Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қарсылықты  салалас құрмалас сөйлем -

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 2708 | Размер: | Автор: гость
. Ахмедова Насиба Абдимажитовна,
№104 негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
ОҚО, Сайрам ауданы
Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы теориялық білімді меңгерте отырып, мысалдар келтіру жолымен, түрлы әдіс-тәсілдермен алған білімдерін тереңдету.
Табыс критерийлері: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы түсініктерін кеңейту; қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын меңгерту арқылы қарсылықты салаласты сөйлемнің ішінен ажырата алуы, қарсылықты салаластың сөйлемдегі орнымен атқаратын қызметін меңгерту. Синтаксистік талдау жасау.
Күтілетін нәтиже: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы теориялық білімді меңгереді, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын меңгереді, сөйлемнің ішінен қарсылықты салаласты ажырата алады, синтаксистік талдау жасай алады.
Модулдердің кіріктірілуі: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ақпараттық коммуникативтік технологиялар, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытудағы басқару және көшбасшылық, жас ерекшелігіне сай оқыту.

Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалім іс -әрекеті Оқушылардың іс -әрекеті Көрнекіліктер
3 мин І. Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Оқушыларды психология
лық дайындау.
Өзін -өзі реттеу.
«Гүл сыйлау» әдісі Сыныпқа ену, оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, сәлемдесу және шеңберге жинау
Қадірлі оқушыларым,
Достық сырын тоқып ойға,
Әрқашан оны ұлықтаңыз,
Күн шуағындай қастағы жанды
Шашып нұрға бөлеңіз.

Керемет , олай болса, бүгінгі сабағымызға арқау болатындай жылы сөздерді бір-бірімізге жеткіземіз Орындарынан тұрып сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді және
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Баршаңызға құрметпен бас иеміз біз.
Бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді Гүлдер

4 мин Сынып оқушыларын өлең жолдарымен бөлу.
Сендердің озат ойларың мен кемел білімдерің елімізді қазір бізге алыста көз жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын күш .
Арқа сүйер, асқар тау тапқырларым,
Шуақ, нұрға бөлейді орталарың,
Шалқып, жайнап құлпырып жүргенімнің,
Шәкірттерім, сендердің арқаларың Қағаз қиындыларын таратып, жинау арқылы бөлінемін. Қағазға жазылған өлең қиындылары
5 мин «Екі өтірік, бір шынды» әдісі
Джиксо Топқа тест таратамын және шартын түсіндіріп кетемін.
Джиксо әдісі бойынша жауаптарды тексеру үшін топтардың ауыстыруына нұсқау беремін. Алдарына берілген тестті топтасып орындап, оны топ болып тақтада қорғайды, егер дұрыс нұсқасы болса, сатып аламын, дұрыс емес болса, сатамын деген сөздермен жауап береді.
Тестті тексереді, нәтижесін талқылайды.
А4 қағазындағы тест

16 мин Негізгі бөлім (жаңа сабақ) Топқа бөлу
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
4 сурет, бір сөз әдісі
Индидуалды әдіс
«Жұбын тап» Жаңа сабақты суретті көрсету арқылы ашамын. Сен ешқашан қарсы пікір айтып көрдің бе?Ешқашан қарсылықты білдірмеу мүмкін емес қой.Дегенмен қарсы пікір айту дұрыс емес деп те есептейтіндер бар. Пікір айтқан адамды сыйлау керек, бірақ өзіңнің пікіріңнің дұрыс екенін дәлеледей алсаң ғана,орынды қарсы пікір білдірген жөн. Мақал- мәтелдер жалғаулықсыз, сөйлемдер жалғаулықты түрін таратамын 1- Топ Қарсылықты салалас дегеніміз не Жалғаулықтарын қарастырады.мысалдар келтіреді.
2- Жалғаулықсыз түрі және тыныс белгілерін қарастырады..Мысалдар келтіреді.
Екі топ өз мысалдарын сәйкестендіреді Әр топқа берілетін тапсырмалар жазылған А4 қағазы, оқулық
7мин Сабақты бекіту
Талдау Оқулықпен жұмыс 155- жаттығу (ауызекі)
Берілген мақал-мәтелдерді, сөйлемді оқытып, талдау
Синтаксистік талдау жасайды. Оқулық, үлестірме қағаздар
3мин Сергіту «Бинго» Бинго ойынының шартын қайталап өтемін Оқушылар өздеріне берілген бингодағы қарсылықты салаластың жалғаулықтарын тауып жазады және сыйлыққа ие болады. Кеңсе заттары
3 мин Бағалау.
Топтық бағалау
2 мин Үйге тапсырма
«Эссе жазу» 156 –жаттығу.
«Бәрі де өз қолыңда» Құрамында қарсылықты салалас құрмалас сөйлем қатыстырып, эссе жазады Оқулық, дәптер, калам.

4 мин Рефлексия. Оқушыларға жасыл, қызғылт түсті стикерлер таратады. Олар мына сұрақтар төңірегінде: --
-Не ұнады?
- Не ұнамады?
- Не білгің келеді? Оқушылар «Бағдаршам» стикерлерге бүгінгі өткен сабақ бойынша
- Ненің ұнағанын
- Ненің ұнамағанын
- Не білгісі келеді? деген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады. Түрлі-түсті стикерлер
Бағдаршам.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.