Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Архимед күші -

Архимед күші

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1811 | Размер: | Автор: гость
. Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Тобанияз атындағы орта мектеп
физика пәні мұғалімі
Алдабергенова Айжан


Сабақтың тақырыбы: Архимед күші
Сабақтың мақсаты:
1.«Архимед күші» ұғымы туралы түсінік қалыптастыру, «архимед күші» қандай шамаларға байланысты екенін түсіну, тақырып бойынша есеп шығаруға дағдылану, өздерінің ойлау қабілетін, алған білімдерін тиянақтап дамыту.
2.Дәстүрлі емес сабақ түрінде белсенділігін арттыра, өз-өзіне баға беру, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарау.
3.Халқымыздың өткен тарихына көз жібере отырып, ұлттық өнерді, халықтық кәсіпті тану, үйреніп бағалай білу. Алғырлыққа, тез ойлауға үйрену.
Білімділік міндеті: оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білім-дағдыларын айқындау, физикалық есептерді шығару дағдысын арттыру.
Тәрбиелік міндеті: дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа сынып намысын қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеті: іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін дамыту, жеке оқушылардың білімін арттыру.
Көрнекіліктер: Ұлы Жібек жолының картасы, әшекей бұйымдарының суреттері, тапсырмалары бар карточкалар, Архимед күшінің теориялық тұжырымдамасы жазылған плакаттар,
Архимед портреті
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Пәнаралық байланыс: тарих пәні
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу, тізбектеу;
ә) сабақтың мақсатын тұжырымдау
Бүгін біздің сабағымызы саяхат түрінде өтеді. Біз қаз-қатар тіркесіп, үстіндегі ауыр жүктен белі қайысып келе жатқан түйелер керуенімен өз мектебімізден Ұлы Жібек жолының ізін басып, Қытай еліне сапар шегеміз.
Ұлы Жібек Жолы туралы мәлімет-Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азияны байланыстырған. Еуразияны бөліп Қазақстан аумағын басып өтетін Ұлы Жібек жолының тарихы өте ертеден басталды. Ұлы Жібек Жолы-Жерорта теңізі маңындағы батыстық мәдениеті дамыған өркениетті елдерінен Қытайға дейін баратын сауда-керуен жолы. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тәнь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары 5-7 ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн. Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш, Весидж, Шағар т.б. ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Ол заманда Қытай жібегі осы жолдармен тасылды, сондықтан да «Жібек жолы» деп аталады.
Керуеншілердің өз қызметтері болады екен. Ендеше біз де алдымен әрқайсыларына өз міндеттерін бөліп берейік.
Керуен басы-керуен бастап жүретін адам.
Түйекеш- түйелерді жайып, күтіп бағушы.
Көріпкел - жолды болжап, бағдарлаушы.
Кірекеш-Керуеншілерге ас дайындаушы.
Қолдай-керуенді жолшыбай шапқыншылардан қорғаушы.
Жаушы-қалаға кіруге рұқсат сұраушы.
ІІ. Оқушылардың білім дағдысын айқындау:
1.Тарау бойынша жалпы сұрау өткізу;
Ал енді балалар, елімізден ұзақ сапарға аттанамыз. Түйекештер түйелерді дайындау үшін үй тапсырмасы бойынша келесі тапсырмаларды орындау керек.
Осы тапсырмада балалар-«иә» немесе «жоқ» деп жауап берулері тиіс.
1.Барометр-қысым айырымын өлшеу үшін қолайлы аспап.
2.Техникада көбінесе сұйықтың, газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін метал манометр-Бурдон манометрі деп аталады.
3.Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғыларға сорғылар жатады.
4.Сфигмотанометр- адамның қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшейтін құрал.
5.Шприцтің әрекеті Паскаль заңына негізделген.
2.Балалар, көріпкел алдағы жолды болжады. Ал ендеше Шаш (Ташкент) қаласына жолға шығайық. Міне Шаш қаласына келдік. Бұл қалада түрлі әшекейлер сатылады екен, оларды сатып алу үшін біз жаңа тақырыпты өтейік.
Жаңа тақырып «Архимед күші»
1.Суат бетінде үлкен болса да ағаш бөрененің жүзіп жүретіні, ал оған тасталған кішкене металл кесегі батып кететіні әркімге де белгілі. Суда жүзе білетін әркім-ақ судың өзіне батырылған денені ығыстыратынын жақсы біледі. адам аздап малти білсе, су да оның жүзуіне ықпал етеді. Сұйық тарапынан әрекет ететін бұл күш қайдан пайда болады?
Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына байланысты болатынын қарастырайық..Бұл күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед (б.з.б. 287-212ж.ж.) есептеп шығарған.
Сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.
Fы=F2-F1
2.Тәжірибе көмегімен сұйыққа батырылған дене одан қандай да бір күшпен ығысатыны көрсетіледі.
Алдымен динамометр ілгегіне
қандай да бір күшпен ығысатыны көрсетіледі.
Алдымен динамометр ілгегіне қандай да бір кішірек
денені іліп, динамометр көрсетуін белгілеп аламыз.
Содан кейін денені суға батырып, динамометр көрсеткішінің жоғары көтерілетіні көрсетіледі.
Енді суы бар ыдысты алып тастап, динамометрдің осындай көрсетуін денеге төменнен жоғары қарай қандай да бір күшпен әрекет ете отырып, алуға болатынына назар аударылады.
Тәжірибелер негізінде сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді деп қорытынды жасалады.
3.Параллелепипед тәрізді денеге сұйық тарапынан әрекет ететін ығыстырушы күштің мәнін теориялық түрде қорытып шығару.
p1=ρсgҺ1; F= p1 S= ρсgҺ1 S
p2=ρсgҺ2; F= p2 S= ρсgҺ2 S
Fы=F2-F1
Fы=F2-F1 = ρсgҺ2 S- ρсgҺ1 S
Һ= Һ2- Һ1
Fы= ρсgҺ S
Vд=Һ S
Fы= ρсg Vд
4.Теориялық түрде қорытып шығарылған нәтижені тәжірибеде тексерейік.137 (а,ә,б) суреттерді тексеру
5.Архимед заңы:
Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.
FА= ρсg Vд
мұңдағы FА- архимед күші, ал ρс-сұйықтың тығыздығы (Архимед күші сұйыққа батырылған денененің тығыздығына тәуелді болмайды)
Архмед заңын тұжырымдағанда біз «салмақ» ұғымын қолдандық.
Салмақ-дененің тірекке әрекет ететін күші екенін есімізге түсірейік. Тірек жерге қатысты қозғалмайтын болса, дененің салмағы өзіннің сан мәні жағынан ауырлық күшінің сан мәндері бір-біріне тең болатын жағдайлар үшін қолдандық және қолданатын боламыз.
Ауада немесе кез –келген газдағы денеге де ығыстырушы әрекет етеді.
газга денені батырсақ, оған әсер ететін ығыстыратын күш сол дене ығыстырған газдың салмағына тең болады.Бұл күш ауырлық күшінен едәуір аз болады. Дегенмен осы ығыстырушв күш есебінен ауа шарлары, дирижабльдер жоғары көтеріледі.
6.Пішіні күрделі немесе үлкендеу денелердің тығыздығын Архимед заңына негізделген гидростатикалық өлшеу әдісі арқылы анықтауға болады.

3. Енді Сайрам қаласына барар жолда, көріпкел алдымыздан қарақшылар шығуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Сондықтанқолдайларға мынадай тапсырма береміз:
29 жаттығу
1,2,3,4 есептер шығару

4.Біз алыс жолдан шаршап келдік. Жолшыбай күн де ыстық болды, сондықтан кірекеш бізге сусын берсін. Ас дайын болғанша келесідей тапсырма орындайық:

Конвертте берілген физикалық шамалардың көмегімен формула құрастыру:

p p F m
= = = =
ρ F m ρ
g / g V
Һ S

Енді асымызды ішіп, шөлімізді қандырып жолға шығайық. Алдағы Қытай еліне бару үшін рұқсат сұрауға жаушыларды аттандырдық. Кытай әміршісі рұқсат берер алдында мына тапсырмаларды беріпті.
Семантикалық картаны толтыру

Ашқан жаңалықтары
Ғалымдар Атмосфералық қысым
ауа райына байланысты өзгереді Сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша
өзгеріссіз беріледі
Архимед
Эванджелиста Торричелли
Блез Паскаль

Керуеншілердің сапарға шыққандағы мақсаты сауда саттықпен айналысу. Енді біз кілемдерімізді Қытай еліне сатып келейік, егер сұрақтарға жауап берсеңдер, онда кілемімізді саттық деп ойлаймыз.
Физикалық диктант
Өздік жұмыс дәптерлерін ашып, «физикалық диктант» жазу.
1. Сұйыққа батырылған дене не себепті судың бетіне қалқып шығады?
2 Ығыстырушы күш мәнін тұңғыш рет есептеп шығарған кім?
3. Архимед күшінің формуласын жаз.
4.Архимед күші қандай шамаларға байланысты?
5.Көлемі 4м3 бетон суға толық батырылған. Оған су тарапынан әрекет етуші Архимед күшін тап.
Балалар өздерін тексереді
Сонымен біздің қысқа да қызықты сапарымыз аяқталды.
Енді мектебімізге қайтып оралайық, қорытынды жасайық.
Үйге: параграф 55, №29 жаттығу (5,6,7,8,9)

Қорытынды: оқушылар белсенділігін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.