Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Армысың, өрісі кең өнер ордасы! -

Армысың, өрісі кең өнер ордасы!

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1771 | Размер: | Автор: гость
. Жұмабеков Ербол Ерғабылұлы
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Аудандық оқушылар үйінің үйірме жетекшісі
Байланыс тел: 87059152954, 87076179612

Қармақшы аудандық оқушылар үйінде жаңа оқу жылының басталуына орай өтетін «Армысың, өрісі кең өнер ордасы!» атты мерекелік іс-шараның жүргізілу
С Ц Е Н А Р И Й І

Өтілетін орны: Аудандық оқушылар үйі
Өтілетін уақыты: 15 қыркүйек, сағат 16-00
Экраннан оқушылар үйі, 2014-2015 оқу жылында «Көркем-эстетикалық» бағытта жұмыс жасайтын үйірмелердің атқарған жұмыстары мен жетістіктері туралы көрсетіледі. Фанфар ойнатылады.
Музыка әуенімен жүргізушілер ортаға шығады.
1-Жүргізуші:
Жаңа оқу жылы, кел, төрлет,
Дүбірлі думан басталсын.
Жүректерді ән тербеп,
Шапалақ ұрсын асқар шың.
2-жүргізуші:
Ақтарылып жүректен шын сырыңыз,
Сабақ күйін шертсін дәйім жырыңыз.
Бәріңізге табанды еңбек сыйлайтын,
Құтты болсын жаңа оқу жылыңыз!
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Өнер мен өнеге ордасы атанған Аудандық оқушылар үйінің үлкен төрінде өткелі отырған «Армысың, өрісі кең өнер ордасы» атты салтанатты кешке ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
2-жүргізуші:
Міне жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ жез қоңырау үнімен, жетекшілер мен шәкірттердің қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.
1-жүргізуші:
Иә, жаңа оқу жылымен қатарлас келетін ұлағатты ұстаздар мерекесі де күздің үлесіне тиіпті.
2-жүргізуші:
Олай болса, бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы мерекелеріңіз құтты болсын!
1-жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың,
Ұстаз деген аяулы, ардақты адам.
2-жүргізуші:
Өмірде өшпейтін іс- балаға берген білімнің, мейрімнің, қамқор пейілі. Ол болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрі мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай парызым деп түсінген оқушылар үйінің директоры Наурызбаева Нұршат Бекежанқызына сөз береміз.
1-жүргізуші:
.............................. білесің бе, біз сияқты талантты балаларға есігін айқара ашқан ақ ордамызда күміс көмей әнші де, мың бұралған биші де, таңдай қаққызған көркемсөз оқу шебері де жетерлік.Олай болса, бүгінгі салтанатты жиынның алғашқы той шашуы ретінде ..................................................................................................... әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші.
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілеген ақтарар,- деп келесі құттықтау сөз ............................................................................................................................................... беріледі.
1-жүргізуші:
Өздеріңізге белгілі, Қармақшы ауданы- өенр қонған, тума таланттарға бай өлке. Жүз шайырға мекен болған, ақындық пен жыраулықөнердің отын өшірмеген елдің өнері өрісті, таланты тұғырлы болады. Біздің өлкедегі текті өнердің ерекшелігі- атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатындығында. Сол жыраулық дәстүрді дәріптеп, аталар ізін жалғастырушы жас термешілерімізде осы ортадан тәлім-тәрбие алып, таланттарын ұштап жүр.
2- жүргізуші:
Иә, оған дәлел- біздің дарындыларды даралайтын, таланттардың талабын ұштайтын Оқушылар үйіндегі «Жыр-терме» үйірмесі мүшелерінің ерен еңбектерін айтуға болады. Олай болса, экранға назар аударайық.(Экраннан Бақытова Тоғжан туралы шағын видеоролик көрсетіледі.)
1-жүргізуші:
Ендеше, халықаралық, республикалық, байқаулардың жеңімпазы Бақытова Тоғжанды ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:
Кеудесі толы білім бұлағындай,
Сабағы соның жанған шырағындай.
Мерейлі жанарынан нұр төгілген
Жадырап шыққан күннің шуағындай!
1-жүргізуші:
Қалдырып шәкіртіне мұра бақты,
Самайын ұстаздықпен шын ағартты.
Осындай ұстаз болған шын бақытты,
Мұғалім көбейсе екен ұлағатты.
(«көркем-эстетикалық» бағытта жұмыс жасайтын үйірмелердің логотиптерін ұстаған бір топ оқушылар үйірмелерге арнап өздерінің өлең шуақтарын арнайды, би билейді.)

2-жүргізуші:
Керуені жырдың келіп аялдасын,
Өнерге терді мәлім аянбасым.
Жүрекке жеткен үнге жетпес тілім,
Мақамын жыраулардың баяндасын
(Экраннан Әбенова Меруерт жайлы ролик көрсетіледі.)
1- жүргізуші:
Сыр бойы жыраулық мектебінің көрнекті өкілі, жыр өнерінің дүлділі Жұмабекова Ұрхияның шәкірті Әбенова Меруертті ..............................................................................................................ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Ажырамай қызметтен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, -дей отырып, келесі сөз кезегін аяулы да, ардақты ардагер ұстазымыз Мырзабаев Төленді ағайымызға сөз береміз.
1-жүргізуші.
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
2-жүргізуші:
«Ән көңілдің ажары» демекші, келесі кезекті әсем әнге береміз.
Ән орындалады: ........................................................................................................
1-жүргізуші:
Оқушылар үйі қосымша білім беру жүйесіндегі ауданымыздың жетекші ұстаздары шоғырланған өнер мен білім ордасы атанып, балалар мен жасөспірімдердің білімге, өнерге деген қабілеттерін жан-жақты дамыту мақсатында көптеген үйірмелер жұмыс жасайды.
2-жүргізуші:
Иә, осы жұмыс жасайтын түрлі үйірмелерге көптеген балалар қатысып, өнер шеьерліктерін жан-жақты дамыта алады.
1-жүргізуші.
Менің ойымша, олардың арасында ертеңгі күні ел тәуелсіздігі үшін аянбай еңбек ететін, ұлтымыздың атын шығаратын таланттар бар екені сөзсіз.
2-жүргізуші:
Осындай талант иесі, «Мұрагер» үйірмесінің мүшесі, көркемсөз оқу шебері Айдынұлы Ақсұңқар боларын даусыз. (Экраннан Айдынұлы Ақсұңқар туралы ролик көрсетіледі.)

1-жүргізуші:
Жасай бермек сүлейлер өлеңдері,
Қазынасын ақтарып тереңдері.
Ақындардың ауылы Қармақшымда,
Сарқылмайды мәңгілік өнер кені- дей отырып, ортаға республикалық «Жырлайды жүрек» атты көркемсөз оқу байқауының жеңімпазы Айдынұлы Ақсұңқарды шақырамыз.
Би орындалады:........................................................................................................
2-жүргізуші:
Құлпырған еліміздің ұл –қыздары,
Жағада үлпілдеген құндыздары.
Орасан жер мен көкті бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдыздары,- деп өткен оқу жылында Халықаралық, республикалық, облыстық өнер байқауларында, ғылыми жоба жарыстарында жеңімпаз атанып, аудан мерейін асқақтатқан оқушылар үйінің мақтаныштарын марапаттау сәтіне куә болыңыздар.
1-жүргізуші:
Марапаттау үшін ортаға аудандық оқушылар үйінің директоры Наурызбаева Нұршат Бекежанқызын шақырамыз.
Марапатталушылар:
1-жүргізуші:
Әбенов Рашид- «жыр-терме» үйірмесінің мүшесі, облыстық «Қорқыттан қалған қоңыр үн» атты жыршы термешілер байқауында бас жүлде алған.
2-жүргізуші:
Бақытова Тоғжан- «Жыр-терме» үйірмесінің мүшесі, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен республикалық «Атадан мұра» өнер байқауында І орын, «домбырасын моншақтаған жыр жампоздары» атты облыстық жыраулар фестивалінде арнайы диплом иеленген.
1-жүргізуші:
Айдынұлы Ақсұңқар- «Мұрагер» үйірмесінің мүшесі, ҮІІ республикалық «Жырлайды жүрек» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңдеріне жазылған әндерден балалар арасындағы байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша І орын алған.
2-жүргізуші:
Әбенова Меруерт –«Жыр-терме» үйірмесінің мүшесі, «Асыл мұра» атты республикалық балалардың ән-би байқауында «терме» жанры бойынша І орын, ХІ өңірлік Дельфийлік ойындарында «Дәстүрлі ән» жанры бойынша ІІ орын жеңімпазы.
1-жүргізуші:
Алмасбекова Гүлнұр- «Сурет-дизайн» үйірмесінің мүшесі, республикалық “Еңбек адамын ардақтайық” тақырыбында өткен балалар конурсында арнайы сертификат иегері, «Жас дарын» атты Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсында «Талаптың мініп тұлпарын...» номинациясы бойынша қатысып, І орын иеленді.
Екеуі бірге: МАРАПАТТАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
2-жүргізуші:
Ұстазым – сен ұлысың жанған бағы
Саған биік шәкірттің армандары.
Бүгінгі мерекеде ақ тілекпен
Шәкірт сыйы өзіңе арналады.
Ән орындалады..........................................................................................................
1-жүргізуші:
Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінеки, биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Келесі кезекті аманат тапсыру сәтіне береміз. Аманат тапсыру құрметі «Мирас» бірлестігінің жетекшісі Ербол Жұмабеков пен аманат қабылдап алу құрметі «Дарын» бірлестігінің жетекшісі Құралай Манасоваға беріледі.
(Аманат тапсыру сәті жүргізіледі.)
Ән орындалады........................................................................................................
1-жүргізуші:
Ажырамай үйірмеден бір елі біз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіміз.
Бата алайық құрметпен өзіңізден,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз- дей отырып, ақ жаулықты әжеміздің ықыласын тыңдап, батасын алайық.
2-жүргізуші:
Ұлы Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп айтуында үлкен мән-мағына жатыр. Шынында да, ұзтаз еңбегі –ұлы да, ұлағатты еңбек емес пе? Ендеше, ұлы жолдағы жауапты да абырайлы жұмыстарыңызға жаңашылдық, шығармашылық табыс тілейміз.Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!
(Естелік суретке түсу)

СОҢЫ

Жаңа оқу жылы жемісті,
Мерейі үстем жыл болсын.
Шәкіртіміз өрісті,
Елім дер қыз бен ұл болсын!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.