының әр бұрылыс, әр төмпешігінің өзіне лайық аты, атауы барлығы»- деген сөзі осы өлкенің тарихын танып-біліп , тағзым етуге тәрбиелеп тұрғандай./18/
« Алыстан таулар мұнартып,
Таулар-ай жаным құмартқан!
Көрінесің иаған керуендей,
Бабалар көшіп , жүк артқан!»,- демекші, әрбір тау бір тарих, үлкен бір шежіре дастан сықылды, өткен өмірдің куәсі дерсің./7/
Сондықтан сондай тарихи аңыз деректерге тоқтала кетейін.
Әжем маған Қаратауға байланысты көптеген аңыздарды, әңгімелерді айтып отырады. Солардың бірі «Қос төбеге» байланысты аңыз.
Ауыл мен алқымның ортасындағы қол созым жердегі бауыры жүзімдікке малынып қолдан үйген «Қос төбе» тұр. Бір таңқаларлығы бұл төбелер қабат жатқан қос рудың шекара шеңберін анықтап Бесарық өзенінің аңғары «Тастақты» ортаға ала екеуі екі жағасына орналасқан. Кешегі қалмақ –қазақ қырғыны кезінде Ноғайдың қызы мен Шегірдің ұлы уәделесіп, үйленгелі жүргенде елге жау тиіп, жеңіліс тапқан соң екі ру атамекенінен айырылып, Қызылқұмға көшуге мәжбүр болған. Арада жыл өте Қалмақ ханы Ноғайдың қызының сұлулығын естіп , құмартып, араға айттырушы адамдар салғанда, ақылды қыз ой өтеуіне осы ата қонысымызды қайта сұраған екен.
«Ханға қатын керек»,- демекші, ел салықтан құтылып, атамекеніне оралғанымен қос ғашық өздерінің бір- біріне деген ыстық ықыластарын суыта алмаса керек. Жыл артынан жыл жетіп тоз-тоз қазақ қайта бірігіп, қалмақтарды тұра қуғанда Шегірден шыққан ақын жігіт сонау Созақ жеріндегі қалмақ ханының ордасын талқандайтын шешуші шайқаста тұтқынға түсіп, арбаға байланып азап шегеді. Еріккен хан мұның ақындығынан да хабардар екен. Кешке ордасына алдырып, мақтап арнау өлең айтуды талап етеді. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»- демекші, шегір ақыны қалмақ ханына бар шындықты бетіне айтып, «саған өлімнен лай ықты жаза жоқ» , дегенде ханның қасындағы ханша- Ноғай аруы қалмақ ханының басын қылышпен кесіп түсірген екен. Әрине, ордада көп қалмақ бұл екеуіне жабылып, жарық дүниенің соңғы саңылауын жаптырады. Осы қос ғашықтың мәйіттерін ер адамдары сонау Созақтан Бесарық өлкесіне жеткізіп, Ноғай аруын өз шекарасына, Шегір ақынын өз шекарасына, өзеннің екі бетіне, бір-біріне қарама-қарсы және өте жақын жерлепті. Махаббаттың құрметі үшін екі ру осы қос төбені қолмен үйген екен,- депәжем әңгімесін аяқтады. Осы аңызды тыңдай отырып ханның әділеттсіздігіне налыдым. Ал Ноғай аруы мен Шегір ақынының өжеттіліктеріне , бір- біріне деген ыстық ықыластарына тәнті болдым. Бір күні әжем маған:- балам, осы сен «Кітан ұшқан» деп аталатын құздың тарихын білесің бе? Білмесең саған осы жайлы сыр шертейін, кел отыр да тыңда жадыңда жүрсін деді.
Кітән ұшқан
Қаратаудың құшағына қалыңдай енгенде елемей өте алмастай еңселі бір шыңды «Кітан ұшқан» деп атайды екен. Кешегі замандар да дәл осы күнгідей құныққае пенделерҚаратаудың киесі саналатын арқарлар тұқымын атып, азайтыпты. Азайғандығы сонша ол жануарды көргендер қыдырға кездескендей әсерде болып, тұқымы жойылмай көбейсе екен деп тілепті. Бір күні кешкілік Кітән деген аңшы шыңның басынан балалы арқарды көреді де, қозысын тірідей жартасқа қамалап, ұстап алмақшы болғанда , өзі шыңнан құлап өлген екен. Осындай жауыздықтан шошынған ел, келер ұрпақ кеселді әрекеттерден аулақ болсын деп, бұл құзды Кітан ұшқан деп атаған аңыз қауесет бар.

«Жауыздығы аздай-ақ бағанағы
Шыңға келіп қозыны қамалады.
Шап бергенде жалт етіп кетті қозы
Ал өзі құздан төмен домалады.
Кітән екен ныспысы әлгі аңшының,
Кесірінен соңғы арқар болған шығын.

Бізге жеткен деректің жобасы осы,
Тарих ана біледі жалған - шынын.
Дәл алдында арқарлар өткен із бар,
Мылтығы бар адамдар тоқтаңыздар!
Жас қозыдан өрбіген киелі олар,/ 45/
Қаратаудың арқарын атпаңыздар!»- дегенде, менде аңшыға деген жек көрушілік, ыза-кек пайда болды. Арқардың баласының аман қалғанына қуандым, бір жағынан жетім қалған қозыны аядым.

Дат тауы
Бірде әкем екеуміз жылқыларды бақылап келуге тауға бардық. Сонда әкем маған Қаратау баурайында бірнеше баулар, сай-үңгірлер бар екенін айтты. Бір тұсқа келгенде: «Балам мына жерді Дат тауы деп атайды. Оның тарихы мынадай»,- депайтып берген еді. Бұл жерде үй орнындай үлкен сипыр тасты қақ жарыптұрған ескі құдық болатын. Құдықтың ішіне үңілсең суға жетпей, жер астымен екі жаққа қарай кеткен екі үңгір бар. Түбіне түсіп көрген пендп ьолса өзі біледі, бірақ суын пайдаланғаны болмаса үлкендер бұл құдықты кие тұтып айналасын таза ұстаған.
Бұл Дат құдығы туралы бізге жеткен аңыз мазмұны мынадай «Құдай жолына шын
Берілген бір жігіттің келіншегі өте аяр болыпты, күнде күйеуін тілдеп маза бермепті. Ашуы ұстағанда қарғап сілеп, байғұсты оқып отырған намазынан жаңылдырыпты. Амалы таусылған жігіт, әйелінен қашып кетіп, әлгі сипыр тастың үстіне шапанын жайып, намаз оқып отырса, артынан әйелі іздеп тауып алып, жағасынан ала кеткен-де, «Ой, Дат!» деп, жігіт айқайлап шошынған екен.
Сол кезде құдайдың құдыретімен сипыр тас қақ айырылып, құдық пайда болып және оның ішінен екі жаққа екі тарам жол тармағы тарағанда екеуі бір- бірінен көз жазып екі бағыттағы жолға түсіп, жан тыныштығын тауыпты деп әкем сөзін аяқтады.
Сонда тәңірдің кереметі не деген күшті деп таңданған едім.
Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы,
Кеңес аулы, №239 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сыздықова Роза
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.