Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Арифметикалық прогрессияға  есептер шығару -

Арифметикалық прогрессияға есептер шығару

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1541 | Размер: | Автор: ggggggggggggggggdfsf
. Мақтарал ауданы, «Қызыл таң» жалпы орта мектебі математика пәні мұғалімі Қауынбаева Гульнур Керімбайқызы
Ашық сабақ: 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияға есептер шығару.
Оқып үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға арифметикалық прогрессияны үйрете отырып, логикалық есеп шығару негізінде білімін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын ояту, өз ойын толық жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа қалыптастыру.
Оқытуда қолданатын әдіс- тәсілдер : Ой қозғау , миға шабуыл, диалог, жеке, топтық жұмыс, топқа бөлу, рефлексия
Модульдердің кіріктіріліуі: АКТ, СТО, оқуды бағалау және оқытуды бағалау, дарынды және талантты балаларды оқыту, көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.
Оқып үйренудің нәтижесі: Оқушылар логикалық есептерді шығаруда практикамен байланыстыра отырып, есептерді шығаруда танымдық қабілеттерін көрсете біледі. Топтық жұмыста ынтымақтаса өз ойларын жеткізе алады.
Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау: Формативті бағалау, жиынтық бағалау, өзін-өзі бағалау.
Негізгі дерек көздері: оқылық, суреттер, стикер.
Мұғалімнің іс-әрекеті. Оқушының іс-әрекеті. Уақыты ресурстар
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқу құралдарын түгелдеу. Топқа бөлу. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Бағалау парақшаларын тарату. Оқушылар оқу құралдарын түгелдейді. Топқа бөлінеді.Топ басшы сайлайды. 5 минут
Бағалау парақшасы
1.Білу.
Оқушыларға арифметикалық прогрессияға есептер шығаруды меңгерту.
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
1. Берілу тәсілдері
2. Түрлері
3. n-ші мүшесінің формуласы мен қасиеті
Тест жұмысы

«Кім жылдам» ойыны.
Өткен тақырыптарға байланысты сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар тест есептерін шығарады


Арифметикалық прогрессияға берілген есептерді шығарады. 10 минут Плакат

Тест
2.Түсіну
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар берілген есептерді түсінеді. Оқушы білімін дамыту. Арифметикалық прогрессияға берілген есептерді шығарады. 10 минут Оқулық
Қима қағаздар
3.Қолдану.
Топқа тапсырма беру.
Арифметикалық прогрессияға байланысты есептер беріледі.
Әр топ берілген есептерді арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына салып шығарады. 10 минут Плакат, пламастер

4.Талдау:
Топтық тапсырма
Миға шабуыл.


Логикалық есептер.
Оқушылар шығарған есептерін, тақтаға іліп, қорғайды, қорытады, басқа топтар оны талқылап, пікір айтады.

Оқушылар бір-біріне логикалық есептер, жұмбақтар жасырады, және шығарады. 5 минут Плакат, стикер
5.Жинақтау. Рефлексия Оқушылар смайликтер арқылы көңіл күйлерін анықтап, стикер арқылы
Нені білдім?
Нені білгім келеді?
Сабақтан алған әсерім?
деген сұрақтарға стикерлерге өз ойларын жазып іледі. 2 минут Сенім ағашы
стикер
6. Бағалау: Смайликтер арқылы бағалау, топтық бағалау.
Сабақ барысында оқушыларға сабақтың басында берілген бағалау парағын жинап алып, формативті бағалай отырып, жиынтық баға қоямын. Оқушылар өз-өздерін бағалау. 2 минут Бағалау парақша лары
смайликтер
Үйге тапсырма беру. Берілген тапсырмаларды күнделікке жазып алу. 1 минут Күнделік
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.