Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығарту. -

Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығарту.

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1076 | Размер: | Автор: гость
. Райымбекова Шолпан Әбдіхалыққызы,
№135 А.Тоқмағанбетов атындағы мектептің математика пәні мұғалімі.
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Асқар ауылы.
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласына есептер шығарту.

Дамытушылық: оқушыларды ойлауға, пайымдауға, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, дәлдікке, ұқыптылыққа, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл тиянақты айта білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: математикадан алған білімдерін көрсету.
Оқыту әдістері:деңгейлік тапсырма, салыстыру, үлестірмелі материалдар, ой қозғау.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.
Көрнекілігі: компьютер, проектор, карточка.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.168
3. Математикалық диктант
4. Оқулықпен жұмыс (топтық жұмыс)
5. Жанды сұрақ.
6. Семантикалық картамен жұмыс.
7. Қорытынды.
1.Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Топ басшысы сайланады.
1. Өспелі арифметикалық n. 5; 10; 15.
2. Кемімелі арифметикалық n. 23; 20; 17.
3. Тұрақты 9; 9; 9.
2. Үй жұмысын тексеру.
Топ басшысы үй жұмысын тексереді. №168.
3.Математикалық диктант.
1. Тізбек неше түрлі тәсілмен беріледі?
2. an+1=3n+2 тізбегі қай тәсілмен берілген?
3. Арифметикалық прогрессияның a, = 9; d=6 болса, екінші мүшесін тап.
4. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.
5. а23=45; а22= 30 d=?
4.Оқулықпен жұмыс. №170-№173
Әр топқа есеп беріледі. Сол есепті топ бойынша талдап, түсіндіріледі.
5.Жанды сұрақ
1. Бастауыш сынып оқушысы жұмбақ жасырады.
Қандай геометриялық фигуралардың бұрыштары а.n. құрайды?
6. Семантикалық карта
-18 5 12 -5,6 16
Cn=11n-9
C2-? А Б Т Е К
a4= -3; d=5
a1 -? Ө С У Ю И
а1=2,4; d= -0,8
а11 -? Ю Н Ж З Л
a6=23 a11= 48
d1 - ? Р І В Э Қ
an=160
a1= 100
d = 4; n-? Ц Г Ш Ғ М

-20 4 -4,2 53 58
вn=93-7n
в5-? В Ғ Т Е С
а5= -8; d=3
a1 -? А К Л О П
а1=-7,8; d= 3
а5 -? Д М Б Қ И
а4=4; a12= 36
а1 - ? Я Ы Ф Ю У
а10= 44
a16= 62
a13 Ц Г Ш Р З

185 4 426,8 -12 6
аn=3n+5
а60 -? Т Ә Ғ Е Ю
а10= 93
а12=105; d-? К М О Р А
а1= -10,2; d=9,5
а47 С У Л Ц И
а1= 65; a17= 129
d - ? Э А Қ Ф Г
a8= -27
a14= 3
a11 -? Ж Н Ч П Д

7.Сабақты қорытындылау. Семантикалық картада төзім, сабыр, талап сөздері шығады. Осы сөздерді қолдана отырып, әр топ бір-біріне тілек айтылады.
8.Оқушыларды бағалау. Топ басшысы мүшелерін бағалау парағы бойынша бағалау
9.Үйге тапсырма беру. № 174
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.