Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Арнайы кәсіби білім алу барысында,  жобалау технологиясын  қолдану арқылы, кәсіби біліктілікті арттыру -

Арнайы кәсіби білім алу барысында, жобалау технологиясын қолдану арқылы, кәсіби біліктілікті арттыру

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 1732 | Размер: | Автор: гость
. Көлік және коммуникация колледжі
Жетекшісі: арнайы пән оқытушысы
Сеитова К.Т.
2 С-214 топ студенті
Жаканова А.А.

Арнайы кәсіби білім алу барысында, жобалау технологиясын
қолдану арқылы, кәсіби біліктілікті арттыру
Жобалау – «proicere» деген латын сөзі. Бұл сөз «жоспарлау, дайындау» сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді. «Жоба» ұғымы педагогика саласында ғана емес экономика, басқару, зерттеу салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы, зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б.
Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп – сабақтың өткізілу түрі айтылады. Сонымен қатар жобалау әдісі - студент пен оқытушының бірігіп, белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға негізделген оқу немесе басқа да әрекеттерін айтуға болады. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді.
Жобалау әдісі ХХ ғасырдың басынан басталады. Бұл әдістің ғылыми негізін қалаушылар: Д. Дьюи, Девей, Килпатрак, Снедден, Ричардс.
Сол кездің өзінде АҚШ ғалымдарының арасында жобалық жұмыстарды – жұмыс техникасына немесе дидактикалық концепцияға жатқызу туралы мәселе пікірталас туғызған болатын.
Танымдық прагматизм философиясының өкілі Девей жобалық жұмыстың ғылыми және саяси концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау әдісін ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге қатысты философия ретінде бағалады. Осыған байланысты Килпатрак жобаны «әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен шыққан мақсатты әрекет» ретінде қарастырады. Девей мен Килпатрак оқудан тыс кезде өмір мен ойлауды, әрекет пен білімді,оқу пен тәжірибені байланыстырушы ретінде жаңа дидактикалық концепция негізін салмақшы болады. Қорыта келе Килпатрак «жоспарлы әрекет демократиялық қоғамның белгілі сипатты бөлігі» деп есептейді, сондықтан «оны да оқу үрдісінің сипатты бөлшегі ретінде» қарастыру керек екендігіне тоқталады. Бұл ұғым АҚШ-тың шығысында ғана қолдау тапты. Басқалары мәселені шешу процесін жобалау әдісінің ерекше белгісі деп білді. Сонымен кез келген өз бетінше шешуін табуға болатын мәселелерді жобалық жұмыс деп айтатын болды. Осының салдарынан жобалық жұмыс - мәселені шешудің сызбалық үрдіс деңгейіне түсіп кетті. Бұл үрдіс барысында оқытушы мәселені ұсынушы болса, оқушы оны шешуші болды.
Жобалау әдісі бастау алған Солтүстік Америкадан басқа жерлерде (Кершенштайнер 1968; Гаудиг 1922; Хаазе 1932; Отто 1914) және еңбек мектептерінде (Кершенштайнер 1904, Эстрайх 1921; Блонский 1937, Макаренко 1969.) бұл мәселе жөнінде педагог-реформаторлардың арасында пікірталастар болып тұрды.
Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің байланысын жоба десе, Б. Отто жалпы сабақтардың концепциясында басты рөлді сұхбат алады дегенді айтады. Кершенштайнер (1968) еңбек мектебінен жобалау идеяларын немесе осы бағытта дамуды байқауға болатын еді.
Жобалау идеялары Еуропада алпысыншы, жетпісінші жылдары «баламалы мектеп» немесе баламалы оқыту түрлерін енгізу туралы пікірталас кезінде қолдау табады.
Жобалау идеясы, жобалау әдісі ең алдымен жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқытуға қарсы бағытталған бағдарлама ретінде қарастырылды. Бұл идея көптеген ғалымдардың (Пиаже, Эбли) (Высоцкий, Леонтьев, Гальперин) қолдауымен жобалау әдісінің негізін қалауға себеп болды.
Жоғарыда айтылғандай, жобалау әдісі мұхиттың арғы бетінде ХХ ғасырдың басында басталғанымен, Қазақстанда білім беру салалары кредиттік жүйеге енгелі қазақ тілі әдістемесінде соңғы жылдары ғана қолданыла бастады.
Жобалау әдісі - оқу үрдісін ерекше етіп тұратын кешенді оқыту тәсілдері жиынтығы. Бұл әдіс - студенттерге әрекеттерін өз бетінше жоспарлауға, ұйымдастыруға және бақылауға мүмкіндік береді. Жобалау әдісі студенттерге тақырып таңдауда, мәліметтердің дереккөздерін жинауда және презентация жасауда өз бетінше жұмыс істеуге жағдай жасайды. Бұл әдіс қарым-қатынастың жаңа түрін үлгілеуге арналған. Жобалау студенттің өз бетінше ойластырып, жүзеге асыруға арналған жұмысы.
Зерттеу барысында студенттің бойында жұмысына қажетті төмендегідей біліктер қалыптасады:
• өзінің қабілеті мен қызығушылығына қарай тақырыпты еркін таңдай алады;
• алдына қойған міндетіне қарай жұмыстың мазмұнына өз бетінше талдау жасай алады;
• өз бетінше алдына қойған мақсатына жету және жүзеге асыру жолдарын іздестіреді;
• мүмкіндіктері мен мүмкіндіктер шегін тексеруге және дамытуға жағдай жасайды;
• мәліметтерді жинап, жүйелеп және сыни ойлауға үйренеді;
• әдістерді талдау, салыстыру арқылы жұмысына тиімді әдісті таңдай алады;
• аудиторияның алдында сөйлеуге, ойын дәлелді және логикалық жүйелікпен жеткізуге, аудиторияны өзіне қарата білуге дағдыланады;
• өзгелерді тыңдап, айтқандарын ой елегінен өткізуге дағдыланады;
• шешімі қиын сұрақтарды өз бетінше шеше біледі;
• өз көзқарасын дәлелдеп, шешімінің дұрыстығына тыңдаушылардың көзін жеткізуге тырысады.
Жобалау арқылы студенттің интеллектуалды эмоционалды контексті сөйлесуі іштей басқа әрекеттермен бірлікте жүреді. Басқа әрекеттер деп отырғанымыз, жоспарын жүзеге асыру үшін құжаттар, кесте т.б. дайындалады.
Жобамен жұмыс істеу – шығармашылық процесс. Студенттер өздері үшін маңызды болып саналатын мәселені анықтау үшін өз беттерінше немесе оқытушының жетекшілігімен ізденуге кіріседі. Бұл студенттердің өз бетінше білімдерін, дағдыларын және біліктерін жаңа контексте пайдалануға көмектеседі. Бұлай іздену олардың қазақша техникалық кәсіби сөйлеуіне, табиғи және еркін түрде үйренуіне ықпал етеді. Әрине, мұндай жағдайда жобаға қатысушылардың өздерінің ынтасын тілдік сауаттылығына емес, айтылатын ойдың мазмұнына аударған дұрыс. Жобалау кезінде студент өте белсенді болады, ол өзінің шығармашылықпен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Жобамен жұмыс істеу барысында қазақша кәсіби техникалық сөйлеу жағынан нашарлау және психологиялық жағынан белсенділігі төмендеу студенттің өзі де өзінің қиялдауына, белсенділігін және өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуіне мүмкіндіктері өте мол.
Жобалау жұмысы сызу үйренудің тәжірибелік нәтиже беруіне ықпал етеді. Жоба оқытушы мен студенттің функционалдық міндеттерін өзгертеді. Студент «Сызу» пәні оқытудың нақты бір сабағының мазмұнын таңдауда, ұйымдастыруда, құрастыруда белсенді қатысса, оқытушы кеңесші, көмектесуші немесе ойынға қатысушы ретінде ғана көрінеді.
Сонымен, жобалау жұмысы қазіргі оқытудың талабына сай жеке тұлғаға бағытталғанымен сипатталады.
Жобалау жұмыстарын бір сабаққа немесе бір аптаға арналған шағын жобалау жұмыстары және бір-екі айға немесе бір семестрге арналған үлкен көлемді жобалау жұмыстары деп бөлуге болады. Бұлай бөлу студенттердің жоспарлаған жұмыстарына байланысты.
Жобалау жұмыстарын жүзеге асыру мынадай кезеңдерден тұрады:
I. Мақсат қою;
II. Жоспарлау;
III. Бағдарламаны жүзеге асырудың әдісін таңдау
IV. Орындау
V. Бағдарламаны қорғау.
Жобалау жұмысының міндеті:
I кезең. Бір немесе бірнеше мәселенің тақырыбын анықтау, жұмыс тобын құру;
II кезең. Мәселені талдау, жоспар құру;
III кезең. Қабылдаған жобаны талдау. Ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылау.
ІV кезең. Қажетті ақпараттарды іздеу. Жобаны жүзеге асыру.
V кезең. Жобаның қорытындысын ұсыну. Қорытындыны бағалау.
Жоба бойынша студенттердің әрекеті:
І кезең– ақпаратты нақтылайды; тапсырманы талқылайды; мәселелерді табады.
ІІ кезең -тапсырманы жүйелейді.
ІІІ кезең- жұмыс істеу әдісін талқылайды; тиімді жолды таңдайды; ақпаратты қайдан алуға болатынын талқылайды.
ІV кезең- ақпаратпен жұмыс істейді;ұсыныстарды талдайды;зерттеу жүргізеді;жобаны рәсімдейді.
V кезең– жобасын қорғайды; әрекетке ұжымдық баға берудің қорытындысына қатысады.
Жобалау жұмысындағы оқытушының әрекеті:
І кезең- жоспарлау жұмысының мақсатын түсіндіреді; әрекеттерін уәждейді; бақылайды.
ІІ кезең- талқылауға көмектеседі; бақылайды.
ІІІ кезең- бақылайды; кеңес береді (өтініш бойынша).
ІV кезең- бақылайды; талдау процесіне бағыт беріп отырады (қажет болған жағдайда).
V кезең- жоспарлардың қорытындысын ұжымдық талдаумен бағалауға қатысады.
Студенттердің алдында тұрған негізгі мақсат:
• тілдегі жаңа құрылымдарды үйрену үшін, қатысымдық мақсатта қолдану;
• алға қойған мақсатқа жету үшін бірігіп жұмыс істеу;
• өзінің ойы мен тәжірибесін жеткізе білу;
• кәсіби сөйлеу құзіретін қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жобалау жұмысын түсіну.
Түйіндеме: Жобалау әдісі оқытудың жаңа технологиясы ретінде ұсынылған, әрі ұтымды, қажетті әдіс ретінде өзін көрсетіп, дәлелдеп отыр. Жобалау әдісінің шығу тарихы және маңызы атап көрсетілді. Жобалау жұмыстарының сабақта қолданылу тәсілдері берілді. Студенттердің кәсіби техникалық білім алуында «Сызу» пәнінен негізгі амал, тәсілдермен қатар жобалау әдісінің жобалауда қолданудың ұтымды екені анықталды. Топты топшаға, жекелей бөліп, тапсырма бойынша кезеңдер арқылы жұмыс істеу барысында, білімді тәжірибелік жаттығулар арқылы бекітіліп, оқу үлгерім нәтижесі жоғарылағаны қуантады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.