Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Қартқожаның туған жері. Ж. Аймауытов -

Қартқожаның туған жері. Ж. Аймауытов

Сабақ жоспары | Документы | Қосымша сабақ жоспары Загрузок: 0 | Просмотров: 4039 | Размер: | Автор: гость
. Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық селосы
Чапаев атындағы бастауыш мектебінің мұғалімі
Утемисова Маргарита Жаманкуловна
Санаты: 1

Сабақтың тақырыбы: Қартқожаның туған жері. Ж. Аймауытов
Сабақтың мақсаты: Мәтінді зерттей оқып, мазмұнына мән беру.Туған
жерге деген сүйіспеншілігін туған тіл арқылы
жеткізуге болатынын сезіндіру.
Түйінді идея: Туған жерін сүю,құрметтеу.
Сабақтың түрі: Іздену, шығармашылық сабағы
Дереккөздер: Суреттер, слайд, үлестірме қағаздар. Оқулық,
парақшалар, интернет материалдары.
Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру.
оқушылардың назарын сабақ мақсатына аудару.Психологиялық дайындық.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Мәнерлеп жатқа айту.

3.Жаңа сабақ
І Қызығушылығын ояту
“Елес жетелеу” әдісі.
Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі, Кешке қарайғы малдың шуы, таңда шақырған әтештің дауысы. Ондағы түтіннің иісі де жағымды.
Ыстық қой шіркін ...
Кім сүймес оны !..
Электронды оқулықпен жұмыс.
ІІ Мағынаны тану.
Топпен жұмыс
І топ - Берілген сөздер ішінен осы әннің әуенін сипаттайтындарын теріп айт.
ІІ топ - “ Туған жерім” сөздерінің орнына дәл сондай ерекше мақтаныш
пен, көтеріңкі , әрі көңілді дауыспен айтылатын қандай сөздерді білесің?
Мәтінмен жұмыс.
Автор туралы мәлімет.
Электрондық оқулық арқылы “Жүсіпбек Аймауытов” ағашының бұтақтарын атау.
І топ - үзінділер беру
ІІ топ - үзінділер беру

Сөздік жұмысы
Үй басы – әр үй.
Ашамай – балаға арналып алдыңғы, артқы қастары айқастырылып
жасалған ер.
Ет бауыр жақын – өте жақын туыс.
Шерсіз – қайғы – мұңсыз.
Жетесіз – ақылсыз, ақымақ.
Ой қозғау.
І топ - Сілтеме табушылар ( мәтіндегі негізгі ойды анықтап тұрған,
оқиғаның ең қызықты жерін табу)
ІІ топ – Сөз тапқыштар (қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ, түтін иісі деген сөздерді пайдаланып, әңгіме құра.
“Автор орындығы”
“Ыстық қой, шіркін, туған жер” деп бастап өз ауылыңа, Отаныңа деген сезімдеріңді сөзбен жеткіз.
Жұптық жұмыс.
Ұйқасын тап.
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
-------------------------------------- ,
-------------------------------------- .
«Көршіңе әңгімелеп бер » әдісі.
Жұппен жұмыс.
Өзіңнің туған жерің туралы ойларыңды бөліс, әңгімеле.
ІІІ Ой толғаныс.
“Сұрақты ұстап ал “ әдісі бойынша
1. Қартқожаға не нәрселер қатты
әсер етті?
2. Мәтіндегі қандай сөздре ерекше
әсерлі болып көрінді?
3. Ж. Аймауытов кім?
4. Мақалды жалғастыр.
Туған жердей жер болмас,
-----------------------------------
5. Отан оттан да ...
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.