Меню
Назад » » »
Қарттарым – асыл қазынам
загрузка...

загрузка...
Қазығұрт ауданы Жаңабазар елді мекені
Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 8-сынып жетекшісі Апешова Қалипа Жақсылыққызы
Қарттарым – асыл қазынам
Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір – қасиеттер, имандылық,үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,нақыл сөздер,гүлдер,шарлар.
1.Кіріспе сөз:
А) Келген қонақтарды қарсы алу
2.Негізгі бөлім:
А) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;
Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;
В) Аталарымыздың оқушыларға берер кеңестері,оқушылардың сұрақтары;
С) Концерттік бағдарлама.
3) Қорытынды:
1. Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар,ақ жаулықты әжелер мен асқар таудай аталар,ұстаздар және оқушылар.
2.Жүргізуші: «Қарттарым –асыл қазынам» атты бүгінгі мерекемізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қарттарым жүректері неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқан.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір – бір дастан.
Таң атып күн де шыққан өздернің мен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып,
Өсиет жастарға айтқан сөздерің мен, - деп асыл қазына,арқа сүйер тірегіміз болып аман есен жүре беріңіздер.
1 –Ж. Ашық тәрбие сағатын ашып беру үшін сынып жетекшіміз Қалипа апайға береміз.
Дүниеге келер бір рет,
Дария –кеуде,тас мүсін.
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым,аман – саумысың?

Даламның исі бұрқырап,Қарттарым,аман – сау жүрші деп сайын даламыздың қазына қарттарын Сағи ақын жырлағандай,қашанда төрімізден қарттарымыз кетпеген халықпыз ғой.Дәстүр бойынша 1 – қазан бүкіл әлемдік қауымдастық Халық – аралық қарттар күні деп аталады.
Бул мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып есептеледі.
Ендеше біздің сыныбымыздың сіздерге арналған тәрбие сағатымызды бірге тамашалайық.
2 – Ж. Қарт дегеніміз – ағып жатқан дария,теңіз іспеттес.Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса,қарияларымыздың да білетіні сондай терең.
«Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген соөз осыдан қалса керекті.
1 – Ж. Ұлы отан соғыс жылдарында, сонау ел басына қиын - - қыстау күн туып,» ер етігі мен су кешкен,ат ауыздығы мен су ішкен» Аласапыран уақыттарда халықтың бейбіт заманда өмір сүруі үшін бастарын бәйгеге тігіп,өлім мен өмірдің ортасынан елін,жерін,тілін,дінін,салт – дәстүрін болашақ ұрпағына аман есен жеткізді,біз ,яғни жас ұрпақ сол үшінде қарыздармыз.
2 – Ж. Шақырады ойнасақ гүл даламыз,
Туған жерден нәр алып нұрланамыз
Елшібек батыр мектебінде оқып жатқан
Жеткіншектер өнерлі біз боламыз.
Әке туралы ән,(хор).
Мадина:
Біз балдырған баламыз,
Ақ апамыз панамыз
Шуағың мен жан апа
Әлі лаулап жанамыз.
Сөзі шырын бал апам
Өрге тартқан нар апам
Мың жасай бер біздермен
Жаны жумсақ жан апам.
Арайлым:
Кірді түн уйге есіктен
Жамылып қара жидегін
Тербете берді бесікті
Әженің айтып өлеңін.
Тербетіп отыр түн әже
Жылаған немерелерін
Баяндап отыр түн әже
Күн әженің де келерін.
Қалдыбек:
Мейірімі мол ананың
Жүрегі жылы қолы кең
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы жолы кең.
Аталар – асқар таудай қорғанымыз,
Аналар – саясы мол орманымыз.
Қызығын ұрпағыңның көре берші.
Ақылгөйім,асқар тауым ғұлама,
Аспанымдай мәнгі жаса құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды.
Қыздар тобының орындауында қазақша би:
Бекзат:
Көз алдымда сен турғанда улы Ана .
Тербетіп ақ бесікте аяладың,
Бойдағы ізгілікті аямадың.
Анашым озіңсін ғой сүйенерім,
Анашым озіңсін ғой сая бағым.
Көрініс: «Асау келін» оқушылар тобы
Ақжанның орындауында «Әже» Монолог
«Асыл әже» ән Орындайтын Аяжан.
Нұрбике:
Уақытша ғой қыс та, жаз да, көктемде,
Уақытша ғой жауған жаңбыр көктем де.
Уақытша ғой жайнаған бет ажары,
Уақытша ғой жас дәуреннің базары
Уақытша ғой баста қара шашта дағы
Уақытша ғой кәрілік те жасың да
Уақытша ғой атақ, даңқ, мақтауда.
Дильмира:
Таңнан тұрар тірлік деп тырбанып,
Қиянатқа, қынжылады мұңайып.
Жазық маңдай жақсылыққа бол басшы,
Адалдыққа, адамдыққа жүрді алып
Ұйқы сергек, уайым көп бұл шақта
Өжет өмір қол аяқты тұсапты
Бұл өмірден алатыны азайып
Басқа ізбен қалды қайрат күш артта.
2-Ж. Оқушыларымыздың өздерінің аталары-әжелері туралы дайындап келеген фото-монтажды тамашалаңыздар .(интерактивті тақтадан музыкалық әуен мен бірге көрсетіледі.)
Нартай мен Бағланның орындауында (Ән)

Сымбат:
«Аналар ғой өмірді гүлдендірген»
Аналар ғой баласын қатты сүйген,
Баласы үшін қамығып жаны күйген.
Келешегі баласының толғандырып,
Сан сұраққа жауап беріп ойын түйген.
Аналар ғой баласына қамқор болған,
Баласы үшін жан беруге дайын болған.
Жаны ауырса баласының бірге ауырған.
Қуанса анасының жасы ұзарған.
Аналарғой өмірді гүлдендірген,
Жүрегімен кең әлемді тербендірген.
Аялы алақаны жанға дәру.
Бөпесінде әлди айтып көндірген.
Назерке. «Қарттарға»
Бірталай Бақаныстың шалдары бар,
Білімді бәрінің де аңғары бар.
Жыл сайын алды көшіп, арты қалып.
Азайып бара жатқан сандары бар.
1-Ж. Сөз кезегін қадірменді ата-әжелерімізге берейік.
2-Ж.Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы заңдылық. Қарттардың тілегі –ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп,алдын болжауға тырысады. Қарттар- кісіліктің төресі.
2-Ж.»Бала өсіргің келсе,дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,-деп Әбу Насыр Әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты сөздерді балаларға халықтың қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарғаүйретіп, айтып отырайық.
Қалипа апай:
Мейірімі мол ананың,
Жүрегі жылы қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы жолы кең.
Аталар-асқар таудай қорғанымыз,
Аналар-саясы мол орманымыз.
Қызығын көре берші ұрпағыңның ,
Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

1-Ж.Құрметті қонақтар сіздерге арналған мерекеміз осыменен аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Келесі ашық тәрбие сағатында кездескенше аман-есен болыңыздар. Тәлімгер.орг Полный текст материала на тему Қарттарым – асыл қазынам можно смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен фрагмент материала

Авторы:

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 408 | Жүктеулер: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
avatar