Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері -

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 3125 | Размер: | Автор: гость
. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері
8 – сынып
Байгазиева Н.А.
№7 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерімен танысу, ұғу.
Дамытушылығы: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелігі: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Түрі: жаңа білімді меңгеру
Типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
ІІ Оқушылардың үй жұмыстарын тексеру.
ІІІ Өткенді қысқаша қайталау (оқушылар сұрақтарға жауап береді)
а) санның квадрат түбірі деп қандай санды айтады?
б) санның квадрат түбірін анықтау амалын қалай атайды?
в) теріс санның түбірі бар ма?
г) саннан квадрат түбір алу үшін бұл сан қандай болуы керек?
ІV Жаңа білімді меңгеру:
√a=b теңдігі a=b^2 , a≥0,b≥0 болғанда орындалады.
/тақтада көрсету/
5-8 мысал келтіру
1 теорема: Егер а≥0 және в≥0 болса, онда √ав=√а∙√в (көбейтіндіден арифметикалық квадрат түбір табу үшін әрбір көбейткіштен жеке түбір тауып, нәтижелерін көбейту керек.)
2 теорема: Егер а≥0 және в≥0 болса, онда √(а/в) = √а/√в
3 теорема: Кез келген х үшін
√(х^2 )=|х|
V Бекіту кезеңі: А тобы
Ауызша есеп: №145
Тақтада жұмыс жасау: №146 (тақ сандар), № 147 (жұп сандар), № 149
VI Қорытындылау
Арифметикалық квадрат түбірге мысал келтір?
Өзің үшін қандай жаңа білім алдың?
Бағалау: Оқушылардың белсенділіген байланысты бағалау
VII Үйге тапсырма беру: №146 ( жұп сандар), № 147 (тақ сандар), № 148
Алматы облысы,
Іле ауданы,
Өтеген батыр кенті
Қайталау. Дәреженің қасиеттері
8 – сынып
Байгазиева Н.А.
№7 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дәреженің қасиеттерін есептер шығару барысында қолдана алу дағдыларын тексеру
Дамытушық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Қайталау, іздену сабағы
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Формулаларды қайталау, қарапайым есептер қарастыру.
Мына есептерді қарастыру:№№1, 2, 3, 16, 23, 33, 37 Шыныбеков Ә.Н.
Үйге тапсырма беру: Тексеру тестін құрастыру /5-6 есеп/
Сабақтың барысы:
Формулаларды тақтаға жазып қайталау:
a^n∙a^m=a^(n+m)
a^n÷a^m=a^(n-m)
〖〖(a〗^n)〗^m=a^nm
a^0=1
〖(a/b)〗^(-n)=〖(b/a)〗^n
Оқулықтан есептер беру /тақтада жазылады/
Үйге тапсырма беру
Бағалау: Оқушылардың белсенділіген байланысты бағалау
Келесі қайталау сабағының тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары.
Алматы облысы,
Іле ауданы,
Өтеген батыр кенті

Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру.
Байгазиева Н.А.
№7 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруді білу.
Дамытушық: есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып
Сабақтың барысы:
І Мотивациялық кезең
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушылардың үй жұмыстарын тексеру.
ІІ Өткенді қысқаша қайталау
/тақтада көрсету/
1)√ав=√а∙√в
2)√(а/в) = √а/√в
3)√(х^2 )=[х] /х-тің модулі/
ІІІ Мағынаны ашу
Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару:
Мысал: √108а=√(36∙3а) = 6∙√3a
Көбейткішті түбір белгісінің ішіне енгізу:
Мысал: 7√2= √(49*2)= √98
Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату:
а) 1/√3= (1*√3)/(√3*√3)= √3/3
ә) 2/(√4+√5)=(2*(√4-√(5)))/((√4+√(5 ))*(√4-√(5))) =(2*(√4-√(5)))/(4-5) =-2*(√4-√(5))
б) √2/(3-√2)= (√2*(3+√2))/((3-√2)*(3+√2)) = (3√2+2)/(9-2) = (3*1.414+2)/7 = 6.242/7≈0.892
ІҮ Бекіту кезеңі: А тобы
Ауызша есептер:№№70
Өздігінен:№№72,73
Тақтада жұмыс жасау: №№,74,75,76
Рефлексия
Өзің үшін қандай жаңа білім алдың?
Нені білдің?
Нені білгің келеді?
Үйге тапсырма беру: №№81, 82
Бағалау: Оқушылардың белсенділіген байланысты бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.