Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Арнайы пәндерді оқытуда педагогикалық технологияларды тиімді қолдану жолдары -

Арнайы пәндерді оқытуда педагогикалық технологияларды тиімді қолдану жолдары

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2541 | Размер: | Автор: гость
. Арнайы пәндерді оқытуда педагогикалық
технологияларды тиімді қолдану жолдары

Жаңа технологиялар колледжі , «Экономика және қаржы»
кафедрасының оқытушысы У.З.Сакенова

Қазақстанның саяси әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қоса алатын, жан-жақты дамыған,бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындап,тәрбиелеу үшін ізденімпаз,жаңашыл,үнемі өз білімін жетілдіріп,сапалы білім берудің жолдарын іздестіріп,«оқыту үшін оқу»,-деген мақсатты алған оқытушылар қажет. ...Білім сапасы бірінші кезекте сапалы даярланған педагогтармен айқындалады, олар бұл білімдерін әртүрлі әдістер арқылы білім алушыларға береді»-делінген.(ҚР.Президентінің жолдауынан).
Оқытудың озық технологияларын сабақта пайдалану-өмір талабы. Сондықтан да сабаққа қойылатын талаптар оқытушыдан үлкен шеберлікті талап етеді.Соның ішінде жаңа педагогикалық технологияның студенттердің білім сапасын арттыруға,өздігінен ізденуіне,ой санасының дамуына мүмкіндік беретіні анық.Арнайы пәндерді оқытуда дамыта оқыту технологиясы кеңінен қолданылуда. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға үлесін қосады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру-оқытушының кәсіптік, адамгершілік, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде дайын үлгі берілмейді, Оқытушы-сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде.Әр оқушыға өз ойын білдіріп,пікір айтуға мүмкіндік беріледі,жауаптар тыңдалады. Әрине жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр оқушы жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. «Технология» латынның-өнер, шеберлік деген сөзі, яғни шеберлік амал-тәсілдер жиынтығы деген мағынаны береді.(1960-1970 жылдардан бастап «педагогикалық технология» ұғымы пайда болды).
«Педагогикалық технологиялар-оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі»-деп В.М Монахов атап көрсеткен. Негізгі мақсат-студенттердің ойлау қабілетін дамыту,еркін сөйлеп ойын ашық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту.
Педагогикалық технологиялар түрлері өте көп: Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы, компьютерлік оқыту, модульдік оқыту және т.б.
Белгілі бір оқу дәрісін өткізудің тиімдірек әдісі мен құрамын таңдау-оқу процесінің ең маңызды сәті болып табылады. Оқытудың әдісі мен құралдарын талдай отырып оларды үнемі жетілдіріп отыруды ескеру қажет. Ғылымның, қоғамның жаңа технологияның дамуының жылдам өсу қарқынынан, жаңа білім тез арада-ақ өзінің өзектілігін жоғалтып ескіреді. Оқытушының педагогикалық шеберлігі,-педагогикалық мақсатқа және оқу бағдарламасына сәйкес келетін оқытудың ұтымды әдіс құралдарын қолданып негізгі керекті мазмұнын теріп алуында жатыр. Оқыту процесінде әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді, атап айтсақ: -рольдік ойындар,іскерлік ойындар, семинар-қайталап қорытындылау сабақтары,өзіндік жұмыстар, конференциялар, ізденістік сабақтар,рефераттарды қорғау,шығармашылық баяндамалар,тесттілеу т.б. Осы аталған оқыту технологиялары оқыту сапасының мәселелерін шешуге ықпалын тигізеді,нәтижесінде жоғары білікті маман дайындалады:
Түпкілікті,қолданбалы білімі бар;
Жаңа, кәсіби біліктілікті жақсы меңгерген;өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға икемділігі бар;
Инновациялық білім кеңістігі аясында әдепті және азаматтық сипатқа ие маман;
Оқытушылар жаңа технология элементтерін қолдану арқылы сабақтарын жүргізіп келеді. Бірқатарын атап айтсақ:
«Бизнес жоспарды құру» тақырыбында,дамыта оқыту технологиясының элементтерін қолданып ашық сабақ өткізілді.(Интерактивтік тақтаны қолданып практикалық жұмыстың орындалуын көрсету арқылы студенттерге жеке тапсырмалар беріп, компьютер көмегімен орындатылды.Мұндағы мақсат-студенттердің әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу,мықтылары қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түссе,ал әлсіздері өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып,өзіне деген сенімсіздіктен арылады, студенттердің бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы). «Маркетингтік зерттеу кезеңдері» тақырыбында семинар сабағын, ойын элементтері арқылы өткізілді.«Бизнеспен танысу» курсынан өткен оқытушылар «Сұраныс пен ұсыныс» тақырыбында іскерлік ойын элементтерін пайдаланып,мастер-клас өткізді.«Нарықты сегменттеу,мақсатты нарықты таңдау» тақырыбында М.М Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясының «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойын элементтерін қолданып ашық сабақ өткізді. «Нарықтық сұраныс және оның икемділігі» тақырыбында ынтымақтаса оқыту технологиясы және этнопедагогикалық бағыттағы ойын элементтерін пайдаланып ашық сабақ өткізді.Жаңа технологиялар әдістерін практикалық сабақтарда компьютерде Excel бағдарламасын қолдану арқылы Статистика пәнінен диаграмма құруды,семинар сабақтарында Power-Point бағдарламасын пайдаланып презентация жасау,кредиттік технология элементтерін қолдану арқылы эссе, слайдтар, кейс тапсырмаларды орындату арқылы теориялық білімдерін бекіту жүргізілді. Кафедра оқытушылары арнайы пәндерді оқытуда компьютерлік оқыту технологиясын,тірек сызбалар,тірек конспектісі, проблемалық оқыту, ойын технологиясы әдістерін кеңінен қолданады.Бүгінгі күні әдіснамалық және дүниетанымдық мәдениеті жоғары,шығармашылық жағынан белсенді, өзінің кәсіби іс-әрекеттеріне икемділік пен қабілеттілік таныта алатын маман дайындау міндеті тұр.Бұл міндетті шешудің бір жолы студенттерге дайын ғана білімді беріп қоймай,олардың теориялық көзқарасын негіздеуге, пәндік-практикалық тәсілдерді игеруге шақыру болып табылады. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі-тапсырмалар жүйесі. Мұндағы мақсат-әр студент бойына сенімділік,өзіне жауап беру қабілетіне сүйену, ар-намыс және өзін-өзі сыйлау қасиеттерін дамыту болып табылады.Студенттер сабақ барысында өткізілген тақырыптар бойынша қосымша мәліметтер (баспа материалдары, интернеттен) ізденіп өзіндік жұмыстар, рефераттар, баяндамалар, презентациялар жасап жинақтайды және экономикалық жаңалықтарға шолулар жасайды. Оқытушының студенттің ой-пікірін тыңдауы көзқарасын дәлелдеуге тырысуына мүмкіндік беруі,оқитын пәндердегі тақырыптарын өмірмен байланыстыру арқылы өз мамандықтарының қажеттілігін жете түсінуін,бағалауын ұғындыру аса маңызды іс. Сонымен, дамыта оқыту технологиясын қолданудың нәтижесі төмендегідей болды:
-студенттердің еркін сөйлей білуі;
-сабаққа ынтасы,белсенділігінің артуы;
-мақсаткерлік,дербестік қасиеті;
-танымдық қызығушылығы;
-шығармашылық қабілетінің артуы.
Арнайы пәндерді оқытуда оқытудың белсенді әдісі,оның ішінде сабақта тірек конспектілерін қолдану-білімді тереңірек алуға,өз мамандығын меңгеруге және есте жақсы сақтауға қолданылады.
Қорытындылай келе, студенттің шығармашылық дербестігін дамыту, жалпы адамзаттық құндылық бағытын қалыптастыру, қоғамның белсенді мүшесі болып еңбек етуге және өмір сүруге, кәсіптік білімін жалғастыруға бітіруші түлекті қамтамасыз ету-негізгі міндетіміз.

№ Топ Пікір Ұсыныстар Қосымша
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.